CaspianLife, 6 ақпан — Алдағы уақытта су тарифі 2,8 есеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті өткізген қоғамдық тыңдау кезінде айтылды, деп хабарлайды CaspianLife. Департаментке «Атырау облысы Су арнасы» мекемесінен тарифті көтеру туралы өтініш түсіпті. Облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын шығынға әбден батқандықтан осындай қадамға бармақшы көрінеді. Мысалы, мекеменің жеткізушілерге бережағы 800 млн.теңгеден асады. Одан бөлек өздерінің шығындары 1,5 млн теңгеге жетіпті. «Өндірістік персоналдың орташа жалақысы 120-130 мың теңге. Бұл бүгінгі күні біздің қызметкерлермен жасалып жатқан жұмыстарына мүлдем сәйкес келмейді. «Атырау облысы Су арнасы» КМК тарифтер мен инвестициялық бағдарламаны 2023-2028 жылдар аралығына…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 6 ақпан — 18 секунд. 761 өтініш. Бұл бүгін басталып, жарты минутқа да жетпей аяқталған жеңілдетілген автонесиеге өтініш берген қазақстандықтардың саны. Астана уақытымен сағат онда жұмысын бастаған платформаның ашылуынан жабылуы тез болды. Сайт ашылған бойда 125 мың адам өтініш беруге тырысыпты. Бірақ жарықтың жылдамдығынан да тез қимылдағандары үлгерді, деп хабарлайды CaspianLife. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқармасындағылардың айтуынша, «кешіктім» деп көптің салы суға кетпесе болады. Өйткені ендігі жерде өтініш наурыздан бастап ай сайын қабылданады. Толық ақпаратты аталған қордың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан біле аласыздар.
CaspianLife, 6 ақпан — Атырауда дзюдодан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы 800 ұл-қыз қатысып, 30 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Дағыстан, Қалмақ республикасынан келгендер де болды. «Мен 12 жастамын. Спорттың осы түрі ұнайды. Болашақта олимпиада чемпионы болғым келеді» — деді спортшы Мұсағажы Исрапилов. «Қатысып келе жатқаныма 2017-ден бері 5 жыл болды. Мен осы жарысқа 2 ай дайындалдым. Осының арқасында 1 орын алдым. Осы спорт түрінен болашақта тренер болғым келеді» — деді спортшы Гүлфия Молдағали. Ұйымдастырушылардың айтуынша жарысты өткізгендегі мақсат – балалар мен жасөспірімдер арасында дзюдо спортын насихаттап, болашақта олимпиада чемпиондарын шығаруға ықпал ету көрінеді.…
CaspianLife, 6 ақпан — Түркиядағы жойқын жер сілкінісі көршілес Сирия, Ливан, Кипр мен Мысырда да сезілді. Сирияда зілзаладан ажал құшқандар саны 600-ден асты, деп хабаралайды CaspianLife. Тағы мыңнан аса адам жарақат алған. Ондаған үй мен ғимарат қирады. Табиғи апаттан әсіресе Алеппо қаласы қатты зардап шекті. Ел билігі көз жұмғандар қатары әлі өсуі мүмкін дейді. Өйткені қирандылар әлі толық тексерілген жоқ. Құтқару жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдардың еріктілері де белсене атсалысып жатыр.
