CaspianLife, 31 қаңтар — Мақат стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол бойындағы қауіпсіздікті күшейтуге кірісті. Мақат арқылы тәулігіне 25-тен астам жолаушы және 45-тен астам жүк пойызы өтеді. Сондықтан тоғыз жолдың торабы — өте қауіпті аймақ саналады. Дегенмен мұны елемейтіндер көп. Күні кеше теміржол бойындағы рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді пойыз қағып кетті, деп хабарлайды CaspianLife. Қазір ол Атырау облыстық ауруханасында жатыр. Бұл — ауданда 2013 жылдан бері тіркелген екінші оқиға. «Бұл бойынша Атырау желілік полиция бөлімімен ҚР-ның 344 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған болатын. Біздің тарапымыздан әрқашан жылына 7-8 мәрте «Абайлаңыз! Басып кету қауіпі бар!» сонымен…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 31 қаңтар — Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қарасты №2 жатақхананың студенттері қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Өйткені олар тұрып жатқан ғимараттың құлау қаупі бар көрінеді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы осылай деп алдын ала қорытынды шығарыпты, деп хабарлайды CaspianLife. «Мына біздің екінші жатақханада аталған ақаулықтарға байланысты қараша айында анықтаған болатынбыз. Соны анықтағаннан кейін мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияладық. Техникалық қауіпсіздік туралы сараптама беруге. Оның қорытындысы бойынша бір мекеме анықталып олар бізге жәй жөндеу деп анықтама берген. Енді міне кенеттен жарық көбейіп кетіп, құрылыс басқармасы мамандарының көмегіне жүгініп шақыртқан болатынбыз. Олар келіп зданиенің құлау қаупі бар деді. Сол себепті жатақхананы босатып…
CaspianLife, 31 қаңтар — Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабаралайды CaspianLife. №1 Атырау қалалық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, қойма ішінен өзіне тиесілі 87 дана жылу батареясын, 15 қорап ішіне оралған 10 дана газ есептегіші мен 20 дана болатын су есептегішін жасырын ұрлап оқиға орнынан бой тасалап кеткендігі жөнінде арызданды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы құны — 5 325 000 теңге. Қазіргі таңда күдіктілер анықталып ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 31 қаңтар — Атырау қаласының аумағында түтін иісінің шығуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында, әуеден барлау жұмыстарын жүргізу үшін «Казавиақұтқару» АҚ МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері аэровизуалды зерделеу жұмыстарын жүргізді. Барлау жұмысы барысында қаладан 70 шақырым жерде 3 жану ошағы анықталды.
CaspianLife, 31 қаңтар — Қытай мен Ресей арасындағы сауда айналымы 2022 жылы 29,3 пайыз артып, 190,27 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жаңа рекорд, деп хабарлайды CaspianLife. Атап айтқанда, Қытай тауарларының Ресейге экспортының көлемі 12,8 пайызға артып, 76,12 млрд долларға жетті, ал Қытайға ресейлік тауарлар импортының көлемі 43,4 пайызға өсіп, жылдық есептеу бойынша шамамен 114,15 млрд долларды құраған.
