Атырау облысы бойынша 42 500 теңге алуға 6 мыңнан аса адамнан өтініш түскен. Жедел штаб оның 3 мыңға жуығын қанағаттандырыпты. Қалғанына беріле ме, жоқ па – тексеріліп жатыр. Жұмысынан айырылғандар жәрдемақыға өтінішті өздері бере алады. Ал ақысыз демалыстағылар үшін ұсыныс басшылық тарапынан ғана жіберіледі. Олай болмаған жағдайда 42 500 теңгеден үміттенбесе де болады. Жедел штаб қабылданған өтініштер бойынша 2-3 күн ішінде шешім шығарады. – Штаб 800-дей арызды кері қайтарып отыр. Өйткені, бірінші төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алып, қазір жұмыс жасап жатқандар бар. Өтінішті әр түрлі жерде қатарынан бірнеше рет тапсырып жатқандар бар. Көрсетілген электронды жүйе арқылы тек біреуімен…
Автор: Сайт әкімшілігі
Ақтауда көпбалалы он шақты ана өңір басшысынан көмек сұрап, облыс әкімдігінің ғимаратына жиналды. Ішінде Үкіметтен берілетін жәрдемақымен күнелтіп, пәтер жалдап жүргендері де бар. Олар алдағы тамыз айында алатын атаулы әлеуметтік көмектің қысқартылмауын өтінеді. – Атаулы әлеуметтік көмекпен пәтерақыны төлеп отырған едік. Ал енді 4 баладан бастап берілетін өзімізге тиесілі жәрдемақыны кіріс ретінде есептеп, тамыздағы АӘК-ті қысқартпақшы, – деп шағымданады көпбалалы ана Гүлсәнім Аламбаева. Көпбалалы аналардың сөзінше, олар ай сайын кідіріссіз АӘК алып отырған. Неге екені белгісіз, заң бойынша берілуі тиіс көмек тұралап қалыпты. Ал келер айдан бастап, тіпті, бұл жәрдемақы қысқаратын көрінеді. Жиналған әйелдер осы үшін алаңдаулы. – Бірінші және…
Қазақстандық бизнес-қауымдастық бастаған челленджді атыраулық кәсіпкерлер де іліп әкетті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Менің атамекенім» қоғамдық қоры ұйымдастырған марафонның алғашқы күнінде тоғыз жергілікті атыраулық компания қатысқан еді. Жұмыла кіріскен істің нәтижесінде 200 азық-түлік қорабы жиналды. — Осы үш айдан бері Атырау бойынша да, еліміз бойынша да індетке байланысты көптеген шаралар жасалып келе жатыр. Бәріміз бұл індетті бірліктің арқасында жеңбесек, қиын болады деп ойлаймын, — деді кәсіпкер Әлібек Семғалиев. Қораптар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға таратылды. Ал оларды қажетті орынға жеткізу үшін еріктілер көмектесті. — Мұндай көмек ешқашан артық етпейді. Берілетін қораптар өте қажетті деп ойлаймын. Себебі, жұмысынан айырылып, жалақысыз…
Атырауда көршілерінің қонақ шақырғанын байқаған тұрғындар бірден құқық қорғау органдарына хабарласқан. Індеттің індеп тұрған мезгілінде вирустың одан бетер таралмауы үшін осындай қадамға да баруға тура келген екен. – Күні кеше үйінде баласының туған күнін тойлаған қала тұрғынына айыппұл салынды. Мерекелік шараға 15 шақты адам қатысқан. Оны тұрғындар байқап қалып, құзіретті органдарға хабарлаған. Құқық қорғау қызметкерлері дереу іске көшіп, жеке тұлғаға 30 АЕК көлемінде айыппұл салған, – деді Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабұлов. Атырау облысында соңғы 10 күнде карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін 73 әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде, 38 жеке, 35 заңды тұлғаға жалпы көлемі 13,5 млн. теңге айыппұл салынған.…
Атырауда үш жарым мың шоқыр шабағы табиғи мекеніне жіберілді. Жас балықтар бекіре балық өсіру зауытының 10 тоғанында екі айдан астам уақыт өсірілген. Енді салмақтары талапқа сай келгендіктен су айдынына аттанды. – Балықтардың орташа салмағы 13-14 грамды тартады. Ең азы 4-5 грамм. Шабақтар өмір сүруге әбден бейімделген. Мұның бәрі – біздің балықшылардың еңбегі, – деді бекіре балық өсіру зауытының директоры Рашиден Халидуллин. Шабақтарды жіберу жұмыстары орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, жергілікті атқарушы орган, ғылыми ұйымдар өкілдері мен табиғат пайдаланушылардан тұратын арнайы комиссияның бақылауымен өтеді. – Атырау бекіре балық өсіру зауытымен жыл сайын 300 мың дана бекіре тұқымдас шабақты шығаруға…
