Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 қаңтар — Маңғыстау облысында бір жылдың ішінде ең қажетті азық-түліктің бағасы 37 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды CaspianLife. Сарапшылар тамақ құнының бұлай өсуіне өнімдердің 80 пайызының сырттан жеткізілуі себеп дейді. Яғни, облыстың өзінен шығатын өнім көлемі өте аз. Жергілікті кәсіпкерлер ішкі нарықты қамтамасыз ете алмайды. Ал қарапайым халықтың сұранысы күн өткен сайын артып келеді. «Айына дейтін жоқ. Бір күн үйде болсаң ертесіне тамаққа келесің. Бір күн алған тамағың үш күнге де жетпейді. Холодильник босап қалады» — деді Ақтау қаласының тұрғыны Базаргүл Төребаева. «Менің төрт балам бар. Көп балалы отбасымыз. Орташа 400 мың теңге кетеді деп спокойно айта аламын. Етті…

Read More

CaspianLife, 23 қаңтар — Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өндірісінде «QNET» қаржылық пирамидасы ұйымдастырушы және басшылығына қатысты қылмыстық тергелуде, жеп хабарлайды CaspianLife. «QNET» қаржылық пирамидасы тартылған ақша қаражаттарын кәсіпкерлік бағытта емес, тіркелушілерді басқа тұлғалардың жарналары есебінен баюға және жылжымайтын мүлікке ие болу мүмкіндігімен қатар, Республика шегінен тыс шет елдерінде саяхаттауға қызықтыру арқылы, аталған компанияға 2000 АҚШ доллары сомасында қаражат тарту арқылы азаматтарға материалдық шығын келтірілген. Осыған орай, аталған «QNET» қаржылық пирамидасы әрекетінен зардап шеккен Атырау облысы аумағынының тұрғындарынан Атырау қаласы, Абай 8 көшесі бойынша орналасқан Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне келіп арыздануға, немесе +7708 362 62…

Read More

CaspianLife, 23 қаңтар — Грант иеленгісі келген 26 атыраулық алданып қалды, деп хабарлайды CaspianLife. Полицейлердің мәліметінше, бейтаныс жан оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен грант алып беремін деп уәде етіпті. Екі жақ бір-бірімен интернет арқылы байланысып, атыраулықтар оған жалпы сомасы 30 миллион теңге аударған. Кейін сан соғып қалғанын білген жерлестеріміз құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті. Іздестіру барысында күдіктінің 31 жастағы Алматы тұрғыны екендігі, оның бұған дейін де дәл осындай қылмыс жасап, жазасын өтеп шыққандығы анықталды. Қазіргі уақытта «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қазір тіркелетін алаяқтықтың басым көпшілігі — интернет алаяқтық түрлері. Бұл адамдардың өзінің жеке деректерін, банк есепшоттарын телефонның ар…

Read More

CaspianLife, 23 қаңтар — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлықтарға қол қойды. Және Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы биыл 19 наурызда өтетін болып белгіленді деп хабарлайды CaspianLife Ақорда сайтына сілтеме жасап. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланбақ. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша,…

Read More

CaspianLife, 23 қаңтар — «Сұйытылған газ паркін сақтау» ЖШС заңсыз жолмен тапқан 2 млрд теңгеден астам ақшаны мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды CaspianLife. Компания бірнеше жыл бойы АМӨЗ-нан сатып алған сұйытылған газдың бір тоннасының бағасын 19 мың теңгеге дейін көтерген. Және мекеме басшылары сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю секілді қызметтерді жоғары бағамен сатыпты. Қазіргі уақытта автогаз бағасы литріне 19 теңгеден 7 теңгеге дейін түсірілді. Яғни, сұйытылған отынның бір тоннасы 60 пайызға арзандатылды. «Автогаздың бағасы төмендетілді. Біздің облыстағы көліктердің 30 пайызға жуығы сұйытылған отынмен жүреді. Сондықтан, жүргізушілер үшін жанар-жағармайдың дәл осы түрінің бағасының арзан болуы маңызды екені сөзсіз» — деді…

