Автор: Сайт әкімшілігі

Жаңаөзен қаласында «Өзенэнергосервис» мекемесінің 50 шақты жұмысшысы кеңсе алдына жиналып, басшылыққа талап қойып отыр. Олар компания басшысынан жұмыстан себепсіз қысқартуды тоқтатып, жалақыларын көтеруді ұсынуда. Алайда жергілікті билік олардың бұл талаптары қисынсыз екендігін айтып, босқа байбалам салмауға шақырды. Жұмыстан қысқарту мәселесі енді тумайды деп те сендірді. – Қала басшылығы кәсіпорын басшылығымен бірге оқиға болған жерде жұмысшылармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ешкімнің қысқартылмайтынын сол жерде өздеріне айттық, – деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев.

Read More

Атырауда көлік жөндеу орталықтарының бірі отқа оранып, тұтынушыларға тиесілі 8 автокөлік жанып кетті. Оқиға кезінде ғимарат ішінен 50 литрлік 2 газ баллоны мен 70 литрлік 3 оттегі баллоны табылған. Қазір осы жағдай бойынша полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда. – Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 15 адам, 4 техника жұмылдырылып, сағат 20:00-де оқшауланған өрт 20:41-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталуда, – деді Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержанов.

Read More

Атырау облысы аумағында дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығы мен медициналық препараттар саудасының заңдылығын қадағалайтын мобильді топтар жұмыс атқарады. Алайда заңбұзушылық анықталған жағдайда дәріхана иелерін жауапқа тарту оңай шаруа болмай тұр. Бұған мобильді топ мүшелерінің жұмысындағы жүйесіздік себеп болып отыр. Мәселен, кей дәріханадағы препараттардың ішінара рұқсаты болмай шықты. Ал мобильді топ хаттама толтырудың орнына істі үнемі бір-біріне сілтеумен болады. – Мониторингтік топтың негізгі жұмысы – шектік бағаларды асырмау, алыпсатарлыққа жол бермеу мәселелерін қадағалау. Сондай жағдай анықталған жағдайда заңбұзушылықты көрсететін видео, фото материалдар департаментке тапсырылады. Заңсыздықты көре тұрып, хаттама толтырмауымыздың себебі, бұл мобилді топтың құзырына кірмейді, – деген уәж айтты Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін…

Read More

Атыраулықтар түрлі басқосулар мен қонақ шақыруын тоқтатар емес. Полицейлер жүргізген рейд барысында осындай 7 жағдай анықталды. Ал өткен аптаның өзінде карантин ережесі бұзылған 300-ден астам дерек тіркеліпті. Саудасын күйттеген кәсіпкерлер де шектеуге бағынғылары келмейді. Тексеріс нәтижесінде супермаркет, кафе-мейрамхана, кілем дүкені және көлік жөндеу орталықтарының санитария талаптарын орындамай, есігін уақытынан кеш жапқандықтары белгілі болды. – Эпидиеломогиялық тәртіпті сақтау мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен және полиция өкілдерінен құралған 20-ға жуық мобильдік топ 11-шілдеден бастап қала аумағында жұмысқа кірісті. Соңғы 3 күн ішінде облыс орталығында 80-нен астам карантин ережелерін бұзғандар анықталды, – дейді облыстық ПД ресми өкілі Гүлназира…

Read More

Атырау облысындағы ахуал мемлекеттік қызметшілерді де бей-жай қалдырмады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОД басшысы бос тұрған қызметтік көлігі мен жүргізушісін көмекке зәру тұрғындардың мұқтаждығына жұмылдыруды жөн көріпті. Департаменттегілер игі бастамаға басқа да мемлекеттік органдағылар үлес қосады деп сенеді. – Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Салауат Сыйлыбайұлының ұсынысы негізінде барлық мемлекеттік қызметшілерге үндеу жолданып отыр. Қазіргі кезде үйден шыға алмай ауырып жатқан, дәріге мұқтаж жандарға дәріханадан дәрі әкеп беру, олардың ем-домына апарып-алып келу және  медицина қызметкерлерін үйіне тасымалдауға, жұмысқа апаруға қызметтік көліктерді пайдалануды ұсынып отырмыз, – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОД ӘБ басшысы Сапарбай Қуанышев. Игі істің бастаушылары қашықтан…

