Автор: Сайт әкімшілігі

«ҚазМұнайГаз» мемлекеттік компаниясының басшысы Алик Айдарбаев Атырау облысына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесіп, өңірде орналасқан кен орындарындағы эпидемиологиялық жағдай мен індетпен күресуге бөлінген демеушілік туралы әңгіме қозғады. – Біздің осы өңірде орналасқан мекемелеріміз жергілікті әкімдікпен бірлесіп тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, «ЕмбіМұнайГаздың» өзі медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс бұйымдарымен қатар станционарларға арнап ас-ауқат және тұрмыстық техника үшін 300 млн. теңге бөлді. Осындай қиын жағдайда басқаларға көмектесу – әркімнің азаматтық парызы, – деді Алик Айдарбаев. Сонымен қатар, ол «ҚазМұнайГаз» компаниясына қарасты жергілікті мұнай мекемелерінің басшыларымен селекторлық кеңес өткізді. Жиында қиын жағдайдағы дағдарысқа қарсы іс-әрекет пен пандемиямен күресте…

Read More

Атыраудағы провизорлық стационар тағы да жаңа медициналық құрылғымен толықты. «West Dala» ЖШС қазір сұранысқа ие 10 пульсоксиметр мен 10 оттегі концентратын алып берді. Қазір өлім мен өмір арасында жатқан әр науқасқа бұл ауадай қажет. Қай стационарға барсаңыз да, мұндай жабдықтарды қуана қабылдайтыны анық. – Бұл – өте қажет, өте керек нәрсе. Қазіргі таңда бізде бұл аппарат бар. Бірақ әлі жетпейді. Мұқтажбыз. 1-2 адамға көмектеседі. Кезекпен саламыз. Негізінен ауыр науқастарға пайдаланамыз, – деді қалалық провизорлық станционардың дәрігері Дәурен Шанаев. Медициналық аппараттар аудандарға да жөнелтілді. Нақтырақ айтсақ, құрылғылар алты-алтыдан қалалық стационарға, қалғандары Қызылқоға мен Махамбет ауданына жіберілді. Дәрігерлердің айтуынша, жағдай тұрақталып келеді.…

Read More

Атырау аспанын қара түтінге ораған ұшақ тұрғындардың ойын сан-саққа жүгіртті. Бірі зиянкес жәндіктерді улады деп болжаса, енді бірі дезинфекция деп топшылады. Тіпті, ауа арқылы вирус таратып жатыр деп күдіктенгендер де болды… Әуежай мамандары осы пікірлердің барлығын жоққа шығарды. Олар бұл құбылысты әуе кемелерінде кездесетін әдеттегі жағдай деп түсіндірді.  – Бұл – 1960 жылдары шығарылған АН-12 әуе кемесі. Өте ескі. Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы нәтижесінде қара түтін пайда болды. Бұндай жағдай тек әуе кемелерінде ғана емес, автокөліктерде де кездесіп жатады. Сондықтан тұрғындардан жалған ақпараттарға сенбеуін өтінеміз, – деді Атырау халықаралық әуежайының инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Ким. Оның айтуынша, АН-12 жүк…

Read More

Ақтауда үш ай бұрын сүріліп тасталған жолдар жөнделмей, белгіленген мерзімнен кешіктірілуде. Жоспар бойынша асфальт төселіп, барлық жұмыс өткен айдың ортасында аяқталуы тиіс еді. Алайда «баяғы жартас – сол жартас» күйінде қалған. Ойран-топыры шығып жатқан жолдың ұзындығы бес шақырымнан асады. Бұл өз кезегінде жүргізушілердің қозғалысына қиындық туғызуда. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жоспар республикалық қазынадан бөлінген қаражаттың кешіктірілуіне байланысты жүзеге аспай қалған. Одан кейін битум зауытта асфальттың болмауы кедергі болыпты. Бірақ аталған жол жөндеу жұмыстары алдағы үш-төрт күнде тәмамдалады дейді. – Бітпей жатқан негізгі себебі – битум мәселесі. Мердігерлер битум күтіп отыр. Облыстық әкімдік те араласып жатыр. Битум мәселесі шешілсе, екі күнде төсейді,…

Read More

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен кездесті. Жүздесуде пандемия жағдайындағы өндірісті дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады. – Қазіргі уақытта бірінші кезекте індетке қарсы жасалып жатқан жұмыстар мәселесі өте өзекті. Мұнай-газ саласында тек Атыраудың ғана емес, еліміздің көптеген өңірлерінен келген азаматтар еңбек етіп жүр. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, өндіріс жұмыстары тоқтаған жоқ. Десе де, вахталық ауысым мәселесіне өзгерістер енгізілді. Карантиндік талаптар жағдайында жұмыс жалғасуда. Өндірісті дамытып, экономикада жоспарлы көрсеткіштерге жетуіміз керек. Біздің мақсатымыз – өндірісті және жұмыс орындарын сақтап қалу, – деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы Алик…

