Автор: Сайт әкімшілігі

Маңғыстау облысында Армениядан келген 785 автокөлік тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады. Қазіргі уақытта өңір тұрғындары арнайы ХҚКО-ға келіп, маусым айының басында орнатылған кеңес алу бұрышын пайданалуда. 2020 жылдың 1-ақпанынан кейін Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдары тіркеуге жатпайды. Сондай-ақ, тіркеу Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларға жүзеге асырыла алмайды. Уақытша мемлекеттік нөмірлерді алу процедурасы шамамен бір сағатты алады. Ол үшін көлік иесі шамамен 12 мың теңге болатын үш мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. Көлікті 1-қыркүйекке дейін қайта рәсімдеп үлгеру қажет.

Read More

Коронавирусты емдеуге арналған бес препаратты инфекцияны жұқтырған және үйден ем алып жатқан атыраулықтар тегін ала алады. Бұл тізімде парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, аликсабан және дабигатран бар. Қазір аталған дәрі-дәрмектерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, емдік өнімдер 10 күннен кейін қолжетімді болмақ. Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облысының бас дәрігері: –  Мейлі аудан, қала болсын, провизорлық стационарлар болсын, мекеменің сұраныстарына қарай коронавируске байланысты келетін дәрі-дәрмек тек соларға беріледі. Тегін дәрі-дәрмектер амбулаторлық жолмен емделетін науқастар үшін қолжетімді болады. Олар covid-19 диагнозы қойылған жағдайда және дәрігер тағайындауы арқылы тұрғылықты тіркелген емханадан алынады. Ал дәрі-дәрмек берілмей қалса, 1439 нөміріне хабарласуға болады.

Read More

Жансая мен Алмагүл – бүгінгінің батырлары. Олар халықтан жиналған қаражатқа мұқтаж жандарды дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп жүр. Еріктілер дәріханадағы кезек пен қажетті дәрі тапшылығын бастан кешкендіктен шұғыл әрекетке көшкен. Сөйтіп инстаграм желісі арқылы қаржы жинауға ұсыныс тастапты. Нәтижесі қатты таң қалдырды. Қайырымды жандардан минут сайын ақша түсіп отырған. Жиналған қаражатқа медициналық препарат, жеке қорғаныш құралы, пульсоксиметр, Бобров аппараты секілді бірінші кезектегі өнімдер сатып алынған. Жансая ҚАЙРАТОВА, ерікті: – Дәрі-дәрмектерге Астраханға тапсырыс бере бастадық. Олар күн сайын қораптап келетін және сол күні-ақ бәрін таратып жүрдік. Мұқтаж жандар келіп алып кетеді. Бәріне жету үшін әр адамға шектеулі мөлшерде үлестірдік. Алмагүл…

Read More

Қазақстанда донорлық қан жеткіліксіз. Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы осылай деп дабыл қағуда. Ал коронавирус инфекциясын жұқтырып, айығып шыққандардың қаны алтынмен пара-пар. Бұл мәселе бойынша Атырау облыстық қан орталығына хабарласып көрдік. Мұндағы жағдай тұрақты көрінеді. Бірақ келушілер саны карантинге байланысты азайған. Сондықтан енді ниет білдірген донорларды үйден алып кетіп, кері жеткізіп тастайтын арнайы көлік бөлініпті. Айта кету керек, қан тапсыруға ниеттілердің саны өткен жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда артқан. Жаңылсын ШЫНДАУЛОВА, Атырау облыстық қан орталығы директорының орынбасары: – Осы жылы донорлар саны 200 адамға көбейді. Биыл 6 айда 1700 литр қан жиналса, өткен жылы 1600 литр болған. Қыркүйектен бастап Атырауда коронавирустан айыққандардың…

Read More

Карантин енгізілгелі дәріханалар мен азық-түлік сататын нысандарда тексеріс көбейді. Ал кәсіпкерлер өз обьектісіне арнайы мониторингтік топ мүшелері келген кезде құқықтарын білмей дал. Себебі, өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстарын жүргізуді үш жылға дейін тоқтату туралы мораторий жарияланған болатын. Мәди ТОҒЫБАЕВ, Атырау облыстық құқықтық статистика және есепке алу комитетінің прокуроры: – ҚР Кәсіпкерлік кодексіне келетін болсақ, бақылау және қадағалау тексерістері және түрлері бекітілген. Егер аталған кодексте бақылау және қадағалау түрлері бекітілмеген болса, құқық қорғау органдарының немесе басқа да арнайы органдардың тексерістері аталған заңнама негізінде тіркеусіз жүргізіледі. Қазіргі тексерістер – Алексей Цойдың бұйрығы негізінде, ал сәуір-маусым…