CaspianLife, 6 ақпан — Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 912 адамға жетті, 5385 адам жарақат алған, деп хабарлайды CaspianLife. Ошағы Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында болған 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл елде 1939 жылы болған зілзаладан кейінгі ең қуатты жер сілкінісі болып отыр. Ол кезде 33 мың адам мерт болған еді, 100 мың адам жарақат алды. Сондай-ақ зілзаладан Сирияның Алеппо, Латакия және Тартус сияқты бірнеше провинциясы қирады. Реджеп Тайип Эрдоған Анкараның әлемнің 45 мемлекетінен көмек…
CaspianLife, 6 ақпан — Өткен демалыста Аустрия, Италия және Швейцария аумағында Альпідегі бірнеше тау шаңғысы курортында көшкін кезінде 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife. Аустрия билігі қар көшкіні қаупінің төртінші, екінші дәрежелі деңгейін енгізді. Тәжірибесі жоқ шаңғышыларға ашық шаңғы трассаларында, ал тәжірибелі шаңғышыларға тік беткейлерден аулақ болуға кеңес берілді. Қар көшкіні қаупі Аустрия мен Италияның солтүстігінде орналасқан тарихи Тироль аймағына жауған қалың қар мен қатты желден кейін жоғарылады. 4 ақпан күні онда 30-дан астам көшкін тіркелді. Бірнеше адам әліге дейін із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, себебі ауа райының қолайсыздығынан құтқару жұмыстары баяулаған. Тиісті ескертулерге қарамастан, батыс Аустриядағы тау шаңғысы курорттарында мектеп…
CaspianLife, 3 ақпан — «Атырау мұнай өңдеу зауытының» бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатаң сөгіс беріліп, оның бірінші орынбасары Рахымжан Жанғабыл қызметінен босатылды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырауға арнайы келген «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма басшысы Мағзұм Мырзағалиев соңғы кездері зауыт жұмысында жиі үзіліс болып жүргенін айтып, ендігі жерде жауаптыларға қатысты барынша қатаң шара қолданылатынын ескертті. «Өйткені елде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып тұрғанда мұндай жағдайға жол беруге болмайды», — деді ол. Басқарма басшысының бұлайша ашуға мінуіне 1 ақпан күні зауыттағы каталитикалық крекинг қондырғының істен шығуы себеп. Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша регенератордағы температура көтеріліп кеткендіктен, қондырғының жұмысы тоқтатылған. Мағзұм…
CaspianLife, 3 ақпан — Германияның Реклингхаузен қаласында жүк пойызы 2 баланы қағып, жүздеген метр жерге дейін сүйреп кеткен, деп хабарлайды CaspianLife. Салдарынан 1 бала көз жұмды. Тағы біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жас шамасы белгісіз. Тергеу жұмстары басталды. «Бұл жағдай неге және қалай болды деген сұраққа қазір нақты ешкім жауап бере алмайды әрі бұл ештеңені шешпейді. Ата-аналарға осы қайғыны көтере алатындай күш-қуат берсін деп тілеймін. Ауруханада жатқан баланың амандығын тілеуден басқа амалымыз жоқ» — деді Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағының Ішкі істер министрі Герберт Реул.
CaspianLife, 3 ақпан — Ливан астанасы Бейрутта суда жүзіп жүретін әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. Әзірге оның қорында әртүрлі жанрдағы 5 мың кітап бар, деп хабарлайды CaspianLife. 2009 жылы неміс белсенділері жасақтаған бұл кеме 150 елдің 480-нен астам теңіз айлағында болған. Содан бері 49 миллион библиография түзіліпті. Игілікті іске 70 ұлттан 350 ерікті атсалысқан. Жобаның мақсаты — жылдар бойы азаматтық соғыстан, саяси қақтығыс пен экономикалық дағдарыстан көз ашпаған Ливан сияқты елдердің тұрғындарына бейбітшілікті насихаттау.
CaspianLife, 3 ақпан — 2022-жылдың қорытындысы бойынша әлемде азық-түлік тауарларының бағасы өсті, деп хабарлайды CaspianLife. БҰҰ-ның сарапшылары жаппай бағаның өсуі бірінші рет тіркеліп отыр дейді. Әсіресе дақылдардың бағасы шарықтап кеткен. Желтоқсан айында, астықтың бағасы тұрақталды. Сатушылар арасында бәсеке күшейіп, ахуал сәл жақсарған. Сондай-ақ, әлем бойынша өсімдік майы, сүт өнімдері, ет және қант қымбаттаған.