CaspianLife, 31 қаңтар — Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) биыл мұнай баррелінің бағасы 16,2 пайызға арзандап, 81,13 долларға дейін төмендейді деп болжайды. Бұл туралы ХВҚ-ның дүйсенбіде жарияланған жаһандық экономиканың даму перспективалары туралы баяндамасының қаңтардағы жаңартылған мәліметінде айтылған, деп хабарлайды CaspianLife. «2023 жылы мұнай бағасы шамамен 16%-ға төмендейді, ал жанармайға жатпайтын шикізат тауарлардың бағасы орта есеппен 6,3%-ға төмендейді деп күтілуде», — деді баяндама авторлары. «2022 жылғы 29 қарашадағы фьючерстік нарықтарда есептелген орташа болжамды баға 2023 жылы 81,13 доллар және 2024 жылы 75,36 доллар болады», — делінген. Осылайша, келесі жылы мұнай бағасы 7,1 пайызға төмендейді. ХВҚ-ның пайымдауынша, «энергия нарықтары Украинадағы жанжалдан туындаған (экономикалық)…
CaspianLife, 31 қаңтар — Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы мешіттегі лаңкестік әрекеттен көз жұмғандар саны 83-ке дейін өсті, 150-ден астам адам жарақат алды. Қаза тапқандардың көпшілігі полиция қызметкерлері, деп хабарлайды CaspianLife. Ауруханаға барған елдің премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылыстың артында тұрғандарға қарсы «қатаң шаралар» қабылдауға уәде берді. Бастапқыда теракт үшін жауапкершілікті пәкістандық Талибан командирі өз мойнына алған еді, бірақ кейінірек ұйым діни нысандарға жасалған шабуыл оның саясатына қайшы келетінін түсіндіріп, шабуылға қатысы жоқтығын айтқан. Қаланың қатаң қорғалатын аймағында орналасқан сунниттік мешіттегі шабуыл соңғы жылдардағы Пәкістан қауіпсіздік күштеріне жасалған ең қауіпті шабуылдардың бірі болды. Қазір оқиға орнында құтқарушылар тірі қалғандар мен қаза тапқандарды…
CaspianLife, 30 қаңтар — Атырауда «Жастар» театрының ұжымы поэзия кешін өткізді. Кеште Күләш Ахметова, Қалқаман Сарин, Танакөз Толқынқызы, Әлия Дәулетбаева және Санжар Ғұлама сынды ақындардың өлеңдері оқылды. Пандемиядан кейін алғаш рет ұйымдастырылған рухани іс-шараға жиылғандар залды лық толтырды, деп хабарлайды CaspianLife. «Жастар театрының нағыз талантты, майталмандары айтқан кезде қазақтың әндері, өлеңдері құлақтан кіріп, жүректі тербеді. Бұл тек қана бастамасы деп үміттенеміз, әлі де келеміз, әлі де көрермен боламыз» — деді көрермен Дастан Камалов. «Қазіргі кезде адамдардың ішкі депрессиясы, ішкі түйсігі, ішкі әлемі көбіне шықпай жатады. Осындай кеш арқылы, қазір куә болып жатырмын, жастар эмоцияға беріліп көздеріне жас алып жатыр. Керемет…
CaspianLife, 30 қаңтар — Құлсары қаласындағы сөйлеуді дамыту орталығы аз қамтылған отбасыдан шыққан 10 баланы тегін қабылдамақ. Мұны ата-аналар мен демеушілер алдында есеп берген орталық басшысы айтты, деп хабарлайды CaspianLife. «Біздің орталыққа тек қана сөйлеу тілі бұзылған балалар ғана келмейді, себебі бізде есту аппараты бұзылған балалар да көптеп кездеседі. Биылғының өзінде біз 2 балаға дұрыс диагностикалаудың арқасында 2 бала аппарат тақса, 1 бала имплярный плант қондырды. Одан бөлек көзі нашар көретін балаға да, қазіргі таңда көзілдірік тақты. Тек қана сөйлеу тілі деп алып келіп, соңғы кезде тек қана сөйлеу тілі емес, оның түсінігінің төмендігі, немесе ойын жеткізе алмайтын балалар санының…
CaspianLife, 30 қаңтар — «Үмбеті үлгі еткен әз-Мұхаммед». Атырау облыстық дін істері басқармасы және «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен зияткерлік сайыс өтті. Оған аудандардан келген 135 атыраулық қатысты. Телефон қосымшасы арқылы өткен іріктеу сайысында 30 адам келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды CaspianLife. Бірінші бөлімде олар түрлі сұраққа жылдам жауап беріп жарысты. Екінші кезеңде «Мен Пайғамбарды көрсем не істер едім?» деген тақырыпта эссе жазды. Сайыс нәтижесінде үшінші орын иеленген исатайлық азамат Түркістан қаласындағы, ал екінші орынға ие болған Мақат тұрғынына Астана қаласындағы қасиетті жерлерге зиярат етуге мүмкіндік беретін жолдама берілді. Жүзден жүйрік шыққан мақаттық тағы бір тұрғын кіші қажылыққа баратын болды.…
