Автор: Сайт әкімшілігі

Атыраудағы жауын-шашынды күндер уақытша ғана. Ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, сынап бағанасы тамыздың 6-сынан бастап қайта көтеріледі.  Динара ЖҮСІПОВА, «Қазгидромет» РМК АОФ инженер-синоптигі: – Тамыз айында ауа температурасы түнде +12-17 градустан +17-22-ге дейін біртіндеп көтеріледі. Ал күндіз +30-35 градус болады. Екінші-үшінші онкүндікте температура +28-33 градусқа дейін жетеді. Жауын-шашынның айлық мөлшері қалыпты болады деп күтілуде.

Read More

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы аталған ведмоствоның баспасөз қызметі хабарлады. 4-тамызда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мұнайлы өңірде өткен жұмыс сапарында Атырау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің жаңа бастығын – азаматтық қорғау полковнигі Омар Құмарұлын таныстырды. Омар Бержанов еңбек жолын 1989 жылы қыркүйекте Гурьев облысы Ішкі істер басқармасының №57 әскерилендірілген ӨСБ-де өрт сөндіруші қызметінен бастады. Еңбек жолында мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшылық лауазымдарында, Атырау облысы МӨҚҚ анықтау бөлімінің бастығы, Атырау облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММ филиалы бастығының орынбасары, Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы ТЖД…

Read More

Атырауда қаңғыбас ит аулада ойнап жүрген 6 жасар балаға шабуыл жасаған. Ата-анасы араша түскенімен, иесіз ит баланың басын тістеп үлгеріпті. Рахима ОРДАҒАНОВА, қала тұрғыны: — Жылаған даусын естіп, сыртқа атып шықтық. Балам қанша қарсылық көрсетсе де, әлі келмеген. Басының бірнеше жерін тікті, енді ем қабылдап жүрміз. Биліктегілер бір шара қолданса екен, мұндай жағдайдың қайталанғанын қаламаймын. Ал қалалық ветеринария бөліміндегілер бұралқы иттерді жою жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатқандығын айтады. Барлығы үш бригада жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар екі жарым мыңнан астам иесіз итті ұстаған. Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВ, қалалық ветеринария стансасының директоры: – Кішкентай күшік кезінде қызығып асырайтын балалардың өзі. Өскеннен кейін…

Read More

Жыл басынан бері жасөспірімдердің хабар-ошарсыз кетуіне байланысты түсетін өтініштер жиілеген. Қалалық полиция басқармасына осындай 20 шақты хабарлама түсіпті. Мұндай жағдайлар көбінде ата-аналардың немқұрайлылығынан болады. 102-ге қоңырау шалынғаннан кейін 3–8 жас аралығындағы балалар үш сағатта табылатын көрінеді. Ал одан үлкендері, яғни, 15–17 жастағылар ұзақ уақытқа, тіпті, өз еріктерімен кетіп қалатын көрінеді. Осыған орай, биылдыққа ата-аналардың бала тәрбиелеудегі өз міндеттерін орындамағаны үшін 5 әкімшілік іс қозғалды. Полиция кәмелетке толмағандардың саған 23:00-ден кейін көшеде ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынатынын еске салады. Сейфолла ҚАЗИХАНОВ, Атырау қалалық ПБ бөлім бастығы: – Атырау қаласының аумағында 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүрген 697 жасөспірім анықталды. Олардың 675-інің ата-анасына…

Read More

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Индер ауданына 7 миллиард теңге бөлінді. Бұл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, сондай-ақ, инфрақұрылым саласында жинақталған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Біраз елдімекенде жол құрылысының тоқтап қалғанына жарты ғасырдан астам уақыт болған. Бағдарлама шеңберінде 10 әлеуметтік жоба қолға алынды. Бүгінде ауданның 1 200 жұмыссыз тұрғыны екі қолға бір күрек тапқан. Жеңіс ИҒАЛИЕВ, Индер аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры: – 20 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант алды. 27 адам шағын несиелерін алды. Сонымен қатар, «Бизнес бастау» жобасы бойынша 96 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Күні бүгінге дейін 577 адам осы 10 жобаға жұмысқа тартылған. Жыл аяғына дейін…

