Автор: Сайт әкімшілігі

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жастарды халықаралық күнімен құттықтады. Ол өзінің құттықтау сөзін қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. *** Құрметті Ақтау қаласының жастары! Бүгін, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Елімізде жастар қоғамның бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарып келеді. Олардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауға да мемлекет тарапынан ерекше мән берілуде. Бүгінде елімізде «Дипломмен – ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту–2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Өңір мен қаламызды дамыту бағытында да…

Read More

Ақдеполықтар бірнеше жылдан бері электр қуатының тұрақты жұмыс істемеуінен қиындық көріп келеді. Жоғары кернеулі тоқтың кесірінен тұрмыстық техника жиі істен шығып жатады. Бұлай жалғаса берсе, жаңа оқу жылына компьютер іздеудің де керегі жоқ сияқты… Серік ӨТЕГЕНОВ, Атырау қаласының тұрғыны: – Біз қала орталығында тұрамыз. Уәлиханов көшесінде электр қуатымен ешқандай қиындық жоқ, ал біздің Депода үнемі сол мәселе. Айына кем дегенде екі рет электр қуатынан қиындық көреміз. Біресе бар, біресе жоқ, бірде тым көп. Мария ІЗМАҒАМБЕТОВА, Атырау қаласының тұрғыны: – Электр қуатының ақшасын уақытында төлеп отырмыз. Тарифі неге көтеріліп жатыр деп шу шығарып жатқан да жоқпыз. Келісім бойынша сіздер ақша төлейсіздер,…

Read More

Сенат депутаттығына Атыраудан сайланған Сағындық Лұқпанов дауыстың 86-сын, яғни 82,9%-ын жинады. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолованың мәліметінше, Сенат депутатын сайлауда әр деңгейдегі мәслихаттардың 111 депутаты дауыс беруі тиіс еді. Бірақ дауыс беруге 105 мәслихат депутаты қатысты. Айнұр АМАНЖОЛОВА, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы: – Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың арасынан Сағындық Лұқпановты жақтап 86 адам дауыс берген. Бұл барлық дауыстың 82,9 процентін құрады. Ал өзге кандидаттар – Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинады.

Read More

Грэпплингтен Азия чемпионы атанған атыраулық спортшының өліміне қатысты күдікті ұсталды. Қайғылы оқиға 9-тамызға қараған түні болған. Қала маңындағы Дамбы және Құрманғазы ауылының жігіттері арасындағы төбелес салдарынан 2002 жылы туған азаматтың жүрегіне оқ тиіп, сол жерде ажал құшқан еді. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы: – Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай 1994 жылғы күдіктіні анықтап, оны уақытша қамау орнына жеткізді. Осы іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 99-ыншы, яғни, адам өлтіру бабы бойынша жүргізілуде.

Read More

Карантин қанша қатаңдатылса да, отан қорғауға дайындықты ешкім шегере алмайды. Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері Қарабатандағы оқу орталығында тәжірибелік атыс жаттығуларын өткізді. Енгізілген шектеулерге байланысты іс-шаралар санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды. Жаттығулар кез келген санаттағы әскерилермен күндіз де, түнде де өткізіледі. Гарнизон басшылығының айтуынша, мұндай шаралар жауынгерлердің білімін жетілдіріп, қақтығыста жақсы нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, жаттығу полигонында әскери тактикалық атыс сынақтан өткізілуде. Осы арқылы қарулы әскерлердің деңгейі артып, түрлі деңгейлі қақтығысқа дайындық жұмыстары жетілдірілмек.

