Өз ауласында 90 келі марихуана сақтап келген жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетіне соттың шешімі шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеріс барысында Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында тұратын әйел адам өзі сақтап келген 90 келі есірткініні сату арқылы пайда таппақ болған.
Соттың шешімі бойынша, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды сату арқылы пайда табуды көздегені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өткен жылдың 5-қыркүйегінде Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын істі болған Атамекен ауылының екі тұрғынын ұстаған еді. Тінту барысында олар тұратын үйдің ауласынан жерге көмілген есірткі өнімдері тәркіленді.