«Forbes» журналы әлемнің ең жоғары ақы төленетін әртістер тізімін жариялады. Бірінші орында Дуэйн Джонсон тұр. Ол осымен екінші жыл қатарынан алғашқы орынды иеленіп отыр.
Джонсонның жылдық табысы 87,5 миллион доллар болса, рейтингтегі екінші орынды жылдық табысы 71 миллион долларға бағаланған канадалық актер Райан Рейнольдс иеленді.
Ол «6 Underground» және «Red Notice» фильмдеріндегі рөлі үшін 20 миллион доллардан асf табыс тапқан. Ал үшінші орында америкалық Марк Уолберг тұр. Оның жылдық табысы – 58 миллион доллар. Оған мұндай еңбекақы «McMillions» және «Wall-Street» деректі фильмдеріне продюсерлік еткені үшін төленген. Одан бөлек, тізімнің алғашқы ондығына Бен Аффлек, Вин Дизель, Акшай Кумар, Лин Мануэль Миранда, Уилл Смит, Адам Сэндлер және Джеки Чан енген.