CaspianLife, 6 ақпан — Атыраулықтар қала көшелерінің қардан жөнді тазаланбай жатқандығына ашулы. Жүргізушілер қарға адым жерге жету мұң болды дейді. Өйткені көлік жолы шыбын тайып жығылардай. Жаяу жүргіншілер де көз көретін жерлерге күрек тиіп, қалғанының қары сіресіп жатқандығын айтады, депабарлайды CaspianLife.
Коммуналдық қызметкерлер де өткен жұмадан бері бел шешпестен жұмыс жасап жатыр. Бірақ 350 мыңнан астам халқы бар қаланы үсті-үстіне жауған қардан тазалауға 300 жұмысшы мен 37 техниканың аздық ететіні айтпаса да түсінікті. Дегенмен «жоқтан жақсы» деп өз-өзімізді жұбатудан басқа амал болмай тұр. Қолдары үлбіреп қалғанша қар тазалап, мұз ойып жүрген жұмысшылар да күрек-кетпен жағынан тапшылық жоқ екендігін, бірақ арнайы техниканың аздық етіп тұрғанын мойындайды.
«Әрине 30 -ға жуық техникамыз жеткіліксіз. Бүкіл Атырау қаласымен жаңағы қосымша ауылдық округтер бар. Тек қаланы қамтып жатқанымыз жоқ. Оларды қамту үшін техника керек.,Ауа райының қолайсыздығы бір күннің ішінде қардың түсуіне байланысты кішкене сабырлықпен түсіністікпен қарауын сұраймыз. Қазір маңызды жолдар, үлкен орталық көшелерінің соған қарсы жатқан көшелерді сыпырып алып жатырмыз. Центральный көшелерді тазала боламыз. Сосын кірісеміз» — деді «Арнаулы автобаза» КМК бөлім басшысы Күләнда Әжіғалиева.
Қазір «Арнаулы автобаза» мекемесінің 260 қызметкері көшелерді қардан тазалап жүр. 2 күн ішінде олар 1760 текше метр қар шығарыпты. Сондай-ақ, Атырау-Индер, Атырау-Доссор тас жолдарының бойына құм себілген. Қордағы 150 текше метр тұздың да түбі көрінген. Небары 50 текше метрі қалыпты.