Парламент Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Ләззат Сүлеймен Индер ауданына сапарлады. Олар алдымен орталық аурухананың дәрігерлермен жүздесті. Бүгінде аудандық ауруханада, емханада және ауылдық округтерде орналасқан дәрігерлік амбулаторияларда дәрі-дәрмектің бір айлық қоры жасақталған. Ауру өршіген кезде де емдеу орындарында тапшылық байқалмапты. Оның үстіне қайырымды жандардан келіп жатқан көмектің өзі індетті ауыздықтауға деген сенімге қанат бітіргендей. Соңғы уақытта жаман ауру да тіркелмеген. Депутаттар гипс өнімдерін шығаратын зауытқа бас сұқты. Мұнда күніне 21 000, жылына 6 млн шаршы метр өнім шығарылады. Гипсокардонға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да тапсырысты мерзімінде орындап отыру – басты міндет. Әрі қарай халық қалаулылары Қарабау–Индер–Миялы–Сағыз тасжолының құрылысымен танысты.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Нұрсая ықшамауданындағы Мәденов көшесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 1,5 шақырымдық автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, төрт жолаққа дейін, яғни, 14 метрге кеңейтілмек. Сонымен қатар, жалпы аумағы 7 428 шаршы метр болатын тротуар салынып, 4 ашық аялдама орнатылады. Одан бөлек 248 көше шамын орнату да жоспарда бар. Мердігер мекеме мойнына алған жұмысты 13 айда толық аяқтап шығуы тиіс. Ол үшін 1 млрд 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Аңсаған САҒЫНБАЕВА, Атырау қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы: – Жөндеу жұмыстарының жүргізілу тәртібі бойынша жол әр участокке бөлінген. Қазір Әбілхайырхан даңғылынан С.Нұрғалиев көшесі аралығындағы көше жасалынып жатыр. Аяқталуы жақын. Сосын жұмысшы топ келесі бөлікке…
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 455 млн теңгені жымқырды деп айыпталып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 12-тамызда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ департамент директоры мен орынбасарын уақытша қамауға алды. Күдіктілер 2017–2018 жылдар аралығында «ММГ» АҚ-ның құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу туралы жалған шарт жасауға қатысқан. Іс жүзінде бұл жұмыстарды орындау қажеттілігі болмаған. Келісім бойынша орындаушы «ММГ» АҚ үшін ешқандай қызмет орындамаған жалған тұлға болған. Яғни, 455 млн теңге мөлшеріндегі қаражатты жалған тұлға қолма-қол ақшаға айналдырып, кейіннен «ММГ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына берген. Тергеу жалғасып жатыр.
Осы айдан бастап облыс орталығындағы LED экрандарда «Қазгидромет» РМК бақылау желісінен атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпарат таратыла бастады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мамандардың айтуынша, ауа сапасының жай-күйі туралы деректер Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Ақтау, Орал, Қостанай, Талдықорған, Көкшетау және Алматы қалаларында орналасқан LED экрандардан көруге болады. Ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады және ауа райының негізгі көрсеткіштері саналатын РМ 10, PM 2,5 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутегі бойынша барлық деректерті көрсетеді.
