Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда карантиндік шектеулер енгізілсе де, той-садақа ұйымдастырушылардың саны азаймай тұр. Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, соңғы 3 аптада осындай 60 жағдай анықталған. Бірі жүз шақты адам жинап құдасын шақырса, екіншісі келін түсіріп керемет той жасаған. Ал 57 отбасы еске алу рәсімін өткізген. Аталған деректер бойынша тұрғындар жауапкершілікке тартылатын болды.  Ерлан БИҒАМБАЕВ, Атырау қалалық ПБ басшысының бірінші орынбасары: – Карантиндік режимдерді бұзғаны үшін Атырау қаласында 600-дің үстінде құқықбұзушылық анықталып отыр. Қазір жинақталған құжаттардың барлығы Атырау қалалық СЭС мекемесіне жолданды. Бұл бағытта құқықбұзушылық жасаған азаматтардың барлығына 425-бапқа сәйкес, әкімшілік кодексте көрсетілген шара қолданылып жатыр. Полицейлердің тексерісі барысында 70-тен астам азық-түлік дүкені, қорғаныш құралдарынсыз…

Read More

Өткен тәуліктің есебі бойынша, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 49 адам тіркелсе, 9 адам симптомсыз тасымалдаушы ретінде анықталған. Осыған дейін облыста 2 792 науқас қауіпті індетпен ауырған. Ал соңғы тәулікте жазылып шыққандар 49 адамға жетіп отыр. Құлан-таза айыққандардың жалпы саны – 2034. Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша соңғы тәулікте 58 адам covid-19 індетін жұқтырған. Бүгінге дейін Атырауда ауырған 10 111 науқастың 6 544-і жазылып шыққан екен.

Read More

Атырау өңіріндегі дәрі-дәрмек тапшылығын жою мақсатында бірқатар шара атқарылуда. Бірер күн бұрын шаhарға 20 тоннадан астам емдік препараттар әкелінді. Дәрілер облыс әкімдігі бөлінген қаражатқа Ресейден тікелей сатып алынған. Ал жеткізу қызметін Теңізшевройл компаниясы мойнына алды. Айта кетейік, соңғы екі аптада өңірге 80 тоннадан астам медициналық препарат жеткізілген. Барлық дәрі-дәрмек облыс орталығы мен аудандарға және емханаларға таратылды. Жауаптыларға сенсек, ендігі мақсат – препараттардың мол қорын қалыптастыру.

Read More

Атырау індетті ауыздықтай бастады. Өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты енді карантиндік орындар жабылады. Нақтырақ айтсақ, вирус ушыққанда науқастармен байланыста болғандарға пана болған, яғни, оқшаулануға берілген Берекедегі көпқабатты тұрғын үй, жатақханалар мен кәсіпкерлер ұсынған қонақ үйлер, сондай-ақ, бизнес объектілері заласыздандырылып, қалыпқа келтіріледі. Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – 100 кереуеттей қалдырып, қалғанын жабуға тура келеді. Себебі, қазір карантинде науқастар жоқ. Уақытша жатып кететіндер ғана бар. Қазір 2013 орын бос болып отыр. Соларды қысқартуға тура келеді. Себебі, правизорлық немесе инфекциялық стационарда жататын мүмкіндік бар. Өңірде жоспарлы емдеу жұмыстары қайта жүргізіле бастайды. 1-тамыздан бастап науқастарды кезегімен, санитария талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.…

Read More

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 243 ақхалатты мен пандемиядан көз жұмған төрт дәрігердің отбасына өтемақы төленуі мүмкін. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Бас дәрігердің сөзінше, қаражат Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті берген қорытындыдан кейін ғана беріле бастайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және ҚР Денсаулық сақтау министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексерістер жасалатын көрінеді. Оның қорытындысы арнайы комиссияның қарауына беріледі. Комиссия құрамында облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшылары және қоғам белсенділері бар. Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – Жұмыста жүріп инфекция жұқтырып алған медицина қызметкеріне 2 миллион теңге өтемақы…

