Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 наурыз — Ақтауда туристік маусым басталысымен түнгі клубтардың жұмыс уақытына шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап. Мұндай ұсынысты құқық қорғау органдарының өкілдері беріп отыр. Жуықта Маңғыстау ішімдікке әуес емес өңірлердің үштігіне еніпті. Алайда прокурорлар өңірде ащы суға тойып алып, қылмыс жасайтындар азаймай тұр,- дейді. «Қазір Маңғыстау халқының саны 760 мыңнан асты. Жыл сайын 2000 қылмыс тіркеледі. Бұл көрсеткіш өзге өңірлермен салыстырғанда көп болмауы мүмкін. Бірақ, заң бұзушылықтың көбі осы ішімдіктің кесірінен болып жатқанын ұмытпаған дұрыс», — дейді Маңғыстау облысның прокуроры Руфат Құттықов. Биыл маңғаз Маңғыстауға демалу үшін келетіндер жылдағыдай көп болады деген…

Read More

CaspianLife, 15 наурыз — Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін түрлі іс-шараны қолға алды, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап. Мысалы, өзімізде бағасы шарықтап кеткен пиязды Тәжікстан, Қырғызстаннан тасымалдауды жоспарлап отыр. Қазір шенеуніктер тәжіктер өсіріп жатқан жуаның піскенін күтуде. Сапасының жақсы, бағасының тиімді екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана нақты қадамға көпшпек. «Тауардың бағасы мен сапасы белгілі болған кезде келісімшартқа отыратын боламыз. Жуаны «Идеал Маркет» ЖШС сатуға ниет білдіріп отыр», — дейді облыстық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков. Қазіргі уақытта әлеумет үшін маңызы бар 18 түрлі өнім облыс аумағындағы 60-қа жуық…

Read More

CaspianLife, 15 наурыз — «Қайрат» пен «Каспий» футбол командаларының арасындағы матч жанжалмен аяқталды. Жанкүйерлерді басуға арнайы СОБР күштері шақыртылды, деп хабарлайды Caspian Life. «Қайрат» футбол командасының жанкүйерлері әлеуметтік желіде ойын кезінде тәртіп сақшылары жанкүйерлерге қысым жасағанын жазды. «Бүгін Алматы қаласында өткен Қайрат-Каспий командалары арасындағы матчта тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ тарапынан матч кезінде жанкүйерлерге қысым көрсетілді. Тәртіп сақшылары жанкүйерлерді стадионнан қүшпен шығара бастады. Аталған оқиғада жанкүйерлер тарапынан ешқандай қарсы әрекет, құқық бұзушылық орын алған жоқ», — делінген жазбада. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, жанкүйерлер трибунада пиротехника қолданыпты. «Жанкүйерлер техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Сондықтан, ІІД қызметкерлері қауіптің…

Read More

CaspianLife, 15 наурыз — 700-ге жуық атыраулық банкроттыққа өтініш берді, деп хабарлайды Caspian Life. Арыздар негізінде е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсуде. Айта кетейік, жеке тұлғаның банкроттыққа өтініштері 3 наурызда қабылданы бастаған еді. Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді: борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауы; борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы; некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы…

Read More

CaspianLife, 15 наурыз — Қазгидрометтің дерегінше, наурыздың 15-і мен 17-сі аралығында Ақтөбедегі өзеннің тасуына байланысты Қызылқоға ауданын су басуы мүмкін, деп хабарлайды Caspian Life. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар қажетті шараларды қолға алған. ТЖД су тасқыны туралы ақпаратты сирена, радио және телевизиялық хабар тарату желісі арқылы хабарланатынын және тек ресми ақпарат көздеріне сені керектігін ескертті. «Су тасқыны кезінде жақындарыңызға, көршілеріңізге, балаларға, әйелдерге, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз», — делінген департаменттің инстаграм желісіндегі ресми парақашасында. Сондай-ақ, су тасқынына алдын ала дайындалуға кеңес беріледі: Барлық ірі және құнды заттарды шатырға апарыңыз немесе…

Read More

CaspianLife, 15 наурыз — Атырауда кәмелетке толмаған жасөспірім есірткі жасырған, деп хабарлайды Caspian Life облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырып, сатқан 17 жастағы жасөспірімді қолға түсірді. Сараптама қорытындысы бойынша 26 грам синтетикалық есірткі екені анықталды. «Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — делінген ПД таратқан хабарламада.

Read More

CaspianLife, 14 наурыз — Назарларыңызға 2023 жылғы Рамазан айындағы Атырау қаласы бойынша ораза және намаз кестесін ұсынамыз! Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 535 теңге болып бекітілді. Дереккөз: caspianlife.kz Сурет muftiyat.kz сайтынан

Read More

CaspianLife, 14 наурыз — Көрісу күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры алаңында «Амал келді — жыл келді» атты мәдени-көпшілік шара өтті, деп хабарлайды Caspian Life Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Концерттік бағдарлама «Көрісу» атты театрландырылған қойылыммен ашылды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды әз Наурыздың жаршысы — Көрісу күнімен құттықтады. — Біз үшін бүгін ерекше күн! Бұл күні тек көктеммен бірге тіршілік оянып қана қоймай, қыстан аман шыққан халық ағайынның амандығын біледі. Сондай-ақ, пендешілікке салынып араздасқан жандар кешірімдесіп, татуласатын күн. Көрісу — ата-бабамыздан бойымызға біткен текті дәстүр. Оны ешқашан ұмытпай, жастарға дәріптеуіміз керек. Көрісу күні құтты…

Read More

CaspianLife, 14 наурыз — Қазақстанда жеке тұлғалардың банктерге берешегі 360 миллиард теңгеден асады. Бұл ретте бизнес несиелері бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 345,9 млрд теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды Caspian Life.  Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша мерзімі өткен несиелердің басым көпшілігі кәсіпкерлік субъектілерінің ұзақ мерзімді несиелері бойынша. Бұл шамамен — 275,6 млрд теңге. Ал биыл 1 қаңтарда бұл көлем 5,3%-ға немесе 13,9 млрд теңгеге аз болған. Ал қысқа мерзімді несиелер бойынша қарыз 70,2 млрд теңгені құрайды. Бұл қаңтар айының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға немесе 5,4 млрд теңгег көп. Аталған кезеңдегі жалпы көлем 326,5 млрд теңгеден 345,9 млрд…

Read More

CaspianLife, 14 наурыз — Маңғыстау облысында халықтың 8,1 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс алады. Бұл туралы Caspian Life сайты LS ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды. Бір миллионға жуық қазақстандықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен – 986,6 мың адам кедейлік шегінен төмен. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың ең көп үлесі – 8,5 пайызы Түркістан облысында тұрады. Осыған ұқсас табыстары бар халықтың ең аз үлесі Павлодар облысында – 3,9 пайыз, Қостанай облысында – 3,8 пайыз, Атырау және Қарағанды ​​облыстарында – 3,2 пайыз, Ұлытауда – 2,2 пайыз, ал ең азы Астанада – 2,1 пайыз болды. Еліміздегі ең төменгі…

Read More