Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 наурыз — Атырауда 48 жастағы азамат бекіре тұқымдас балықтар мен уылдырығын заңсыз сақтаған, деп хабарлайды Caspian Life. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 наурыз күні Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде қала тұрғынынан 8 кг бекіре тұқымдас балықтарын және 1 кг уылдырық анықтап, тәркілеген. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. «Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339 — бабының 1 — бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Атыраулық баскетболшылар ел чемпионы атанды. Жасөспірімдер наурыздың 2 мен 8 аралығында Алматыда өткен чемпионатта 12 команданың арасынан үздік шықты, деп хабарлайды Caspian Life. Атырау облыстық құрама командасы жартылай финалда оңтүстік астаналық спортшыларды артта қалдырса, финалда астаналық баскетболшыларды ұтты. Бұл — атыраулық жас баскетболшылар командасының алғашқы жеңісі емес. Олар бұған дейін 5 рет Қазақстан чемпионы атанған еді.

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Ойыл өзеніндегі су деңгейі 3 метрге көтерілді. Бірақ Миялы ауылына қауіп төніп тұрған жоқ дейді құтқарушылар. Өйткені облыстық маңызы бар Индер-Сағыз тас жолының Миялы-Жангелдин бөлігі жырылды, деп хабарлайды Caspian Life. Нәтижесінде ауыл маңындағы су деңгейі төмендеп, өр суының негізгі бөлігі Жарыпшыққан өзеніне қарай ағып жатыр. Аудан орталығымен қатынас үзілмес үшін айналма жол салынуда. Оны 16 наурыз күні пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал әзірге тұрғындар екіортаға қайықпен қатынап жүр. Дегенмен жаңбыр мен еріген қар суы басып қала жаздаған қызылқоғалықтарға төнген қауіп әлі сейілген жоқ. Аудан басшыларының айтуынша сәуірде мол тасқын су келеді. «Сақтансаң сақтармын» деген принципті ұстанған…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Атырауда балықтардың қырылу қаупі жоғары аймақтардың тізімі жасалды, деп хабарлайды CaspianLife. Облыстық Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының мәлімдеуінше, 2021-2025 жылдарға арналған жаппай балықтардың қырылу қаупін алдын алу​ үшін өңір бойынша бірнеше ауқымды шаралар қолға алынды. Мәселен, бүгінде қауіпті аймақтардың тізімі жасақталып, бақылау жұмыстары күшейтілген. Басқарма басшысы орман қоры орналасқан су айдындарында балық өлу қаупі өте жоғары екендігін айтады. Себебі, ол жерлер қураған ағаштар мен өсімдіктерден тазартылмаған. «Биыл жауған қардың көлемі көп болуына орай, көктемде келетін судың деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда артады деген болжам бар. Бұл балықтың қырылуына әкеледі», — деді А.Сәдібекұлы. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Атыраудағы 10 жылдан бері қараусыз қалған концерттік зал сүрілетін болды, деп хабарлайды CaspianLife. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы 1200 орындық концерт залы құрылысын инвестициялық жобамен жандандыру мәселесі қарастырылуда. Аталған нысанның техникалық жағдайына сараптама жүргізу нәтижесінде, металды және темірбетонды конструкциялардың жарамсыздығы туралы қорытынды берілді. «Толықтай сүріледі, орнына қайтадан жаңа концерт залы тұрғызылатын болады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жанына мұражай салынады. Қазір «BI Group» компаниясымен эскиздік жобасы жасақталып жатыр. Барлығы арнайы дайындалып жатқан жобадан кейін белгілі болады. Сол аумағы қала ма, жоқ па, ол да нақтыланып жатыр»,- деді облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Н.Құсайынов. Айта кетейік, қазіргі…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚК) қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қалада Toyota Camry автомашинасы ұсталды. ҚР ІІМ ведомстволық сайты хабарлауынша (Polisia.kz), жәбірленушіні көліктің жүргізушісі мен жолаушысы бірнеше рет ұрлап, ұрып-соғып, суық қарумен қорқытып 500 мың теңге талап етіп, автокөлікті алып кеткен. Күдіктілер ұсталған кезде көлікте патрондары бар ПМ жауынгерлік тапаншасы тәркіленді. Күдіктілердің бірінің уақытша тұрғылықты жерін тінту кезінде бірнеше жауынгерлік және травматикалық оқ-дәрілер табылды. Сонымен қатар, басқа мекен-жайдан күдікті 3 еркек ұсталып, олардан тағы бір тапанша, екі мылтық, бірнеше оқ-дәрілердің тәркіленді. Мекен-жайлардың бірінде күдіктілердің жәбірленушіден күшпен тартып алған Opel Vectra автокөлігі де…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Өткен жұмада қала әкімі Мейірім Қалауи СМП-136 шағын ауданының, сондай-ақ «Ақ депо» және «Елшібек» жеке секторының тұрғындарымен кездесті. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Мейірім Калауи тұрғындарға болашақ жұмыс жоспарын ұсынып, дамудың негізгі бағыттары туралы айтты. — Бүгінде шағын аудандарда көшені жарықтандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бесінші кезеңде СМП-136 шағынауданының аумағында жалпы ұзындығы 6 074 метр 14 көшеде және «Ақ Депо» жеке секторында жалпы ұзындығы үш шақырымнан асатын 11 көшеде түнгі жарықтандыруды орнату жоспарлануда. Бұдан басқа, жалпы ұзындығы 2 224 метр болатын «Елшібек» жеке секторының 7 көшесіне көше жарығын орнату жоспарлануда, — деді қала…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн. 110,1 мың этникалық қазақ оралды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша Қазақстанға жыл басынан бері келген қандастардың жартысынан көбі (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3% – ҚХР – дан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түркіменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% — ы басқа елдерден келген. Бұл ретте елге оралған этникалық қазақтардың 27%-ы Алматы, 16,6%-ы Маңғыстау, 7,1%-ы Түркістан және 3,6%-ы Жамбыл облыстарында, сондай-ақ 10,5%-ы Астана, 7,6%-ы Алматы және 6,5%-ы Шымкент қалаларында қоныстанғаны нақтыланды.…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Өткен аптада Загреб қаласында (Хорватия) 2006-2008 жылдардағы жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі (ӨКҚ) хабарлағандай, жарысқа 35 елдің үздік татами шеберлері қатысқан. Атырау дзюдо мектебінің тәрбиеленушісі Ержан Мұрат (суретте) 50 келі салмақ дәрежесінде Италия, Украина, Грузия, Израиль, Венгрия елдерінен келген қарсыластарын жеңіп, Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды. Оны құрлықтық алғашқы жарысына жеке жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғанов дайындаған. Дереккөз: www.caspianlife Суреттер ӨКҚ-нен алынды.

Read More

CaspianLife, 10 наурыз — Қылмыскерлер ірі көлемдегі есірткіні Қазақстанға Каспий теңізі арқылы әкелмек болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында хабарланды. Шетел азаматтары былтыр тамызда 10 келі апиын мен 8 келі гашишті шекарадан заңсыз өткізуге әрекет жасапты. Ол үшін шағын қайықты пайдаланған, деп хабарлайды Caspian Life. Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі өте жылдам жүретіндіктен оны радиолокациялық құралдармен анықтау қиындық тудырған көрінеді. Навигация үшін GPS және спутниктік байланыс құралдары қолданылған. Есірткі заттарын тасымалдау дерегі бойынша үш шетелдік және бір қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық іске жақында сот үкімі шықты. Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты күдіктілерді ұзақ мерзімге бас…

Read More