Read More

Атыраудан сенат депутаттығына бес кандидат ұсынылды. Олардың төртеуі өз-өзін ұсынса, бір үміткер – облыстық мәслихаттың таңдауы. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов айтты. Атыраулық үміткерлер – әуежай байланысы, білім, өндіріс, сондай-ақ, темір жол саласының қызметкерлері. Олардың ең жасы – 44-те. – Осы ұсынылған адамдарды айта кетсек, өзін-өзі ұсынған кандидаттар – «АТМА-Атырау Әуежайы және тасымалдау» АҚ басқарма басшысының орынбасары Серік Сұмағұлов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі Атырау бөлімінің бас инженері Сағын Сейілханов, АМӨЗ департамент директоры Арыстан Серік және Қатира Дүтбаева атындағы колледждің директоры Қарабаева Айжан. Бір кандидатты облыстық мәслихат ұсынды, ол – Лұқпанов Сағындық, –…

Read More

Атырау–Орал тасжолында «Toyota Camry» автокөлігі аударылып, 4 адамның көз жұмғаны туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жол-көлік апаты бүгін сағат 00:30 шамасында Атырау–Орал тас жолының Атырау қаласына жақын маңда болған. — 1999 жылы туған азамат рөлге ие бола алмағандықтан көлік аударылған. Оқиға салдарынан екі адам сол жерде қаза тапса, көлік жүргізушісі мен бір жолаушы облыстық ауруханаға жетіп көз жұмды. Қазір тағы бір жолаушы әр түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, — деп хабарлады баспасөз қызметі. Аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Read More

Мұнай және газ өндіру саласындағы кадрларды дайындайтын республикадағы жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 22 сала бойынша білім береді. Биыл мекеме базасынан 150-ге жуық оқу гранты дайындалған. Университет абитуриенттерге дуалды оқу бағдарламасымен білім алуды және қаламыздағы орта білім беру мекемелерін аяқтап, ақылы негізге оқуға түсетіндер үшін 15%-тік жеңілдік қарастырып отыр. – Құрметті талапкер! С.Өтебаев атындағы АтМГУ құжаттар қабылдау 1-ші маусымнан басталды. Құжат қабылдау бізде электронды түрде өтіп жатыр. Электронды түрде, яғни, aogu.edu.kz сайтына кіру арқылы өзіңіздің құжаттарыңызды тапсыра аласыз. Керек құжаттардың тізімі осы сайтта көрсетілген. Қосымша қандай да бір сұрақтарыңыз болса, жауап беруге…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлік комиссиялардың жұмысын сынға алды. – Инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламалар аясында әкімдер мен министрлер жергілікті қамту үлесін 90 процентке дейін жеткізу міндеттемесін алған. Жыл сайын бұл мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі шамамен 2,8 трлн. теңгеге жетеді. Яғни, біздің экономикамызға 2,5 трлн. теңге құйылуы тиіс, – деді мемлекет басшысы. Алайда атқарылған міндеттер атүсті жасалады. Президенттің айтуынша, арнайы жоспарлау мен есептеудің бірыңғай жүйесінің жоқтығы кесірінен мемлекеттік органдар мен бас мердігерлердің жауапкершілікті сезінбейтіні және жергілікті қамту жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиянақты атқарылмайтыны байқалады.

Read More

Атырау облысында жеке зейнетақы шоттарының саны 2700-ге көбейген. Мамандардың айтуынша, ең көп ашылған мезгіл – сәуір мен мамыр айлары. Жалпы республика бойынша биыл зейнетақы шоттарының саны 1 миллионға артып, 11 миллионнан асты. Сондай-ақ, азаматтардың зейнетақы жарнасының көлемі де артқан. Бұл көрсеткіш облыс бойынша 29 млрд. теңгеге жетіп отыр. Атырау облысы бойынша бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден 42 млн. теңге түскен. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» ұсынған ақпаратқа сүйенсек, биыл өңірде белсенді салымшылардың көбейгенін байқауға болады. – Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты БЖЗҚ салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда. 2020 жылдың 1 маусымында қор қызметтерінің 90%-ынан астамы электронды форматта көрсетілген. Ал осы жылдың алғашқы…

Read More