Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 27 қаңтар — Биыл әлемдік өндіріс бәсеңдеп, 1,9% шамасында болады. Ал 2024 жылы аталған көрсеткіш 2,7% өсуі мүмкін. Өйткені келер жылы экономикасы алып елдер ес жинай бастайды деп күтілуде. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әлемдегі экономикалық жағдай және оның келешегі» атты есепте айтылды, деп хабарлайды CaspianLife. Құлдырауға инфляцияның жоғары болуы, монетарлық саясаттың қатаң жүргізілуі және белгісіздіктің күшеюі кері әсер етуде. Сарапшылар биыл Қытайдағы өндіріс жағдайының біржама жақсарып, 4,8% артатынын алға тартады.

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар — Еуроодақ заңсыз мигранттар көп келетін елдерге виза беру тәртібін қиындатпақ, деп хабарлайды CaspianLife. Ұйымның миграцияға жауапты министрлері бүгін Стокгольмде бас қосып осы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ келімсектерді отынаны қайтару жолдарын қарастырды. Осыдан үш жыл бұрын Еуроодақ билігі өз азаматтарын қайтаруға құлшынысы жоқ мемлекеттерге виза беруді шектеуге келіскен болатын. Алайда осы мезгілге дейін бұл шара тек Гамбияға қарсы қабылданды. Еуропалық комиссия Ирак, Сенегал және Бангладешке де осындай шектеу қоюды ұсынып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Еуроодақта тұруға рұқсат жоқ келімсектердің тек 21 проценті ғана өз отанына қайтарылды.

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар — Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарынан бастап жанармайдың көтерме бағасы арзандап жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. Мекеменің хабарлауынша, алдағы айда бағаны кезең-кезеңімен төмендету нәтижесінде, елдің ірі мұнай трейдерлері тариф саясатын қайта қарап, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) 1-1,5 айға жететін қоры болса жанармай бағасын 5-6 сомға түсіреді. Мониторинг дерегінше, биылғы қаңтарда АИ-92 маркалы жанармайдың орташа бағасы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 сомға арзандады. Дегенмен дизель отынының орташа бөлшек бағасы, керісінше, бір жыл ішінде 58,8-ден 74,1 сомға қымбаттады. Сондай-ақ, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сарапшылар жанармай бағасы 1,5-2 сомнан артыққа арзандамайды деген болжам жасап отыр. ҚР-ның ЖЖМ нарығында табиғи монополия құрылған, отынның басым…

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар — Атырауда ұстаздарға төленетін сауықтыру жәрдемақысына қатысты мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. Салалық кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, мектеп есепшілері ақшаны педагогтың жасаған жұмысына қарап емес, тарификацияға сәйкес төлеп отырған көрінеді, деп хабарлайды CaspianLife. «Мұғалім уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін және вакант сағаттарды екі айдан астам жалғастырған жағдайда, соның ішінде еңбек ақысы каникул кезінде де нақты педагогикалық жүктемемен төленуге тиісті. Ол үшін мұғалімнің еңбекшартына тарифке өзгерістер енгізу керек. Заменде осылай төленуі тиіс. Жұмыс берушілер мектеп директорлары біздің келісімді мойындағысы келмейді. Оларға ҚР ӘКК 3 тармақшасына сәйкес ұжымдық шарт заңды құқықтық акт болып табылғаннан кейін 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға…

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар — Ақтауда психикалық орталық пациенттері аштық жариялап, өз ауыздарын өздері тігіп тастады. Олар орталық басшылығы мен қызметкерлеріне құқығымызды бұзды деген айып тағып отыр. Және әлеуметтік жағдайлары да мәз емес. Берілетін тамақ та құнарсыз көрінеді, деп хабарлайды CaspianLife. «Оңтайландыру бағдарламасы жұмыс жасамайды мүлде, жоқ деп айтуға болады. Бізге беретін астарын тамақ деп айту қиын. 50 грамм деп жазғанмен, алдымызға келетін тамақтың түріне де қарау қорқынышты. Сұмдық!» — деді пациент. Науқастар соңғы сегіз айдан бері халіміз мүшкіл болған соң, қарсылық ретінде амалсыздан аузымызды тігуге мәжбүр болдық дейді. Өйткені, бас көтеріп, жағдайды айтқандарды қызметкерлер қорқытып, ұрып-соққан. «Санитарлар бізді әуелі қорқытты,…

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар — Ауғанстанда небәрі 2 апта ішінде шыңылтыр аяздан 158 адам көз жұмды, деп хабарлайды CaspianLife. Биыл Ауған жерінде соңғы 15 жылда болмаған ең қатал қыс тіркеліп отыр. Ауа температурасы минус 34 градусқа жетеді. Соның салдарынан жұрт тоңып, бүрсең қағып жүр. Үскірік аязда киетін киімі де, үйді жылытатын жылуы да жоқ. Осыған байланысты тұрғындар халықаралық қауымдастық тарапынан көмек сұрап отыр. Өйткені тәліптер билік басына келгенде гуманитарлық ұйымдардың көбі бұл елдегі қызметін тоқтатқан болатын.

