Су көліктерін сауық-сайран құру мақсатында пайдалануға тыйым салынған. Осы бағытта арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін көліктік бақылау инпекциясы рейд ұйымдастырды. Оған полицейлер мен құтқарушылар қызметі де жұмылдырылды. Карантиндік шектеулерге байланысты қаладағы жағажайлар ашылып үлгермесе де, рұқсат етілмеген жерде шомылуға ниеттілердің қарасы көп-ақ. ҚР Көліктегі бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, ойын-сауық немесе экскурсиялық серуен құру мақсатында шағын су көліктерін пайдалануға тыйым салынған еді. Ал тәртіпке бағынбағандарды айыппұл күтіп тұр. – Жаңа бір шағын көлемді кеме тоқтатылып, ескерту жасалды. Арнайы куәлігі болмауына байланысты оның жүргізушісіне 15 АЕК айыппұл салынды, – дейді Атырау облысы көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Мереке БАЙМҰХАНОВ Наурыз айынан бергі…
Автор: Сайт әкімшілігі
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тексеру үшін Атырауға келіп-кетті. Үкіметтік делегация Атырау облыстық №2 ауруханасына барды. Мұнда індет басталғалы 1 557 адам коронавирус инфекциясымен түсіп, 1 386-сы жазылып шығыпты. Жедел-жәрдемге түсетін қоңырау саны да 1200-ден 700-ге дейін азайған. – Қоңыраулар саны едәуір азайды. Тіпті, екі есеге десек те болады. Індет күшейген кезде 1200–1300-ге дейін шақыртуылар түскен. Ал қазір тұрақталып келеді, – дейді Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз БАЙМОЛДАЕВА Облыстық әкімдікте өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру бағытында жиын өткізілді. Онда медициналық мекемелерді өкпені жасанды желдету аппараттарымен және оттегі концентраттарымен толық жабдықтау жолдары да…
Ақтауда ақылы жағажайда қаумалаған жұрт арқа-жарқа суға шомылып, мәре-сәре болып жүр. Мұнда арақашықтықты сақтау, бетперде тағу талаптары мүлдем сақталмаған. Ал жағажайдың кіреберісінде қызметтердің түрі мен бағасы тайға таңба басқандай жазылған. Мұнда демалушыларға күні бойы қызмет көрсетіледі. Ақылы жерге кіруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Ал тегін жағажайлардың аумағы қоршалып, уақытша жабылғаны белгілі. Блок-бекеттер қойылып, сақшылар күні бойы күзетіп, теңізге келушілерді өткізбейді. Бұған тұрғындардың көбі наразы. – Өздеріңіз көріп тұрғандай, блокпосттар қойылған. Полицейлер ішке кіргізбей жатыр. Себебі, карантиннің күшейтілуіне байланысты тыйым салыпты. Бірақ бір түсінбейтініміз, неге ақылы жағажайлар ашық та, ақысыз жерлерді жауып тастаған? Мүлде түсініксіз, – дейді тұрғындар. Жергілікті бас санитардың…
Биыл жол-көлік оқиғасы 56,7 процентке азайған. Мұның негізгі себебі – карантиндік шектеулер кезінде автокөліктердің қозғалысына тыйым салынуында, – дейді полицейлер. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 35 көлік апаты болса, былтыр дәл осы уақытта 81 оқиға тіркелген. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы жол көлік оқиғасы да 73,3 процентке кеміген. – Биыл 6 адам қаза болса, былтыр 10 адам қайтыс болған және осы жылы 36 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түссе, өткен жылы 94 адам дене жарақатымен ауруханаға жүгінген. Наурыз айынан басталған карантин және төтенше жағдайға байланысты автокөліктердің жүріс-тұрысы азайған болатын. Көрсеткіштің төмендеуіне негізгі себеп осы, – дейді Атырау қаласы полиция басқармасының бастығының бірінші орынбасары…
Нұрсая ықшам ауданының 15 мыңнан астам тұрғыны бір ай ыстық сусыз күн көрмек. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, тамыздың 27-сіне дейін орталық жылу жүйесіне қосылған 100 шақты тұрғын үйдің жылу құбыры қайта жаңартылады. Олардың түсіндіруінше, мұның бәрі қысқы мезгілде құбырдағы апатты жағдайлардың орын алмауы үшін жасалатын көрінеді. – Нұрсая ықшамауданындағы 97 тұрғын үйге жылу құбырын жеткізетін диаметрі 426 магистральді жылу жүйесі қайтадан жаңартылады. Жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын күрделі жұмыс Нұрсая ықшамауданы тұрғындарының осыған дейінгі арыз-шағымдарын ескере отырып жасалғалы отыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – дейді қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Аңсаған САҒЫНБАЕВА Жауаптылардың айтуынша, тек нұрсаялықтардың ғана емес,…