Read More

Ақтауда салынып жатқан 670 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тұралап қалды. Жұмыстың аяқсыз қалуына түрлі себеп бар дейді уәкілеті орган өкілдері. Көпқабатты кешен құрылысы екі жыл бұрын аяқталып, қолданысқа берілуі керек еді. Мәселенің анық-қанығын мердігердің өз аузынан естімек болғанда жауап ала алмадық… Күзетші сөзді қысқа қайырып, есікті тарс жапты. Білуімізше, бұл жекеменшік аумақ емес. Сол себепті, түсірілімге кедергі келтіруге болмайтындығын түсіндіріп, ішке кірдік. Бірақ мердігер қандай да бір ақпарат беруге келіспеді. Тапсырыс беруші қалалық әкімдік көрінеді. Бұл жөнінде құрылыс бөлімінің басшысы айтып берді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатырған көпқабатты үш тұрғын үйдегі 670 пәтердің жалпы аумағы 53 мың шаршы метр…

Read More

Атырауда әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Тізім облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына түскен өтініштер мен телеграм чатына келген сұраныстар негізінде жасақталған. Басқармадағылар өңірдегі қос құрылыс компаниясына ұсыныс жіберіп, әрқайсысы 15000 теңге тұратын қораптар мұқтаж жандарға үлестірілді. Серік ҚАМИДОЛЛА, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: – Осы өтініштерін халықтың қамту бағытында біз Сичим мен Сенімді құрылыс компаниясына ұсыныс берген болатынбыз. Қазір осы екі компания елу-елуден 100 адамға өздерінің әлеуметтік көмегін көрсетіп жатыр. Оның барлығы еріктілер арқылы мұқтаж азаматтарға таратылатын болады. 100 адамның ішінде үй жалдап отырған 1, 2, 3 баласы бар…

Read More

Мамучар Джабасовтың қарауында қазірдің өзінде 30 шақты ит бар. Ауыр жағдайда табылған қаңғыбас төртаяқтыларды өз қаражатымен емдеуді дағдыға айналдырған ерікті жауаптылардың кеш қимылдайтынына налиды. – Мысалы, маған келген итттердің көбі адамнан таяқ жеген немесе машина қаққан. Оның бәрі адамның әрекетінен болып жатыр. Ал оған қолданылатын шара жеңіл, ең көп дегенде, 30 күн қамаққа алынады. Бір қызығы, оларды қамауға алу үшін ит не өліп қалуы қажет, не орнынан тұра алмай қалуы қажет, – деп ашынады кинолог Мамучар ДЖАБАСОВ. Соңғы уақытта әлеуметтік желідегі жануарларды қорлап жатқан бейнекөріністерден көз ашылмай кетті. Дауға ұласқан видео шенеуніктердің де назарын аударып заңға өзгеріс енгізуге негіз болып…

Read More

Медициналық көрсетіліміне байланысты жолдама алған науқас компьютерлік томографиядан тегін өте алады. Бұл туралы ақпарды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап жергілікті коммуникациялар қызметі таратты. Өкпе қабынуына шағымданушылар учаскелік дәрігердің қабылдауынан кейін, тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелген емханадан жолдама алу арқылы,​ КТ аппаратынан тегін тексеріле алады. Қазіргі уақытта​ Атырау облысында 10 КТ аппараты бар. Оның жетеуі облыстық аурухана (2), облыстық №2 аурухана (1), кардиорталық орталық (1), онкология диспансері (1), облыстық балалар ауруханасы (1), Жылыой аудандық орталық ауруханасы (1) секілді мемлекеттік емдеу орындарында болса, 3 аппарат жеке клиникалар секторында орналасқан. Денсаулық сақтау басқармасы КТ аппаратына балама ретінде рентген аппаратына түсуді ұсынып…

Read More

Шіліңгір шілде туса болды, Индербор кентінен 15 шақырым жердегі Тұздыкөлге келушілердің қатары молаяды. Мұнда Менделеев кестесіндегі 16 түрлі элемент жасырынған. Тұздыкөлдің солтүстік жағы Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. Тұздың мемлекеттік есепке алынған қоры 647 млн. тонна болады. Жергілікті геологтардың айтуынша, тұзға шілденің басы мен тамыздың орта тұсы аралығында түсу керек, онда да бір рет қана. Балшықта 10–15 минуттан артық жатуға болмайды. Күн шамадан тыс ысыған кезде көл бетін бу басып, радиация көтерілетін көрінеді. Сондай-ақ, геолог бұл жерде үнемі самал жел соғып тұратындықтан, суық тигізіп алмауды басты назарға алған жөн деп санайды. Көлдің суы мен қара балшығының өзі тек буын…

Read More