Read More

CaspianLife, 23 қаңтар — Атырауда наурыз айынан бастап қоғамдық көліктерде жолақы төлемей жүретіндерге айыппұл салынады, деп хабарлайды CaspianLife. Оның көлемі шамамен 7000 теңге. Және осы уақытқа дейін жеңілдік картасын қолдануға құқы бола тұра, оны жасатпай жүргендер де мекемеге барып картаны алулары тиіс. Ол үшін азаматтың жеке басын куәландыратын және әлеуметтік санатқа жататындығын дәлелдейтін құжат қажет. Бұл — көлеңкелі бизнестің алдын алу үшін жасалып отырған көрінеді. «Біздер 2021 мен 2022 ні салыстыратын болсақ, 2021 де бізде 27 миллион жолаушы жүрсе, 2022 жылы 32 миллионға арттық. Яғни жолаушылар саны көлеңкелі экономикадан шығып жатыр. Біз осы 2 ай турасында түсіндерме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.…

Read More

CaspianLife, 23 қаңтар — Жаңа Зеландияның премьер-министрі болып Крис Хипкинс болып тағайындалды. Ол Лейбористер партиясының жетекшісі, деп хабарлады CaspianLife. 44 жастағы Хипкинс бұл лауазымға жалғыз үміткер болды және оған Лейборис партиясының Парламенттегі 64 өкілі қолдау көрсетті. Жақында Хипкинс өз шешімін ресми түрде жариялап, конференция өткізбек. Бұған дейін Жаңа Зеландияның премьер-министрі болып Джасинда Ардерн қызмет еткен болатын.

Read More

CaspianLife, 23 қаңтар — Польшада қалың қар салдарынан кем дегенде 2 адам қаза тапты. Елдің 300 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды, деп хабарлайды CaspianLife. Көп жерлерде жолдың нашарлығына байланысты жөндеу бригадаларының апат болған жерге жетуі қиынға соғуда. Әсіресе Малопольский, Подкарпатский және Люблинский воеводстволары қиын жағдайға тап болды. Нөсер жаңбыр Сербия, Босния, Черногория, Косово және Албания өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне әкелді. Жұма күні көптеген аудандарда температура төмендеп, жаңбыр соңы қарға ұласты. Электр желілеріне зақым келді. Ауыз сумен де проблемалар бар. Ондаған адам эвакуацияланды. Тирананың солтүстік-шығысында жергілікті электр компаниясы толып тұрған су қоймаларының аузын ашуға мәжбүр болды, ауылшаруашылық жерлерін су басқан. Қолайсыз…

Read More

CaspianLife, 23 қаңтар — Жексенбі күні Сирияның сотүстігіндегі Алеппо провинциясында тұрғын үйдің құлау салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды CaspianLife. Шейх-Максуд ауданында орналасқан негізінен күрдтер тұратын 5 қабатты ғимарат фундаментінің су шаюы салдарынан құлаған. Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, үйде 7 отбасы тұрып келген. Сана мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар әлі аман қалғандарды іздестіріп жатыр.

Read More

CaspianLife, 20 қаңтар — «Облыс әкімінің орынбасары пара алғалы жатыр» деп антикор қызметкерлерін құлағдар еткен атыраулыққа 12 миллион 200 000 теңге сыйақы берілді, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл – экс-шенеунік Нұрлан Таубаев кәсіпкерден алмақшы болған пара сомасының 10 пайызы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы 134 азамат жалпы сомасы 40,6 миллион теңге сыйақы алған. Қаржылай ынталандырылғандардың көбі Атырау және Қызылорда облыстарының тұрғындары. Ереже бойынша ақша сот үкімі шыққаннан кейін беріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің құпиялылығын толық қамтамасыз етеді. Ал биылғы 3 қаңтардан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына түседі. 2022 жылы антикордың Call-орталығына 27 мыңнан астам…

Read More