Өз ауласында 90 келі марихуана сақтап келген жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетіне соттың шешімі шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Тексеріс барысында Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында тұратын әйел адам өзі сақтап келген 90 келі есірткініні сату арқылы пайда таппақ болған. Соттың шешімі бойынша, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды сату арқылы пайда табуды көздегені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Өткен жылдың 5-қыркүйегінде Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын істі болған Атамекен ауылының екі тұрғынын ұстаған еді. Тінту барысында олар тұратын үйдің ауласынан жерге көмілген есірткі…
Автор: Сайт әкімшілігі
Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігер-кардиологы Сержан Хасанов өкпе қабынуымен түсіп жатқан науқастар саны аз емес екенін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. – Науқастар көп жағдайда жедел жәрдемнің көмегімен, кейде өздері келеді. Компьютерлік томографияның және рентген қорытындысына сәйкес ем-дом тағайындалады. Қабылдау бөлімінде науқастың жағдайы ескеріледі. Атап айтқанда, клиникалық көрінісі, температурасы көтерілсе, ентігіп дем жетіспеген жағдайда нормативтерге сәйкес стационарға жатқызу немесе үйіне қайтару туралы шешім қабылданады, – деді ол. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта келушілер бұрынғыша ауруханаға емін-еркін кіріп шыға алмайтынын ескертті. – Науқастардың туыстарына стационарға келмеуге кеңес береміз. Анықтама бюросы бар, ол жерде барлық бөлімшенің телефон нөмірлері көрсетілген. Кез келген сұрақ бойынша хабарласуға…
Өткен тәуліктің қорытындысы бойынша елімізде 1 685 адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 743 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы – 213 / 103, Алматы қаласы – 241 / 134, Шымкент қаласы – 38 / 10, Ақмола облысы – 54 / 28, Ақтөбе облысы – 50 / 30, Алматы облысы – 54 / 27, Атырау облысы – 109 / 65, Шығыс Қазақстан облысы – 238 / 115, Жамбыл облысы – 42 / 23, Батыс Қазақстан облысы – 87 / 44, Қарағанды облысы – 175 / 79, Қостанай облысы – 54 / 17, Қызылорда…
Қызанақ пен қияр өсіру үшін Ақшұқыр селосында жылыжай салу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан жылыжай осы жылдың соңында толықтай іске қосылады деген жоспар бар. Жалпы құны 480 млн. теңге болатын жобаны кәсіпкерлердің өзі қаржыландырып отыр. Түпқараған ауданындағы 317 шаруа қожалығының 286-сы мал шаруашылығымен айналысса, қалғаны егін саласында еңбек етуде. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жаңа бизнес көзін ашу мен оны дамыту үшін осы күнге дейін Түпқараған ауданы бойынша 110 млн. теңге бөлінген. – Жарты жыл ішінде кәсіпкерлікпен айналысқысы келген 9 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, оларға 40 млн. теңге берілді. Бұдан бөлек, тағы…
Атырау облысы Президент қатаң сынаған өңірлердің қатарына енді. Қасым-Жомарт Тоқаев селекторлық кеңес кезінде әкімдер мен Үкімет тарапынан шұғыл шешімді талап ететін бірнеше мәселені атап өтті. Олардың қатарында дәрі-дәрмектің тапшылығы және қымбатшылығы, медициналық құрал-жабдықтардың, кадрлар мен зертханалардың жетіспеушілігі, сондай-ақ, статистикадағы елеулі қателіктер бар. – Біздегі ең үлкен мәселе – әуел бастан науқастардың Теңіз кенішінен шыға бастауы. Көбі Теңіз кенішінен анықталды. Сонымен қатар, бізде 100 мың адамға шаққанда 21 мыңнан астам адамнан тест алынады, скрининг жасалады. Бұл – республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Ал миллиондаған халқы болса да, көрсеткіштері бізден аз өңірлер бар. Егер өзге өңірлерде де біздегідей скрининг жасайтын болса, осындай көп…
