Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 ақпан — Түркия Үкіметі жанындағы Табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) жаңартылған мәліметі бойынша, Түркияның Қахраманмараш аймағындағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 31 643 адамға жетті, деп хабарлайды CaspianLife. Өткен дүйсенбі, 6 ақпан күні Қахраманмарашта эпицентрі жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл елде жартылай түсірілді. Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдегі Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде…

Read More

CaspianLife, 13 ақпан — 10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды деп хабарлайды CaspianLife. «10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан әйелдің денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектескен. Марқұмның денесі Талдықорған қаласына жеткізілген. «Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына…

Read More

CaspianLife, 13 ақпан — Атырау облысының Махамбет ауданындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аумағында сапар орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы музей-қорық директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар айтып берді, деп хабарлайды CaspianLife. «Сарайшық» музей-қорығының аумағында салынып жатқан сапар орталығының басты мақсаты – ежелгі қалашықтың, сондай-ақ Алтын Орданың, Ноғай Ордасының және Қазақ хандығының тарихымен танысуға келетін туристер үшін барынша жағдай жасау. Сарайшық Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек Жолында орналасқан XIII-XVI ғасырлардағы ең танымал қалалардың бірі болған. Білімі, ғылымы, қолөнері мен саудасы дамыған. Жайық өзенінің оң жағалауындағы ежелгі қала ислам дінінің орталығы ретінде танылған. Ұлыс ыдырағаннан кейін Сарайшық Ноғай (Маңғыт)…

Read More

CaspianLife, 11 ақпан — Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Теңіз кен орнындағы жағдайға байланысты ақпарат таратты, хабарлайды CaspianLife. Бүгін сағат 10:30-да үзіліс кезінде Теңіз кен орнының үшінші буын зауытының 42-учаскесіне тартылған «Сенімді құрылыс» ЖШС-нің 200 қызметкері жиналып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бір реттік сыйақыға қатысты түсіндірме беруді талап еткен. Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Теңіз кен орнында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, «Сенімді құрылыс» басшылығы мен жұмысшылары, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар. Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады.

Read More

Атырау облысында 23 қойды ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. 9 ақпан Қызылқоға ауданының 39 және Мақат ауданының 37 жастағы тұрғындары өзара келісіп, өзгенің қорасындағы 23 бас қойын ұрлаған. Олар қойларды бос тұрған қыстаққа жасырып, кейін 37 жастағы күдіктінің  ВАЗ 2114  автокөлігімен өздерінің қорасына тасыған. Қызылқоғалық полицейлер күдіктілерді ұстап, оларды қамауға алды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 7 ақпан — Әуелі үсті-үстіне жауған қар, кейін ақпандатқан боран атыраулықтарды әбігерге әбден салды. Табиғаттың тосын мінезіне қала билігі дайын болмай шықты. Қаланың сырт жағын айтпай-ақ қояйық, орталық саналатын көшелердегі күртік қардан машиналар қозғала алмай, жаяулар омбылап жүр. Көше тазалығына жауапты коммуналдық мекеме өзіндегі техника жетпеген соң, жеке компаниялардан арнайы көліктерді жалға алуға кірісті, деп хабарлайды CaspianLife. «Міне қазір көріп жатырсыздар шынымен қар көп жауып жатыр. Соған қарамастан біз өз күшімізді жұмылдырылдық. Қазір жеке кәсіпкерлерден 20 техника алдық. Жеке кәсіпкерлердің техникасы. Оны өзіміз жалдап алып отырмыз. Осы ауа-райының қолайсыздығына байланысты» — деді «Арнаулы Автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов. Қаланы…

Read More

CaspianLife, 7 ақпан — Атыраулық полицейлер екі баласын сатып жіберген ананы ұстады, деп хабарлайды CaspianLife. Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны 1 жасар сәбиін атыраулық тұрғынға сатқан. Бейресми дерек бойынша, келіншек екі адамға баласын ұсынып, көп ақша бергеніне ұстатып жіберіпті. Ал нәрестенің әкесіне «бала қайтыс болды» деп алдаған. Оралдық келіншектің бұдан бұрын да 2 жастағы баласын сатып жібергендігі анықталған. «Қазіргі таңда ҚК 135 бабы, 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау изоляторына алынды. Сонымен қатар, сот биологиялық сараптамалар тағайындады» — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Read More

CaspianLife, 6 ақпан — Атыраулықтар қала көшелерінің қардан жөнді тазаланбай жатқандығына ашулы. Жүргізушілер қарға адым жерге жету мұң болды дейді. Өйткені көлік жолы шыбын тайып жығылардай. Жаяу жүргіншілер де көз көретін жерлерге күрек тиіп, қалғанының қары сіресіп жатқандығын айтады, депабарлайды CaspianLife. Коммуналдық қызметкерлер де өткен жұмадан бері бел шешпестен жұмыс жасап жатыр. Бірақ 350 мыңнан астам халқы бар қаланы үсті-үстіне жауған қардан тазалауға 300 жұмысшы мен 37 техниканың аздық ететіні айтпаса да түсінікті. Дегенмен «жоқтан жақсы» деп өз-өзімізді жұбатудан басқа амал болмай тұр. Қолдары үлбіреп қалғанша қар тазалап, мұз ойып жүрген жұмысшылар да күрек-кетпен жағынан тапшылық жоқ екендігін, бірақ арнайы…

Read More