Read More

Атырау облысының басшысы Махамбет Досмұхамбетов ЖОО-ға түсетін мектеп және колледж аяқтаған түлектер үшін 116 оқу грантын бөлді. Оның көпшілігі, яғни, 49-ы педагогика саласына, 17-сі медицинаға арналып отыр. Ал қалғаны ветеренария, агрономия, өнер және басқа да мамандықтарға тиесілі. Оған ҰБТ-дан шекті балл алған барлық санаттағы түлек қатыса алады. Айнагүл ЖҰМАҒАЗИЕВА, Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы: – Ең бірінші, маусым айында жинаған ұпайына назар аударылады. Балы бірдей болған жағдайда төмендегі санаттағы адамдарға – алтын белгі иелері, халықаралық олимпиада жүлдегерлері, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек және колледжді үздік бітірген балаларға басымдық беріледі. Облыс әкімінің грантына степендия қарастырылмаған. Жергілікті білім беру…

Read More

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 32Б-шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар әкімге өздерінің өзекті деген мәселелерін жеткізді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Аманат» ТҮКШ тұрғындары көшіп келгеніне жылға жуық уақыт өтсе де, тұрғын үй маңының қоқыстан тазармағанын, контейнерлердегі қоқыстың да уақытылы алынбайтынын айтты. Осы аталған үйдің төменгі қабатында орналасқан фаст-фуд тағамдарын әзірлейтін асхананың санитарлық талапқа сай келмейтінін және сол үйдің артына такси қызметі үшін көліктердің көптеп жиналатынына да тұрғындар наразы. Сонымен қатар, «Жас отбасы» арқылы берілген мемлекеттік үйлер мен 4-тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекемелердің ай сайын алатын ақысына сай қызмет көрсетпейтінін, қызмет көрсетуші мекемені Заңға сәйкес өз еріктерімен қайта сайлауға…

Read More

Жергілікті полицейлер Атырау облысының Индер ауданында ұрлық қылмысын әшкереледі. Аудан тәртіп сақшылары кент ішіне жол салып жатқан ЖШС-нің біріне тиесілі 126 дана жиектастың қолды болғанын анықтап, жедел іздестіру шаралары барысындар қылмысқа күдікті ұсталды. Нұрхат ОРАЗБАЕВ, Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі: – Ұры алыстан келмепті, мекеме жұмысшыларының бірі болып шықты. Тексеру барысында, бөтеннің мүлкін жымқырған азамат оны аудан тұрғынына 30 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Ұрлық жасаған 25 жастағы азаматтың әрекетіне қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Read More

Жыл басынан бері атыраулық полицейлер 467 мас жүргізушіні ұстады. Оның 370-і – облыс орталығында көзге түскендер. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады. Барлық құқықбұзушылар ӘҚБтК-нің 608-бабы – «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік тізгініндегі 46 адам мас адамның жүргізуші куәлігі де болмаған. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, лайықты жаза тағайындалды. 15-шілдеге қараған түні облыс орталығында тәртіп сақшылары «Nissan Juke» көлігін тоқтатып, 32 жастағы жүргізушінің екіқабат әрі ішімдік ішкенін анықтаған. Мамандандырылған Әкімшілік сот қаулысымен келіншек жүргізуші құқығынан айырылды. Түн ішінде қаладағы Сәтбаев – Пушкин көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған…

Read More

Маңғыстау облысынан ҚР Парламенті Сенатына депутат болып «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашев сайланды. Ол сайлау қорытындысы бойынша 87 дауыс жинаған. Облыс бойынша Сенат депутаттығына өту үшін «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашев, «Азаматтарға арналған үкімет» МО бойынша филиалының директоры Ербол Байжігіт, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Шолпан Илмұханбетова, «Ақтау теңізі порты» АЭА басқарма төрағасы Бекбол Орынбасаров, «Кардиология және ішкі аурулар» медицина орталығы ЖШС директоры Нұрлан Тілепов өтініш берген еді. Тапсырған құжаттардың заң талаптарына сәйкестігі тексеріліп, 3 адам ҚР Сенат депутаттығына кандидат ретінде ресми тіркелді. Алайда «Кардиология және ішкі аурулар» медицина орталығы ЖШС директоры Нұрлан Тілепов…

Read More