Шетелден келген гуманитарлық көмек медициналық мекемелерге таратылды. Жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті түрде жеткізілуін енді арнайы мониторингтік топппен бірге 30-ға тарта белсендіден тұратын қоғамдық бақылау тобы бірігіп қадағалайды. – Қабылдап алу және тарататын кезде тиісті жерге жетіп жатыр ма – соның бәрін бақылау – біздің жұмысымыз. Екінші бағытта, дәріханадағы дәрі-дәрмектің бағасын қадағалау: қайсысы бар, қайсысы жоқ – соның бәрін тиісті органдарға жеткізіп отыру. Үшіншісі, ауруханаларымыздың жұмысын назарда ұстаймыз. Олардың жұмыстарына кедергі келтіру емес, қайта көмек көрсетуді қолға аламыз, – Атырау облыстық қоғамдық бақылау тобының өкілі Олжас Сүлеймен. Емдеу мекемелеріне жіберілген жабдықтар соңғы екі күндікте Геолог емханасындағы қоймадан алынған. Бақылау барысында облыстық…
Мұнай саласында қызмет ететін жергілікті бес компания өңірдегі ауруханаларға 10 өкпені жасанды желдету аппаратын алып берді. Бастаманы мұнай-сервис компаниялары одағы қолға алыпты. Жаны қысылған жандарға ауадай қажет құрылғылар тапсырыс арқылы Атырауға жеткізілді. – Ауырып жатқан халыққа көмегіміз тиіп, ары қарай жазылып кетуін тілейміз. Ауырсын деп алып жатқан жоқпыз. Аз да болса, қол ұшымызды беріп жатқанымыз деп түсініңіздер, – деді «NSS LTD» компаниясының өкілі Рашид Отаров. Компания өкілдері өздері бөлген қаржыға тек сапалы құрылғы алуды шешіпті. Өйткені, аппарат елдегі ахуал тұрақталғаннан кейін де қолданысқа жарауы тиіс. – Өкпені жасанды желдету аппараттары көп функциялы. Кішкентай сәбиден үлкен қарттарға да қолдануға болады. Ота кезінде…
Соңғы кезде Маңғыстауда өлім-жітім жиіледі. Мысалы, бір ғана «Бердібек әулие» зиратында айға жуық уақытта 230 мәйіт жер қойнына тапсырылған. Жерленгендердің дені – қауіпті вирустан көз жұмғандар. – Қайтыс боп жатқан адамдардың көбі – Мұнайлы ауданы мен Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан. Біразы – індетпен кеткендер. Оның ішінде жастар да бар, – дейді «Бердібек әулие» қорымының шырақшысы Жамбыл Нұрбаев. Індеттен қайтыс болғандар туралы нақты ақпар беретін уәкілетті орган көрінбеді. Ал шырақшының сөзіне сенсек, өткен демалыста жерленгендердің саны едәуір азайған. Ал шаhардан 20 шақырым жерде орналасқан христиандар қабірінде індеттің кесірінен қайтыс болғандардың саны 60-қа жеткен. Көр қазушылардың айтуынша, өлім саны күрт көбейіп кеткен…
Бұған дейін берісі әлеуметтік желі, әрісі парламент мәжілісінде көтеріліп келген мәселенің түйіні шешілгендей болды. Бірінші сынып оқушылары қыркүйектен бастап «Сауат ашуды» емес, қайтадан «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитыны туралы Білім және ғылым министрінің өзі жазды. Министр Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбуктегі парақшасына жаңа оқу жылының алғашқы екі тоқсанында шәкірттер «Әліппені» оқыса, үшінші және төртінші тоқсанның оқу бағдарламасына «Ана тілі» қосылатынын жариялады. Сонымен қатар, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда да «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізілетін болды. Аймағамбетов айтқан «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалып жатыр. Оқулық дайын болысымен алдын ала кей мектептерде сынақтан өткізіледі.
Ақтауда кәсібін құпия жолмен айналдырған бірнеше кафе, дәмхана, кәуапхана иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Себеп анық: олар карантин талаптарына құлақ аспай, қызметін жасырын атқарған. Ереже бойынша тамақтану орындары тұтынушыға жеткізіп беру әдісімен жұмыс жасауы тиіс еді. Заңды белден басқандарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабына сәйкес, 30 бен 200 АЕК аралығында айыппұл салынып, жинақталған іс сотқа жолданбақ. Айта кетейік, рейдтік іс-шаралар карантин уақыты аяқталғанша жалғасады. – Жалпы, облыс көлемінде осындай жұмыстарды жиі атқарамыз. Себебі, біздің осы күнге дейінгі ескертуімізге мән бермегендер көп болды. Енді осындай қатаң әрекеттерге көшпесек, түсініспеушілік арта бермек, – деді Маңғыстау облыстық жергілікті полиция басқармасы басшысының міндетін…
