CaspianLife, 16 ақпан — Бірнеше ит талаған 8 жасар баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды CaspianLife. Оған ота жасалған. Басы, беті, аяқ-қолы, денесінің көп бөлігінде тістің ізі қалыпты. Дәрігерлер оған алдағы уақытта өзге де мамандардың көмегі қажет болатындығын айтады. «Баланың жағдайы ауыр. Тағы бірнеше рет ота жасалуы мүмкін. Қалпына келуі үшін ұзақ ем алуы қажет. Және психолог, неврологтардың көмегі керек болады» — деді Атырау облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Хван. Куәгерлердің айтуынша, оқиға қала маңындағы ауылдардың бірінде болған. Сабақтан шығып келе жатқан баланы бірнеше ит талаған. Мұны көріп қалып, көмекке жүгірген мектеп күзетшісі болмағанда жағдайдың бұдан да қиын болуы…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 ақпан — Бүгін сағат 15:00 шамасында Атырау-Индер тас жолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды CaspianLife. Салдарынан Lada Granta автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнында, 61 жастағы жолаушы ауруханада қаза тапты. Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Соққыдан кейін Toyota Ipsum көлігі өртенген, өрттен зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
CaspianLife, 15 ақпан — 6 күнде 235 атыраулық депутаттық мандаттан үмітті кандидат ретінде ресми тіркелді, деп хабарлайды CaspianLife. Яғни барлығы құжаттарын дұп-дұрыс қып қаттап, тексерістерден өтті деген сөз. Бұл сан 18 ақпанға дейін бірнеше рет өзгереді. Қазіргі кезде қалған 261 адамның құжаты қаралып, тексеріліп жатыр. Жалпы Атырау облысы бойынша мәжіліс және мәслихат депутаты болуға 496 тұрғын өтініш берген еді. «Ең үлкен бәсекелестік мәжіліске, яғни бір мандатты округта 1 орынға 19 адамды құрап отыр. Ал мәслихаттар бойынша облыстық және қалалық мәслихаттарда бір орынға 4 адамға дейін келіп отыр. Мәслихаттар бойынша орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды. Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың құжаттарын қарап,…
CaspianLife, 15 ақпан — Атыраулық нейрохирургтар бес айлық сәбиге алғаш рет заманауи эндоскопиялық тәсілмен ота жасады, деп хабарлайды CaspianLife. Бала туабітті сирек кездесетін краниостеноз ауруына шалдыққан. Бұл – бас сүйегі жігінің ерте бітуі деген сөз. Нәтижесінде мидың дамуына кедергі келеді. Шұғыл түрде ота жасалмаса сәбидің сал болып қалуы немесе тіпті шетінеуі мүмкін. Дәрігерлер дәстүрлі тәсілмен ота жасаудың салдары ауыр болатындығын ескеріп, осы жолы эндоскопиялық әдісті қолдануды ұйғарыпты. «Қазір баланың жағдайы бірқалыпты, ем алып жатыр, осы аптада ауруханадан шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл әдістің ерекшелігі сол – бассүйек 2 жерден тесіліп, нейроэндескоптың көмегімен ота жасалады. Пациент көп қан жоғалтпайды және ауруханада ұзақ…
CaspianLife, 15 ақпан — «Атырау жылу жүйелері» АҚ қызметкерлері айлықтарын көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты, деп хабарлайды CaspianLife. Қарапайым жұмысшылардың арасында әлі күнге дейін 60 мың теңге еңбекақыға күн көріп жүргендер бар. Және олар бір емес, бірнеше адамның жұмысын істейді «Мен қазір қосымша жұмыспен күн көрем. Менің жұмысым түнгі жұмыс болғандықтан, қосымша жұмыстан келіп, түнгі жұмыс істегенде, өте қиын маған. Бұл жерде антимонополия 10 жылдан бері өсірген жоқ. Олар әр 5 жыл сайын қарап отыру керек соны» — деді «Атырау жылу жүйелері» АҚ қызметкері Райхан Шәукенов. Қазіргі уақытта компанияда 670 адам еңбек етеді. Айлығы жақсы дегендердің табысы 150 мың теңгеден…