Атырауда велосипедті қолды қылу жиілеген. Қызығы, оны ұрлайтын да, ұрлатып алатын да жасөсіпірімдер екен. Қалада жыл басынан бері осы сарынды 70 оқиға тіркелген. Оның 50-і табылып, иесіне қайтарылыпты. – Велосипед ұрлығы көбінде жаз айларында болады және көпқабатты үйлердің кіреберісінен қолды қылып жатады. Мұндай қарақшылыққа баратын тек ер балалар емес, қатарында қыздар да бар, – Атырау қалалық ПБ КП бөлім басшысы Ануар Төлегенов. Қолының сұғанағы барлар әдетте тұрғындардың көзіне түсе бермейді. Әйтсе де, ауладағы бейнебақылау камералары арқылы талай ұрлықтың беті ашылған. Алдымен көпқабатты үйдегілердің көңілін аулап есік ашуын өтінетін кішкентай ұрылар ойындағысын оп-оңай іске асырады. Мүлкіңізден айырылғыңыз келмесе, оны ерінбей өзіңізбен…
Аудандардағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Індет басталғалы Мақат пен Жылыой вирус жұқтыру жағынан көш бастап тұрған еді. Қазір тәулігіне тіркелген 180-ге жуық адамның 40 пайызы осы аудандарда. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері айтты. Шілденің басында дертке шалдыққандардың өсімі 10 пайызға дейін болса, қазір 2 пайызды көрсетіп отыр. Сондықтан облыстың бас санитарлық дәрігері карантиндік шектеулерді әлі де қатаң түрде сақтауға шақырады. – Облыс бойынша коронавирус жұқтырғандардың 40-тан 60%-ке дейінгісін кен орындарының қызметкерлері құрап отыр. Қалғандары Атырау облысының басқа да аудандарының тұрғындарынан анықталған. Алайда кен орындарындағы жағдай тұрақталып келеді. Жұмысшылар мен қызметкерлер барлық шектеуді қатаң сақтап жүр, – деді Атырау облысының…
Осыдан екі ай бұрын итті қылқындырған атыраулық тұрғынға қатысты дау тағы да қыза түсті. Болған жағдайдан кейін бейнежазба арқылы кешірім сұраған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Дегенмен әлеуметтік желіде қылмыстық істің жылы жабылғандығы туралы ақпарат тарауда. Жануарлардың тағдырына бейқам қарамайтын жандар қалалық прокуратураға шағымданып, иттен басталған «әңгімені» қайта қозғауды сұрапты. Нәтижесінде, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім күшін жойды. – Атырау қалалық прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеу органының істі қысқарту туралы шешімінің күші жойылып, қазіргі кезде қалалық полиция басқармасында қосымша тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Атырауға Өзбекстан мен Ресейден гуманитарлық көмек келді. Жәрдемдесушілер қорғаныш құралдарын әдеттегідей молынан жіберіпті. Екі елден 140 мыңға жуық түрлі медициналық қолғап пен 118 мыңдай бір реттік бетперде және респиратор келген. Көрші мемлекеттерден жеткен көмекті «СК Фармация» мекемесі қабылдап алып, облыстарға бөлді. Бұл жолғы көмектің ерекшелігі – 230 «Коронавир» препаратының келуі. Ресейден жіберілген бұл дәрі-дәрмек коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасында бар көрінеді. – Бүгінгі таңда коронавирдің бәрі стационарлық деңгейде емделетін науқастарға пайдаланылады. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасымен қатар облыстық және аудандық ауруханаларға да таратылады. Негізі, келген гуманитарлық көмектің бәрі ең алдымен «СК Фармацияның» қоймасына түсіп, содан кейін емдеу мекемелерінің сұранысына орай жан-жаққа таратылады,…
Коронавирус жағдайына байланысты, аймақта емханалардың онлайн режимдегі жұмысы жалғасуда. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта емханалар 8.30–18.00 сағат аралығында тұрғындарға онлайн режимде кеңес беріп жатыр. Ал пациенттерді мазалаған мәселелер бойынша сенбі күнгі кеңесті сағат 15.00-ге дейін кезекші дәрігер береді. Егер шұғыл жағдай орын алып немесе созылмалы ауруы бар науқасқа ауруханаға жататын жағдай туындайтын болса, учаскелік дәрігерге хабарласу арқылы анализ тапсыруға жолдама ала алады. Анализ таңғы сағат 8.00–9.30 аралығында алынады. – Қазіргі уақытта емханалар жүкті әйелдерден анализ сынамаларын алуда. Және акушер-гинекологтар қабылдауды емханаларда жүргізіп жатыр. Олардан басқа жекелеген мамандар да…
