CaspianLife, 20 ақпан — Бразилияның Сан-Паулу штатында толассыз жауған нөсерден 36 адам мерт болды, деп хабарлайды CaspianLife. Бұған дейін 24 адам қаза тапқан. Өткен тәулікте өңірде айлық жауын-шашын мөлшері жауған. Қатты зардап шеккен Сан-Себастьян және Бертиогада бұл көрсеткіш рекордтық 627 және 683 мм жеткен. Табиғи апаттан көптеген су тасқыны мен көшкін болып, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары қираған. Сан-Паулу штатының астанасын жағалау маңындағы аудандармен және көрші Рио-де-Жанейромен байланыстыратын ірі трассаларда жол қозғалысы үзілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, үйінді астынан ондаған адам табылып жатыр.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 ақпан — 18 ақпан сағат 16:10 шамасында республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 62 шақырымы тұсында Камаз жүк көлігі мен Lada автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды CaspianLife. Салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі және 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Атыраулық полицейлер жол қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
CaspianLife, 20 ақпан — Қазақстанда өндірілетін мұнайдың тең жартысы Атырау жерінен шығады, деп хабарлайды CaspianLife. 2022 жылы елімізде 84 миллион 240 мың тонна қара алтын өндіріліпті. Оның басым бөлігі, яғни 22,5 миллион тоннасы «ҚазМұнайГаз» ҰК, 16,6 миллион тоннасы Chevronға, 9,4 миллион тоннасы ExxonMobil компаниясына тиесілі. Ал мемлекеттер бойынша айтатын болсақ, көшті 31 пайызбен АҚШ бастап тұр. Екінші орында – 30,6 процентпен қазақстандық компаниялар. Ал үштікті Қытай қорытындылайды. Теңіз, Кашаған, Қарашығанақ жобаларына мұнай өндірісінің 63% тиесілі. Қазіргі уақытта еліміздегі мұнай саласында 14 елдің инвесторы жұмыс істейді. Соңғы жеті жылда Қызылорда облысында мұнай өндіру көрсеткіші 48, Ақтөбеде 20, ал Маңғыстауда 7,5 пайызға…
CaspianLife, 17 ақпан — Аслан Ділмағанбетов — жақында ит қапқан 8 жасар баланың әкесі. Жұбайы екеуі жанын қоярға жер таппай, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан ұлының аяққа тұрып кетуін тілеп жүр. Ол ойын баласына шапқан бұралқы иттердің заң тұрғысынан адамнан артық қорғалғанына наразы, деп хабарлайды CaspianLife. «Мына жерде қаңғып жүрген ит көп. Иттерді атуды сұраймын заңды өзгертіп. Баланың жағдайы осы. Курткасын көріп тұрсыздар. Баланы өзім әлі көре алмай жатырмын. Апарғанда состояниесі күй жоқ. Қаңғып жүрген итке баламызды талаттырып отырмаймыз ғой. Бала деген бір күйде тұр. Жағдайы деген реанимацияда жатыр. Екінші операцияны басқа жасады. Бастың терісі 9 см тістеп жұлып алған деді.…
CaspianLife, 17 ақпан — Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерлері Жайық-Каспий аумағындағы мұз айдындарында заңсыз балық аулаудың алдын алуға бағытталған, бірқатар шаралар ұйымдастырылып, 10 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды CaspianLife. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабының 1,2,3 бөлімімен яғни, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу іс-әрекеттері бойынша 10 әкімшілік хаттама жасақталып, оларға байланысты барлығы — 103500 теңге айыппұл салынды. Оның 34500 тг көлемінде айыппұл өндірілді. Сонымен қатар, иессіз 35 дана ау-тор анықталып, 159 дана қара балықтары суға жіберілді.
CaspianLife, 17 ақпан — Атырауда ет өнімдері қымбаттады. 2022 жылмен салыстырғанда биыл сиыр етінің құны 33 пайызға, тауық еті 23, жылқы еті 13, қой еті 12 пайызға өскен, деп хабарлайды CaspianLife. Мұны сатушылар да растайды. Олар ет қымбаттағалы тұтынушының да азайып кеткенін айтады. Ақыры өтпеген өнімді арзанға сатып, пайда көрмей отырмыз дейді. «Осы жаңа жылдан кейін біздің бағамыз көтеріліп кетті. 2500-нан алып жатырмыз етті. Бұрын 2000-2300-ге алып жүрдік. Қазір 2500. Не айтам енді? Нарыққа байланысты. Сонда жаңа бір малды алсақ. Сиыр сойса қазір 10 мың болған болар, бұрын 8 мың болды. Одан кейін таксиің бар 1500. Түсірген балаларға мың теңгемізді…
CaspianLife, 16 ақпан — Атыраулық шаруагерлердің ұсынысымен биыл шетелдік жұмыс күшінің маусымдық қызметі үшін 800 квота бөлінді. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының жергілікті шаруа қожалық иелерімен кездесу жиынында айтылды, деп хабарлайды CaspianLife. «Біздің негізгі мақсат – шетелдік жұмыс күшін азайтып, жергілікті адамдарды жұмыспен қамту. Алайда, шаруагерлердің ұсынысын ескеріп, биыл маусымдық квота санын 800-ге көбейттік. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп» — деді басқарманың бөлім басшысы Мейрамбек Алдияров. Сонымен қатар, жиын барысында шаруагерлерге Е-лицензиялау веб-порталы арқылы қызмет алу жолдары түсіндірілді. Айта кетейік, маусымдық қызметтер ақпан айының 15-де басталып, қарашаның 15-де аяқталады. Ал, жылыжай…
CaspianLife, 17 ақпан — Атырауда көктайғақ салдарынан жолдан автокөлік аударылды, деп хабарлайды CaspianLife. Бүгін сағат 00:05 шамасында 22 жастағы жүргізуші Әбілхайырхан даңғылы тұсында маркасы Volkswagen Polo көлік құралымен келе жатқанда, метерологиялық жағдайды ескермеу салдарынан басқару жүйесін игере алмай жолдан тайып аударылған. «Аталған факті бойынша жарақат алған адам жоқ. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда, деп хабарлады Атырау қалалық полиция басқармасы».
CaspianLife, 16 ақпан — Индер ауданында жоғалған азамат табылды, деп хабарлайды CaspianLife. Кеше сағат 09:00-де Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағында 53 жастағы азамат түйемен мал бағуға шығып, кері оралмаған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде, сол күні ауылдан 5 шақырым қашықтықтан жоғалған азамат табылды. Табылған азаматтың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар АПБ, жоғалған азаматтың туыстары мен жергілікті тұрғындар да қатысқан.
CaspianLife, 16 ақпан — Ақтауда жоспарлағандай 10 емес, бір жарым айдың ішінде салынған амфитеатр жөндеуді қажет етіп тұр, деп хабарлайды CaspianLife. Теңіз жағалауында орналасқан нысан — 2018 жылы өткен Каспий маңы елдері басшыларының V саммиті қарсаында бой көтерген. Амфитеатрдың қазіргі аянышты күйіне көз салған архитекторлар «мұндай үлкен жобаны іске асырарда асығыстық танытпау керек еді», — дейді. «Президент әне келеді, міне келеді деп жұмысшыларды асықтырды. «Асыққан шайтанның ісі» деген сөз бар. Яғни, жұмыс – шикі. Міне, енді жұртқа күлкі болып отырмыз» — деді архитектор Қалыбек Кенжалиев. Ұзындығы 70 метрден асатын, тоғыз метрлік бағаналармен қоршалған амфитеатр рекордтық мерзімде – бір жарым айда…
