Атырау індетті ауыздықтай бастады. Өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты енді карантиндік орындар жабылады. Нақтырақ айтсақ, вирус ушыққанда науқастармен байланыста болғандарға пана болған, яғни, оқшаулануға берілген Берекедегі көпқабатты тұрғын үй, жатақханалар мен кәсіпкерлер ұсынған қонақ үйлер, сондай-ақ, бизнес объектілері заласыздандырылып, қалыпқа келтіріледі.
Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:– 100 кереуеттей қалдырып, қалғанын жабуға тура келеді. Себебі, қазір карантинде науқастар жоқ. Уақытша жатып кететіндер ғана бар. Қазір 2013 орын бос болып отыр. Соларды қысқартуға тура келеді. Себебі, правизорлық немесе инфекциялық стационарда жататын мүмкіндік бар.
Өңірде жоспарлы емдеу жұмыстары қайта жүргізіле бастайды. 1-тамыздан бастап науқастарды кезегімен, санитария талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен өңірдегі қатерлі ісік, қант диабеті, қан қысымы, жүрек аурулары сынды жоспарлы ем қабылдауы тиіс науқастар ауруханаларда жатып ем алатын болады. Бұған дейін олар емханаларға онлайн түрде жазылып, дәрігер бақылауында тұрған еді.
Індеттің беті бірте-бірте қайтып келеді. Атыраулықтардың қалыпты жағдай мен бейқам күндерін сағынып жүргендері жасырын емес. Сондықтан әр адам карантин ережелерін сақтап, денсаулығына жауапкершілікпен қараса, инфекциялық стационарда ауруды жеңіп шыққан соңғы науқастың жазылып шыққанын көретін күн тағы бір қадамға жақындар еді.