Read More

Білім грантына өтініш тапсыру уақыты 30-шілдеге дейін ұзартылды. Құжаттарды қабылдау egov порталы мен ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, биылғы абитуриенттерге 086 медициналық анықтама талап етілмейді. – Құжат тапсыру мерзімі 13-шілде мен 20-шілде арасында болатын. Бірақ қазір оны 30-шідеге дейін созды. Себебі, egov порталында кейбір талапкерлердің тарапынан электронды қолтаңба алуда кедергілер болуына байланысты қазір виртуалды ЖОО-на қабылдау жүйесі арнайы зум бағдарламасы арқылы онлайн түрде, яғни, кез келген талапкерді қабылдап, оларға қажетті кеңес беріліп, құжаттар қабылдау жүріп жатыр, – деді Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ ректоры Саламат Идрисов. Грант қорытындысы 15-тамызда белгілі болады. Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша жаңа…

Read More

Дәріхана иелері дәрі-дәрмек бағасын көтеруді тоқтатпай тұр. Соңғы екі күнде жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында полицейлер препараттардың бағасын негізсіз қымбаттатқан бес деректі анықтаған. Ал өткен екі аптада тәртіп сақшылары 40-қа жуық заңбұзушылыққа тосқауыл қойыпты. – 5-шілдеден бері дәрі-дәрмектерді осындай жоғары бағамен сатудың 40-тан астам дерегі әшкереленді. Бұдан басқа, Атырау полиция қызметкерлері дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды заңсыз сатудың 7 фактісін анықтады. Барлық анықталған деректер бойынша жинақталған құжаттар Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, – дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Read More

Атырау ауылдық округінің халқы суға жарымай отыр. Тұрғындар малға да, егінге де пайдаланудың кесірінен ауыз судың қысымы азайып қалатынын айтады. – Егер Жайықтың суын әкімдік бізге тартып беретін болса, бақандай 3 мәселеміз шешілмекші. Ауыл сыртына өзеннің суымен толатын астау жасап қойса, мал ауыл арасына кірмес еді. Екіншіден, ауыл арасына ағаш егіп, жастар көгалдандыру жұмыстарына атсалысатын еді. Сондай-ақ, Атырау су арнасынан келетін судың да қысымы көтерілер еді, – дейді Атырау ауылдық округінің тұрғыны Жорабек Охасов. Шағымданғандардың сөзіне сенсек, 10 мыңнан астам халқы бар ауылға Жайықтан су тарту жұмысы осыдан үш жыл бұрын қолға алынған. Тіпті, бюджеттен қаржы бөлініп, арнайы құрал-жабдықтары да…

Read More

Интернет Қазақстандағы карантиндік режим басталғалы алаяқтардың арам ниетін жүзеге асыратын орынға айналды. Осы жылдың алғашқы алты айында тіркелген алаяқтық сарындағы оқиғалардың жартысынан көбі әлеуметтік желі арқылы жасалған. Сондай қаскөйлердің қармағына түскен Махамбет те «ұтысқа ие болдыңыз» деген хабарламаға алданып қалғанын айтады. – Мен интернет желісінде алаяқтарға тап болдым. Құнды дүние ұттың деп маған хабарлама келді. Сіз бізге жеткізіп беруге кететін шығынның ақшасын жіберіңіз деген соң, айтқандарын жасадым. 1 аптада келуі тиіс ұтысым кешіккен соң, оларға хабарлассам, телофонды да алмайды, хабарламама да жауап бермеді, – атыраулық Махамбет Мұғалімов. Бірақ ол өзінің алаңғасарлығы үшін алаяқтардың үстінен шағым түсірмеген.  – Ғаламтордағы алаяқтық көбіне…

Read More

Атырауда маса улау жұмыстарының 7-нші кезеңі жүргізіліп жатқанын облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Жергілікті мамандардың айтуынша, жылдан-жылға маса улау жұмыстары қиындап барады. Қансорғыш экологияның кез-келген жағдайына тез бейімделетіндіктен маса улауға арналған дәрілік заттарды үнемі өзгертіп отыруға тура келеді екен. Соңғы уақытта жаңа «мистраль» препараты қолданысқа еніп жатыр. – Бүгінде жаңа препараттың экологиямызға әсерін зерттеп жатырмыз. Яғни, «Мистраль» дәрісінің күші өте жоғары. Сол себепті, оның көлемін азайтып, тиісінше бұрын қолданыстағы «бомбей» препаратымен араластырдық. Соңғы аптада бұл дәрілік зат тәжірибеден оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта, жаппай улаудың 7-нші сатысында жүрміз, әлі 8, 9, 10-ыншы кезеңі бар, – дейді, биолог-энтомолог маман Айнагүл Дәулетиярова. Қалалық…

Read More