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар — Германия астанасында барлық әуе рейсі тоқтады. Бұл шешімге ауа райының қолайсыздығы емес, қызметкерлердің ереуілі себеп болып отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Әуежайдың 6 мыңға жуық қызметкері өз міндетін орындаудан бас тартты. Әдетте құмырсқаның илеуіндей тіршілігі қайнап жататын Берлиндегі әуежай бүгін қаңырап бос тұр. Жұмысшы да, жолаушы да жоқ. Қызметкерлердің ереуілі салдарынан бүгін ұшуы тиіс 300-ден астам рейс тоқтады. Ұшып келе жатқан әуе кемелерінің бәрі дерлік Дрезден мен Лейпциг әуежайларына бағытталды. Әуре-сарсаңға түскен 35 мыңға жуық жолаушыға ұшу күнін өзгертуге немесе пойызды пайдалануға кеңесі берілді. Бұл көпшіліктің ашуын тудырды. Ал ереуілді ұйымдастырған – Верди кәсіподағы. Жұмысқа шықпай, қыр…

Read More

CaspianLife, 26 қаңтар — Америкалық Google трансұлттық корпорациясы Калифорния штатында 1800-ден астам жұмыс орнын қысқартпақшы, деп хабарлайды CaspianLife. Alphabet холдингіне тиесілі Google ақырындап 12 мың қызметкерін қысқартатынын хабарлады, бұл — оның әлемдегі қызметкерлерінің жалпы санының шамамен 6 пайызы. Компанияның Калифорниядағы 1845 лауазымы наурыз айында қысқарады. Қызметкерлерді қысқартудың басым бөлігі АҚШ-тың Силикон алқабындағы қалаларында болады: Маунтин-Вьюде — 1436 жұмыс орны, Сан-Брунода — 119 және Пало-Альтода — 53 жұмыс орны. Зардап шеккен жұмысшыларға зауыттың жабылуы немесе жаппай жұмыстан босатылуы туралы кемінде 60 күн бұрын жазбаша хабарлама жіберуді талап ететін жергілікті еңбек заңына байланысты қысқарту 31 наурызда басталады. Жұмыс орындарын қысқарту компания табысының…

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар — Қауіпсіздік ережесін елемеу. Өрт сөндіру құралының жоқтығы немесе жарамсыздығы. Жылыойда құтқарушылар көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды CaspianLife. Олар жүргізушілерге машинаның электр сымдарының жағдайын жиі тексеріп тұру керектігін ескертіп, өрт сөндіру құралдарына көз жүгіртуді де ұмытпады. Нәтижесінде көпшілігінің пайдалану мерзімінің өтіп кеткендігі және мүлде жарамсыз екендігі анықталды. «Аудан көлемінде 2022 жылы көліктегі өрт оқиғаларының 17 дерегі тіркелді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5 дерекке өсіп отыр. Көліктегі өрт оқиғаларының негізгі себептері электр желілердің қысқа тұйықталуы. Көліктегі өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында ТЖБ-мен профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде атқарылуда» — деді Жылыой аудандық ТЖБ бас маманы…

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар — Атырауда интернет алаяқтықтың құрбандары артып келеді, деп хабарлайды CaspianLife. Былтыр полицейлер бұл бойынша 710 іс тіркепті. 2021-мен салыстырғанда 5%-ке көп. Ал, биыл қаңтар айының өзінде 43 тұрғын интернет алаяқтардың арбауына түскен. Бұған тұрғындардың аңғалдығы себеп дейді мамандар. Олардың сөздеріне сенсек, зардап шегушілер экранның ар жағындағы бөгде адамға жеке деректерін еш күмәнсіз бере салған. Әсіресе, интернет магазиндер арқылы сауда-саттық жасағанда осындай фактілер жиі кездесетін көрінеді. «Құрбан болмау үшін алдын ала ақшаны аудармау қажет. Мысалы, затты ОЛХ-ке, Крыша.кз сайттарында жарнамалағанда ақша аудармау керек. Ол жеке куәлігін жіберуі мүмкін сендіру үшін. Ал ол алаяққа тиесілі болмауы мүмкін» — деді…

Read More