Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастықтан Ливанға қолдау көрсету мақсатында 565 миллион доллар сұраған. Бұл туралы ұйымның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рошди мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл қаржы апаттан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмекке және Бейрут қаласын қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалмақ.
Тамыздың 4-і күні Бейруттағы теңіз портында жарылыс болып, 170-тен астам адам қаза тапқан еді. Сондай-ақ, 6 мың адам жарақат алып, 300 мыңнан астамы баспанасынан айырылған.