Атырауда оқушылар 1-қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқиды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі. Шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда, 1-қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1–11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсаны қашықтан оқытылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. – Шалғайдағы ауылдық мектептер мен кезекші сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша мектеп қабырғасында өткізілетін сабақтарға қатыса алады. Қызылқоға, Құрманғазы, Махамбет, Исатай және Индер аудандарында 26 шағын жинақты мектеп бар. Онда 1 853 оқушы бар. Балалар бір кабинетте 10-15 адамнан ауысым бойынша оқиды, ал үзіліске әртүрлі уақытта шығады. Сондай-ақ, мектепке…
«Теңізшевройл» компаниясы Атырау облысына көмек ретінде тағы 1 млрд. теңге бөлді. Компания осыған дейін де облыстағы күрделі жағдайды қолдау үшін 2 млрд. теңге аударған еді. Бұл туралы ТШО-ның баспасөз қызметі хабарлады. – Бөлінген қаржы мдициналық құрал-жабдықтар мен сол салаға қажетті басқа да бұйымдарды сатып алу үшін бөлінді, – деді ТШО компаниясының бұқарамен байланыс бөлімінің басшысы Рзабек Артығалиев. Бір млрд. теңгенің бір бөлігі 40 оттегі концентратын сатып алу мен жеткізіп беруге, сондай-ақ, ауруханаларға таратылуы керек жеке қорғаныс құралдарына бағытталған. Сонымен қатар, бүгінге дейін ТШО өзінің жеке қорынан алты оттегі концентратын Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына сыйлаған еді.
Әр ауданға аттанған көмекте 10 мыңға жуық медициналық маска, 20-дан аса қорғаныш киімі, 120 парацетамол, 500 дана шприц, 3000-нан астам қолғап пен танометр бар. Күні кеше облысымызға Ресейден «Каспий Евразия» орталығының ұйымдастыруымен жеке қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмек келген еді. Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттерінің қауымдастығы атыраулық білім ошағына да 250 келіден асатын көмек бөліпті. Ал оны жинауға көршілес елдегі ЖОО-нан бөлек қазақ, армян, ноғай, еврей және түрікмендерден құралған ұлттық қауымдастық мүшелері атсалысқан. Енді бұл жүк Махамбет және Индер аудандарындағы ауруханаларға жол тартты. Яғни, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің аудандарға жасаған гуманитарлық көмегі ретінде жіберілді. – Осы «Добро-соседство» акциясын…
Облыста жедел жәрдемге түсетін шақыртулар саны 25 пайызға азайған. Денсаулық сақтау министрі соңғы екі аптада коронавируспен күрестегі ахуал тұрақтанды деп хабарлаған болатын. Айтқандай-ақ, нәтижелі жұмыстың арқасында оң өзгерістер мұнайлы өңірде де байқалып келеді. – Қазіргі таңда шақыртулар тұрақтанды. Жедел жәрдем шақыру Атырау облысында 25 пайызға азайған. Себебі, диспетчерлік бөлімде поликлиникадан дәрігерлер онлайн-консультация беріп отыр. Ол да көп көмегін тигізді, – деді Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаева. Қуантарлық жағдай тек осы емес, он күн бұрын іске қосылған екі covid-такси үшіншісімен толықты. Сондай-ақ, жедел-жәрдем қызметіне 14 маман қосылған, тағы 10-ы келеді. Бұл – індетпен күресте күн-түн…
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында мемлекеттік органдардың коронавируспен күресуде атқарып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды. Денсаулық сақтау министрлігі екі апта ішінде жедел шараларды қабылдау арқасында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізгенін мәлімдеді: – COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,3-ке дейін төмендеді; – сауығып кеткендердің саны 60%-ға артты; – жедел жәрдемді шақырулар саны 31%-ға, оның ішінде COVID бойынша шақырулар 19%-ға қысқарды; – реанимациялық төсек-орын саны 12%-ға, стационарлардағы төсек-орын 81%-дан 56%-ға дейін төмендеді; Сонымен қатар, жедел штаб Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жұмысына көңіл толмайтынын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-бен күрес бойынша өңірлер рейтингісінде…