Read More

Атырау облысында Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде, нақтырақ айтқанда 31-шілде мен 2-тамыз аралығында бірқатар шектеулер енгізіліп отыр, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Облыстық Бас мемлекеттік  санитариялық  дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаева:  – 31-шілде мен 2-тамыз аралығында Атырау қаласының орталық мешіті белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысы тоқтатылады. Және облыс орталығы аумағында мал союды ұйымдастыруға, өткізуге, автокөліктер мен жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады. Бұдан бөлек, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге болмайды. Талаптардың орындалу барысын Атырау қаласының полиция департаменті,…

Read More

Облысқа «Өмір сыйла» акциясы аясында оттегі концентраторлары үлестірілді. Мұндай шара алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде өткізілмек. Игі істі қолға алғандардың қатарында қарапайым халық пен кәсіпкерлер, сондай-ақ, өнер адамдары да бар. Қол ұшын созғандардан осыған дейін 450 млн теңгеге жуық қаражат жиналыпты. Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, ұйымдастырушы: – Атырау қаласына кеше 1 400-ге жуық аппарат келіп түсті . Оның 740-ы батыс аймақтарына таратылады. Қазір жергілікті денсаулық басқармасының сұранысы бойынша Атырау облысына 160 данасы қалдырылады. Соны ауданғарға да бөліп беруге тырыстық. Төтенше жағдай кезінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, індеттің ауыр жүгін жұмыла көтергендер енді аппарат тапшылығы жуық арада шешіледі деген үмітте.…

Read More

Жекеменшік жағажайлардың жұмысына рұқсат болса да, тәртіп жалпыға ортақ. Ақтаудағы ақылы жағажайда мәре-сәре боп жүрген жұрттың карантин талаптарын елемейтінін осыған дейін жеткізгенбіз. Соған байланысты мобильді топ аумақты тексеріп, бірнеше заңбұзушылықты анықтады. Талапқа құлақ аспаған жағажай қожайыны әкімшілік жазаға тартылды. Әсима ЖАРЫЛҒАСОВА, Ақтау қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы: «Достар» жекеменшік жағажайының иесі талаптарды мүлде сақтамаған. Кіреберісте демалушылардың қызуын да тексермеген. Бәрі емін-еркін кіріп-шығып жүрген. Сол жердің администраторы осының бәрін ескеріп, қадағалауы тиіс еді. Енді жағажай иесіне әкімшілік кодекстің 425-бабы, 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Ол 115 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Read More

Атырауда карантиндік шектеулер енгізілсе де, той-садақа ұйымдастырушылардың саны азаймай тұр. Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, соңғы 3 аптада осындай 60 жағдай анықталған. Бірі жүз шақты адам жинап құдасын шақырса, екіншісі келін түсіріп керемет той жасаған. Ал 57 отбасы еске алу рәсімін өткізген. Аталған деректер бойынша тұрғындар жауапкершілікке тартылатын болды.  Ерлан БИҒАМБАЕВ, Атырау қалалық ПБ басшысының бірінші орынбасары: – Карантиндік режимдерді бұзғаны үшін Атырау қаласында 600-дің үстінде құқықбұзушылық анықталып отыр. Қазір жинақталған құжаттардың барлығы Атырау қалалық СЭС мекемесіне жолданды. Бұл бағытта құқықбұзушылық жасаған азаматтардың барлығына 425-бапқа сәйкес, әкімшілік кодексте көрсетілген шара қолданылып жатыр. Полицейлердің тексерісі барысында 70-тен астам азық-түлік дүкені, қорғаныш құралдарынсыз…

Read More

Өткен тәуліктің есебі бойынша, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 49 адам тіркелсе, 9 адам симптомсыз тасымалдаушы ретінде анықталған. Осыған дейін облыста 2 792 науқас қауіпті індетпен ауырған. Ал соңғы тәулікте жазылып шыққандар 49 адамға жетіп отыр. Құлан-таза айыққандардың жалпы саны – 2034. Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша соңғы тәулікте 58 адам covid-19 індетін жұқтырған. Бүгінге дейін Атырауда ауырған 10 111 науқастың 6 544-і жазылып шыққан екен.

Read More