Қазақстанда Каспийдегі итбалықтарды Қызыл кітапқа енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл жөнінде Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің комиссия отырысында айтылды. Мәселе май шаммен қарауды қажет етеді, себебі Каспийдің итбалықтары – аталған сүтқоректінің әлемдегі ең шағын түрі. Александр ИВАСЕНКО, биолог: – Мұндай итбалықтың түрін әлемнің еш жерінен кездестіре алмайсыз. Осындай ерекше жануарлар үшін посткеңестік кеңістікте екі су қоймасы болған. Бірі – Байқалда, екіншісі – бізде. Жобаны қолға алғандар бұл шара итбалықтың жойылып кетпеуіне септігін тигізіп, болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақты қалыптастыруға негіз болады деп сендірді. Бірақ кей ғалымдардың пікірінше, Қызыл кітапқа енгізумен мәселе шешілмейтін көрінеді, ол үшін нақты әрекеттер қажет. Мерғали БАЙМҰҚАНОВ,…
«Хабар» Агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, финалы осы жылдың 29 қарашасында Варшавада (Польша) өтетін «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуіне қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты хабарлады. Байқауға 9–14 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Яғни, 2020 жылдың 29 қарашасында үміткердің жасы осы талаптан асып кетпеу керек. Ұлттық іріктеу 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Қатысушыларға сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын Ұлттық іріктеудің ресми сайтына jevision.khabar.kz жүктеуі керек. Өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады. Екінші кезең –бұл халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділ-қазы алқаларының шешімімен ең…
Қырғызстан су тапшылығына байланысты Қазақстаннан сағатына 500 млн кВт электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр. Ол туралы ұлттық энергия холдингінің төрағасы Айтмамат Назаров мәлімдеді. Бұл күз және қыс кезінде туындайтын энергия тапшылығын жоюға мүмкіндік бермек. Қырғыз мамандары осы жылдың қазан айына қарай Тоқтағұл қоймасындағы су мөлшері шамамен 14,9 млрд текше метрге дейін төмендеуі мүмкін деген болжам жасауда. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 17–19 млрд текше метр аралығында болған. Ұлттық энергия холдингі өкілдері биыл апаттық жағдайдағы жарықтың сөнуін де азайтуды жоспарлап отырған көрінеді. Үкімет су тапшылығы туралы мәселені осы жылдың басында-ақ көтере бастаған. Қоймалардағы су деңгейінің төмендейтіндігі туралы болжам да сол кезде айтылған.
«Түбіртек талап ет те, жүлдені ұтып ал» акциясы жыл сайын жалғасып келеді. Мұндағы басты мақсат – тұтынушылардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу және көлеңкелі экономиканың алдын алу. Аталған шара «Wipon» мобильді қосымшасын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Биылғы бас жүлде – әдеттегідей автокөлік емес, миллион теңге. Қатысу талаптарында да өзгерістер бар. Әлия БАЙТЕМІРОВА, Атырау облысы МКД басқармасының бас маманы: – Мобильді қосымшаға қолыңыздағы түбіртекті 3 күн ішінде енгізген жөн. Одан кейінге қалдырсаңыз, ол пайдаға аспай қалады. Сондай-ақ, жүлде талаптары да өзгерді. Мысалы, бұрын жүлде мөлшері 5000 теңгеге дейін болса, қазір түбіртектегі сомаға байланысты. Маманның айтуынша, түбіртектер кез келген ірі сауда орны мен супермаркеттерде…
«Forbes» журналы әлемнің ең жоғары ақы төленетін әртістер тізімін жариялады. Бірінші орында Дуэйн Джонсон тұр. Ол осымен екінші жыл қатарынан алғашқы орынды иеленіп отыр. Джонсонның жылдық табысы 87,5 миллион доллар болса, рейтингтегі екінші орынды жылдық табысы 71 миллион долларға бағаланған канадалық актер Райан Рейнольдс иеленді. Ол «6 Underground» және «Red Notice» фильмдеріндегі рөлі үшін 20 миллион доллардан асf табыс тапқан. Ал үшінші орында америкалық Марк Уолберг тұр. Оның жылдық табысы – 58 миллион доллар. Оған мұндай еңбекақы «McMillions» және «Wall-Street» деректі фильмдеріне продюсерлік еткені үшін төленген. Одан бөлек, тізімнің алғашқы ондығына Бен Аффлек, Вин Дизель, Акшай Кумар, Лин Мануэль Миранда,…
Биыл Атырау облысынан көшіп кеткендердің саны өңірге қоныстанғандардан асып түсті. Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері аймақтан кеткен 8 000-нан аса адамның басым бөлігі қазір республиканың өзге аймақтарында тұрады. Ал сыртқы көші-қон мәселесіне келер болсақ, қазақстандықтардың дені ТМД елдеріне көшсе, 17 атыраулық алыс шетелге жол тартқан. Айсұлу ҚАРЫМСАҚОВА, Атырау облысы статистика департаменті басқармасының бас маманы: – Былтырғымен салыстырғанда, кеткендер саны 71,9 проценкке азайды. Сыртқы көші-қон бойынша негізгі көші-қон ТМД елдерімен болуда. Соның ішінде Ресейден келгендердің саны 32 болса, кеткендер 90 адамға жетті. Ал ішке қоныс аударғандардың көбі – жақын шетелдерден келген этникалық қазақтар. Мысалы, Жұмагүл Қосаумасова атамекенге қоныс аударуды 25 жыл…