CaspianLife, 13 ақпан — Атырауда темір ұрлаған 2 күдікті ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. 1 ақпан сағат 22:30 шамасында Махамбет ауданындағы полицияға 50 жастағы азамат хабарласып, шаруа қожалығы ішінен өзіне тиесілі темір құбырлар мен автокөліктің бөлшектерін белгісіз адамдар ұрлап кеткенін айтқан. Жедел-іздестіру шарасы кезінде 31 жастағы екі күдікті анықталды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
CaspianLife, 13 ақпан — Атырау қаласында биыл тоғыз балабақша пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Садуахасова мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысында 42 895 баланы қамтитын 319 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 252 мемлекеттік, 67 жеке меншік. Аталған мекемелердің 151-і балабақша, 101-і шағын орталық. Олардағы балалар саны – 38 884. Ал, жекеменшік мектепке дейінгі ұйым саны 67, оның ішінде 58 балабақша, 9 шағын орталық бар. Контингент 4011 баланы құрайды. «Кезектілікті толық жою мақсатында облыс бойынша 2025 жылға дейін жалпы 56 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жоспарлануда. Ал қазіргі уақытта қала бойынша…
CaspianLife, 13 ақпан — «Теңіз» кен орнындағы «Сенімді құрылыс» компаниясының жұмысшылары наразылықты тоқтатты. Қазір мұндағы жағдай қалыпты, қызметкерлер жұмыстарына кіріскен. Атырау облысының бас еңбек нспекторы Игілік Әубәкіровтың айтуынша, арнайы құрылған комиссия жұмысшылар қойған талаптар бойынша оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды CaspianLife. «Банағы ереуілге шыққан заңсыз ереуіл деп есептеймін мен оны. Шыққан адамдарға тиісті ақпарат келмегендіктен шығар. Өздерінің сондай талапты қойып жатқаны. ++Жаңағы жалақыдан басқа мәселелер оң шешімін табады деп уәде берді мекеме басшылары. Мекеме басшылары тұрмыстық жағдайлар басқа да кадрлық мәселелер бойынша. Ал жалақы көтеру бойынша сол бекітілген 8,4 пен 300 мың теңге әрбір жұмысшыға ол солай берілетін болады»…
CaspianLife, 13 ақпан — Атырауда тұрақтандыру қорының көкөністері 3-5 келіден артық сатылмайды. Мұндай шектеу қордағы картоп пен пиязды, сәбіз бен қырыққабатты сәуір айына дейін жеткізу үшін жасалып отыр, — дейді «Атырау» ӘКК» АҚ өкілдері. Күзде жиналған жергілікті өнім күн жылынып, сырттан келетін көкөністің үлесі артқанға дейін бағаны ұстауға аз да болса көмек, — дейді мамандар. Қазіргі уақытта қоймада 1125 тонна көкөніс қалған, деп хабарлайды CaspianLife. Тұрақтандыру қорындағы көкөністер Атыраудағы 4 базар мен 2 павильонда сатылады. Мамандардың айтуынша, ондағы баға нарықтағы құннан 20 пайызға төмен. Қазіргі уақытта ондағы пияздың 1 келісі 138 теңге. Мамандар осы тұрақтандыру қорындағы өнімдердің сапасын бақылауда ұстап…
CaspianLife, 13 ақпан — Демалыс күндері Палестина анклавынан жасалған зымырандық шабуылдарға жауап ретінде Израиль дүйсенбі күні Газаға әуе шабуылдарын бастады, деп хабарлайды CaspianLife. Израильдің әуе шабуылы сенбі күні Газа секторынан израильдік елді мекендерге зымыран ұшыруына жауап болды. «Сенбі күні Газа секторынан Израильге зымыран ұшыруға жауап ретінде ЦАХАЛ жойғыш ұшақтары ХАМАС лаңкестік ұйымына тиесілі зымырандар жасау үшін пайдаланылатын шикізаты бар жерасты нысанына түнде шабуыл жасады», — делінген Израиль қорғаныс күштерінің мәлімдемесінде. Израиль әскерилерінің хабарлауынша, Газа шекарасына жақын елді мекендерге жасалған әуе соққыларынан кейін әуе шабуылының сиреналары естілген. Сондай-ақ Израиль әскерилері барлық жауапкершілікті палестиналық Хамас тобына жүктеді. «ЦАХАЛ ХАМАС-ты Газадан шыққан барлық…