Read More

Биылғы алты айда балық қорына қол сұғу қылмыстары азайған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға төмен дегенді білдіреді. Полицейлер анықтаған 340-қа жуық табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісінің 305-і браконьерлікке қатысты. Ал жыл басынан бері 57 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшыларының сөзінше, оған бірден бір себеп – карантиндік шектеулердің енгізілуі.  Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы: – Браконьерлік қылмыстары үшін жауапкершіліктің қатаңдауы, алдын алу мен іздестіру шаралары және карантиндік шектеулердің нәтижесінде балық саласындағы құқық бұзудың азаюына әсер етіп отыр. Аталған қылмыстық іс бойынша құқық бұзғандарға 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, тең жартысы өндірілген. Заңсыз айналымнан 9 тоннадан астам балық тәркіленсе, оның…

Read More

2021 жылы Ақтөбе–Атырау трассасының құрылысы толығымен аяқталады. Соның арқасында Мақат және Қызылқоға аудандарындағы шалғай елдімекендер тұрғындарының тақтайдай тегіс жолмен жүру арманы орындалатын болды. Сонымен қатар, Ақтөбеге апарар жол екі есеге қысқармақ. Жалпы ұзындығы 128 шақырым болатын Қандыағаш–Мақат аралығы келер жылы қолданысқа беріледі.  Жаңабай БАШАРОВ, құрылыс компаниясы АОФ директоры: – Өткен ғасырдан бері жөндеу көрмеген бұл жолды жергілікті климатқа сай етіп барымызша сапалы жасауға тырысамыз. Барлығын келесі жылдың күзінде толығымен тапсыратын ойдамыз. Барлық құрылыс материалы көрші аймақтардан сатып алынады. Бағасы төмен, әрі сапалы. Келген құрал-жабдықтар зертханада мұқият тексеріледі. Әр партияның беріктігі мен аязға төзімділігі алдын ала сыналады. Халықаралық маңызы бар Ақтөбе–Атырау…

Read More

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бастаған арнайы топ аудандардағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысып шықты. Құлсары қаласында жаңадан салынып жатқан аурухана құрылысына мұнай компанияларының бірі 7 млрд. теңге қаржы бөлді. Бастапқыда 75 орынға жоспарланған медициналық мекеме енді 275 орынға кеңейтіледі. Бірінші бөлігі осы күзде іске қосылады. Көпсалалы аурухана қажет болған жағдайда инфекционды стационарға ауысуы мүмкін. Құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар көптеп тартылған. Жаңа аурухана келесі жылы қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, жақын арада доссорлық алпыс отбасы қоныс тойын тойламақ. Кенттегі 60 пәтерлі үйдің құрылысы әне-міне аяқталуға жақын. Тұрғын үй осы айдың соңында тапсырылмақ.

Read More

Атырау облысының әкімдігі биылға жоспарланған жиындарды өткізуден бас тартып, 5 млрд. теңгеге жуық ақшаны үнемдепті. Жергілікті журналистермен кездескен әкім Махамбет Досмұхамбетов осыны айтты. Оның айтуынша, әкімдік адамдар көп жиналатын шаралардың бәрінен бас тарту арқылы бюджеттің 4,8 миллиард теңгесін үнемдепті. Енді олар жыл соңына дейін тағы да 900 млн. теңгені қысқартуды көздеп отыр екен. Үнемделген қаражат ең алдымен пандемияға қарсы күреске жұмсалады. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі: – Бұл мақсатқа (пандемиямен күреске) 2,3 млрд. теңге бөлінді. Соның 777 млн. теңгесі «Атырау ӘКК» АҚ арқылы азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құруға жұмсалды. Бұдан басқа, 1 млрд. теңге мектептерді дәретханамен, бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға бағытталды.…

Read More

Бейнеу ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 20 көшеге жол төсеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әзірханов мәлім етті. Оның айтуынша, биыл Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы аясында Бейнеу ауданында құны 2 048 451 000 теңге болатын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 жобаның құны 986,4 млн. теңге болса, 8 жоба орташа және оның жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 62 млн. теңге жұмсалмақ. Аталмыш жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары толықтай аяқталды. Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әзірханов: — Аудан орталығы Бейнеу ауылында 153 көше болса, оның ішінде 2020 жылдың…

Read More