CaspianLife, 7 ақпан — Атыраулық полицейлер екі баласын сатып жіберген ананы ұстады, деп хабарлайды CaspianLife.
Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны 1 жасар сәбиін атыраулық тұрғынға сатқан. Бейресми дерек бойынша, келіншек екі адамға баласын ұсынып, көп ақша бергеніне ұстатып жіберіпті. Ал нәрестенің әкесіне «бала қайтыс болды» деп алдаған. Оралдық келіншектің бұдан бұрын да 2 жастағы баласын сатып жібергендігі анықталған.
«Қазіргі таңда ҚК 135 бабы, 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау изоляторына алынды. Сонымен қатар, сот биологиялық сараптамалар тағайындады» — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.