CaspianLife, 27 ақпан — Маңғыстау облысында автотасығыш жеңіл көлікпен соқтығысып, оқиға орнында төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды CaspianLife. Жол апаты 25 ақпан күні Сайөтес – Бейнеу тас жолының 383 шақырымында болған. Toyota Camry жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, көлік таситын жүк көлігімен соқтығысқан. Автотасығыш сол жерде отқа оранды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, оқиға орнында төрт адам қайтыс болды. Біреуі тірі қалды, оны дереу Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізді. «Пациент бас сүйек-ми жарақатын алды, сан сүйегі сынған. Сол жақ білектің екі сүйегі де сынды. Өкпесі зақымданды. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр болып тұр», — дейді дәрігерлер. Ауруханаға түскен ер адамның…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 23 ақпан — «Геолог-2» ықшам ауданындағы мектептен өрт шықты, — деп хабарлайды CaspianLife. Бүгін сағат 18:19-да «Геолог-2» ықшам ауданындағы мектептердің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар келген кезде мектептің киім ілетін бөлмесінде оқушылардың сыртқы киімдері мен аяқ киімдерінің жанғаны анықталды. Өртті мектеп қызметкерлері өз күштерімен сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.
Caspian Life, 23 ақпан — Бүгін сағат 15:50 шамасында Батыс Қазақстан облысындағы Чапурино ауылынан 6 шақырым жерде «Қазавиаспас» АҚ-на тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы құлады, деп хабарлайды CaspianLife. Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тікұшақ 2022 жылы шығарылған. Мамандар «Қазтрансойл» АҚ тапсырысы бойынша құбырларды қарамақ мақсатта ұшып шыққан. Бортта 5 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы болыпты. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
CaspianLife, 22 ақпан — Каспий құбыр консорциумы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды CaspianLife. «22 ақпандағы жағдай бойынша КҚК жүйесіне «Теңіз» мұнай айдау станциясындағы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау тоқтатылды, — делінген хабарламада. Сондай-ақ Қазақстандағы «Атырау» және Ресейдегі «Комсомольская» мұнай айдау станцияларында мұнайды қабылдау қысқартылған режимде жүріп жатқаны да айтылған. Ал Теңізшевройл компаниясының баспасөз қызметі басшылықтың Новороссийскідегі күн райынан және шикі мұнайды қабылдау жұмыстарының уақытша тоқтағандығынан хабардар екендіктерін мәлімдеді. Ал компания штаттық режимде жұмыс істеп жатыр делінген ресми мәлімдемеде.
CaspianLife, 22 ақпан — Маңғыстау облысында «Қаламқас-теңіз», «Хазар», «Әуезов» кен орындарын игеру бойынша мұнай-газ жобасы басталады. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаевқа «Қаламқас-Хазар Оперейтинг» ЖШС бас директоры Құрманғазы Есқазиев мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің айтуынша, компания Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кен орнын игеруді жоспарлап отыр. «Қаламқас-Хазар» кен орнында мұнайдың алғашқы баррелі 2028 жылы өндіріледі. Теңіз платформасындағы құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңында басталады деп жоспарланған. Ал жобалау жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі. «6 ақпанда кен орнын игеру бойынша жетілдірілген үлгілік келісімшартқа қол қойылды. Жоба аясында 6 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылады. Жобаның бастапқы кезеңінде…
CaspianLife, 22 ақпан — «Жайық» спорт кешенінде 12-22 ақпан аралығында Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары өтті. «Атырау» волейбол командасы 71 ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алды деп, хабарлайды CaspianLife. Тартысты додаға 8 қоманда қатысты. Ойынның соңғы күні өңірлік волейболшылар Орал қаласының «Жайық» құрама командасымен алаңға шықты. Қарсыластарын 3/0 есебімен жеңіп, 2-орынға ие болды. «Біз ҚР чемпионатының 4-ші турында жақсы нәтиже көрсеттік. Ойын өте тартысты өтті. Ендігі кезекте команда Павлодар қаласында өтетін плей-офф кезеңіне дайындығын бастайды» — деді клубтың құрылтайшысы, облыстық волейбол федерациясының директоры Ғабиден Кайржанов. Айта кетейік, «Атырау» волейбол клубы 2000 жылы сол кездегі облыс әкімі Иманғали…
CaspianLife, 22 ақпан — Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды, деп хабарлайды CaspianLife. 20-28 ақпан күндері аралығында Атырау облысы аумағында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Атырау қаласының полиция басқарамасы көші-қон қызметі бөлімі және жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, қала аумағында заңсыз жұмыс жасаушы шетелдіктерге тексеріс жасаған. Тексеру жұмыстары нәтижесінде Атырау қаласы аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарынан 31 шетелдік және мал соятын ет павилондарында, жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен көкөніс, жеміс-жидек сататын дүңгіршектерде заңсыз жұмыс жасаушы шетелдіктерді анықтаған. Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс жасаған шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ…
CaspianLife, 22 ақпан — Бірнеше мың адамның өмірін қиған Сириядағы жер сілкінісі жайлы ақпарат өте аз. Зілзала азамат соғысының ошағына айналған Сирияның жағдайын одан сайын қиындата түсті, деп хабарлайды CaspianLife. Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияда қаза тапқандар саны қазірдің өзінде 8 мыңға жақындады, 45 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Құтқару операциясы аяқталғанымен, әлі де үйінді астында адамдар қалған. Адамдар саябақтағы орындықтарда түнейді. Түнде адамдар отқа жылынып, қолда бар жамылғылардың бәрін жауып жатады. Қазір аман қалған адамдар қираған үйлерден аман қалған мүліктерін, кейбір жиһаздарын алып шығуға тырысуда. Олар ғимараттың кез келген сәтте құлап кету қаупіне қарамастан…
CaspianLife, 22 ақпан — Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайын жөнелту жұмыстарының не себепті тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды CaspianLife. Ол Қазақстан мұнайын жөнелтудің не себепті тоқтағандығын түсіндірді және жұмыстың қашан қалпына келетіндігін айтты.
CaspianLife, 21 ақпан — Полицейлер Құлсары қаласының тұрғынынан 3 жарым мың тонна заңсыз ішімдікті тәркіледі, деп хабарлайды CaspianLife. Тауардың иесі 51 жастағы әйел ұсталды. Заңсыз алкогольді өнім сақталған қойманы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара кезінде анықтаған. Қоймадағы ұзын саны 6500 бөтелке ащы судың нарықтағы бағасы – 7 миллион теңге шамасында. «Анықталған фактілер бойынша , полиция қызметкерлері ҚР қылмыстық кодексінінің екінші бөлігіндегі — «Жалған сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларды өткізу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады» — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
