Автор: Сайт әкімшілігі

Бүгін Құрманғазы ауданы аумағында шамамен 3,5 миллиондай шабақ құтқарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Кеше Құрманғазы ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы тұсындағы Ржанау сайына көктемде келетін судың тартылуы салдарынан шағын көлшік бөлініп қалған. Ондағы сазан және мөңке балықтарының шабақтарын құтқару үшін шұғыл шаралар қолға алынды. Шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері, ауылдың ерікті жастары, «Каспий балық» және «Амангелді» табиғат пайдалуанушылар қызметкерлері бар 60 адам жұмылдырылған. Соның арқасында шамамен 3 миллионнан аса шабақ құтқарылып, Қиғаш өзеніне жіберілді.

Read More

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 29-ықшамаудан тұрғындарымен жүздесті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. Қала басшысы шағынаудандағы балалар ойын және спорт алаңдарының тапшы екендігін, сонымен қатар, ішкі жолдарды қалпына келтіру мен қоқыс контейнерлері, жасыл желектерді суару бойынша мәселелеріне көз жеткізді. Қаладағы көгалдарды суару осыған дейін кездескен бірнеше шағынаудандықтардың өзекті мәселесі болатын. Осы тұста қала басшысы талдарды уақытылы суару мен күтіп ұстау бойынша келер жылға өзге әдіспен іс-жоспар жасақталатынын айтты. Одан бөлек, 29-шағынауданның тұрғын үйлері жанына жаңа бірнеше қоқыс контейнерлері орнатылатын болды. Шенділер жол, балалар ойын және спорт алаңдары мәселелері үшін шағынауданды кешенді абаттандыруға жобалық сметалық құжаттама…

Read More

Атыраулық ескекшілер суға қайта шықты. Олар карантиндегі ұзақ уақыт үзілістен кейін жаттығу жұмыстарына кіріскеніне қуанышты. Байдарка мен каноэде ескек есу кез келген спорт түрі секілді жүйелі жаттығуды талап етеді. Ал белестерді бағындыру жолында карантин де кедергі болмауы тиіс. Тимур БАКИРОВ, ескекші: – Өзімізді қалыпта ұстау үшін аптасына 4 рет жүгіріп, осынша рет велосипед тебуді әдетке айналдырдық. Шыны керек, карантин аздап әлсіретіп жіберді. Енді бұрынғы қалыпқа келуге тырысып жатырмыз. Карантинге дейін әр секцияда 40 адам жаттыққан. Қазір олардың саны екі есеге дейін азайыпты. Болашағынан үміт күттіретін әрі ішіндегі ең жасы Илья Аристов – бар болғаны 12-де. Дәл осы кезеңде спортшының икемі…

Read More

Қазір Атырауда төрт модульді полиция бекеті бар. Мұның пайдасы мол. Себебі, былтыр мереке қарсаңында Исатай-Махамбет алаңынан бір тәулікте жоғалған 93 баланың ата-анасы жақын маңдағы сондай полиция бекеттеріне жүгіну арқылы перзентімен қауышыпты. Биыл бұл бекеттердің санын арттыру жоспарланған. Жыл басынан бері мұнда 500-ден аса азамат түрлі өтініш-сауалмен жүгінген. Көбі кең ауқымды іс-шаралар кезінде алаңдар мен саябақтарда құжаттарын жоғалтып, баласын таба алмай қалатын көрінеді. Сонымен қатар, ұрлық, алаяқтық секілді қылмыстық жағдайларға куә болған кезде қайда шағымдану керектігі туралы қажетті ақпараттар алынған. Гүлназира МҰХТАРОВА, облыстық ПД баспасөз хатшысы: – Болашақта облыс аумағында осындай заманға сай жабдықтармен, компьютермен және ҚР ІІМ-нің арнайы базасымен қамтылған…

Read More

Геолог ықшамауданы бағытындағы теміржол көпірі 22-тамызда ашылатыны туралы қалалық ТКШ бөлімі қосымша хабарлады. Мамандардың айтуынша, бұрынғы айналма жолдағы жөндеу жұмыстары құрылыс материалдарының баяу жеткізілуіне байланысты кешіктірілуде. Сондықтан тұрғындарға тағы екі күн кептелекке көнуден басқа амал жоқ. Ал Амандосов пен Баймұханов көшелеріндегі аумақ 27 тамызда ашылмақ. Аңсаган САҒЫНБАЕВА, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы: – Ол жерде асфальт төсеудің өзі 5 бөліктен тұрады. Соның соңғы бөлігін төсеу ғана қалды. Ол үшін жиектасты алып келу міндеттелген болатын. Бірақ 2 күн кешіктірілуіне орай, 22-тамызда Амандосов-Берғалиев көшелеріндегі жол қозғалысы қалпына келтіріледі. Жолдың ашылуы қайта-қайта кейінге қалдырылып келді. Екі аптада ашылуы тиіс уәделі тасжол жауын-шашынның кесірінен…

