Атыраудағы жауын-шашынды күндер уақытша ғана. Ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, сынап бағанасы тамыздың 6-сынан бастап қайта көтеріледі.
Динара ЖҮСІПОВА, «Қазгидромет» РМК АОФ инженер-синоптигі: – Тамыз айында ауа температурасы түнде +12-17 градустан +17-22-ге дейін біртіндеп көтеріледі. Ал күндіз +30-35 градус болады. Екінші-үшінші онкүндікте температура +28-33 градусқа дейін жетеді. Жауын-шашынның айлық мөлшері қалыпты болады деп күтілуде.