Read More

Бүгіннен бастап темекі және алкоголь өнімдерін сатып алу үшін жеке куәлікті алып жүру шарт емес. Осыған дейін Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген ережеге сәйкес, сатушылардан тұтынушылардың түр-сипатына қарамастан құжат талап ету міндеттелген еді. Жаңа заң көпшілікке жақпай қалса керек, ұзақ уақыт күттірмей, министрлік толықтырулар енгізді. Енді саудагер сатып алушының 21 жасқа толғандығына күмәнданған жағдайда ғана құжатын сұрай алады.

Read More

Армениялық автокөліктерді тіркеудің аяқталуына аз уақыт қалды. Бүгінде Атырау облысында 2600-ден астам жүргізуші сары нөмірлі болып үлгерген. Ресми деректерге сүйенсек, өңірге барлығы 4000 автокөлік еніпті. Тұлпарын қыркүйектің біріне дейін тіркемегендер түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін. Оларға 28 мың теңге төлеу міндеттеліп, көлігі айыппұл тұрағына қойылады. Гүлназира МҰХТАРОВА, ПД баспасөз хатшысы: – Автокөліктерді тіркеу Атырау облысы бойынша облыс орталығы Атырау қаласының, Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласының және Құрманғазы селосының мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуде. Сонымен қатар, полиция департаментінің полиция басқармасындағы call-орталыққа хабарласып тіркеу ережелерін білуге болады.

Read More

Жылыойлық кәсіпкерлер ақхалаттыларға көмек көрсетуде. Вирус жұқтырғандар алғаш тіркелген уақыттан бастап жергілікті әкімдіктің қолдауымен бизнесмендер қаржылай да, заттай да жәрдемдесіп келеді. Бұл жолғы игі істі қос мекеме қолға алды. Осылайша аудандық емханаға түрлі медициналық және техникалық құрал-жабдықтар табысталды. Сейітжан БАЛЖІГІТОВ, мекеме өкілі: – Осы індетті жеңуге барымызша атсалысып жатырмыз. Бұған дейін де біраз демеушілік жасадық. Соның жалғасы ретінде тыныс алу аппараттары мен басқа да керекті құралдар әкелдік. Жалпы, аудандағы эпидемиялық ахуал тұрақты. Бүгінге дейін коронавирус пен пневмонияға шалдыққан 1053 жылыойлықтың 1045-і сауығып шыққан. Аймақта дәрі-дәрмек қоры жасақталып, күні кеше ғана өкпе аурулары ауруханасы жанынан ашылған провизорлық стационар да науқастардың азаюына…

Read More

Атыраудағы қалааралық қоғамдық көліктердің шаһардан шығуына әлі рұқсат жоқ. Өзге қалаларға тек әуе қатынасы арқылы жетуге болады. Ақмола, Алматы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарына жүретін жолаушылар пойызына шектеу қойылғалы біраз уақыт өтті. Аудандар мен басқа өңірлерге бару үшін жеңіл көлікті ғана пайдалануға болады. Ал адам тасымалына арналған арнайы автобустардың аяғы тұсаулы. Айгүл ЫСҚАҚОВА, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы: – Қалаға, ауданға тек қана жеңіл көліктің көмегімен бара алады. Оның арнайы тәртіптерін сақтау керек. Яғни, бетперде таға отырып, жүргізушіден басқа 2 адамды алып жүруге болады. Ал демалыс күндері қоғамдық транспорттың жұмысы тоқтатылады. Еске сала кетейік,…

Read More

KLPE және ТШО «Газ айыру қондырғысын» жобалау кезіндегі өзара іс-қимылдың негізгі талаптары бойынша келісімге қол қойды. Бұл туралы «Ембімұнайгаз» мекемесінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады. 18-тамыз күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Атырау облысының өндірістік кәсіпорындарына іссапармен барды. Іссапар барысында Атырау облысындағы қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының жобасы талқыланды. Бұрын жобаның серіктесі «Borealis» компаниясы болған еді. Алайда COVID-19 инфекциясының таралуы мен мұнайдың төмен бағасына байланысты туындаған жаһандық дағдарыстың салдарынан инвестицияларды шектеуге мәжбүр болған «Borealis» жобаның іске асырылуына қатыспау туралы шешім қабылдады. Соған қарамастан, «Самұрық-Қазына» мұнай-газ химиясы…

Read More