Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 17 наурыз — Жылыой жерінде жұмыс істеп жатқан «Қожан» акционерлік қоғамы 5 отбасыға үй алып берді. Оларға мұндай ұсынысты кездесулердің бірінде қоғамдық кеңес мүшелері айтқан, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап. Компания басшылығы мұны жерге тастамай, қолдай кетіпті. Нәтижесінде қаржы бөліп, бірнеше жанұя Құлсарының орталығынан баспаналы болды. Солардың ішінде көп балалы Мөлдір Мақсотқызы да бар. «Осы үйді алуға атсалысып жатырған ағаларымызға-апаларымызға көп көп рахмет. Алла разы болсын, осы 8 баланың несібесі. Алғысым шексіз. Берекесімен берсін. Өте қуаныштымыз. Әр баланың өз несібесі деп ойлаймын. Шынымды айтсам қатты толқып тұрмын», — дейді аудан тұрғындарының бірі Мөлдір Мақсотқызы. Пәтерге…

Read More

CaspianLife, 17 наурыз — ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері Атырау облысында сары май бағасының 40%-ға арзандауына ықпал еткен. Нәтижесінде «Масло 72,5% Верхний Услон 5 кг» сары майының бағасы 2 690 теңгеден 1680 теңгеге төмендеді. Электрондық шот-фактуралар базасы арқылы жүргізілген талдау нәтижесінде «Атырау Проб Снаб» ЖШС-нің өңірдегі екі супермаркетке сары майды 82-104% үстеме бағамен жеткізгендігі анықталыпты. Заңсыздық жасаған мекеменің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі кезде сауда желілері тауарды тікелей өндірушіден сатып алуға көшкен көрінеді. Иллюстрациялық фотосурет редакция мұрағатынан Дереккөз: caspianlife.kz

Read More

Құрметті атыраулықтар! Сайлауалды бағдарламамда өзімнің ойымда жүрген, бұқараның әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ел экономикасын көтеруге ықпал ететін нақты бастамалардың жүзеге асырылуына атсалысуды өзіме мақсат етіп отырмын. Өркениетті елдер сауатты жүргізілетін әлеуметтік саясатты адами капиталға салынған инвестиция санайды. Сондықтан сайлауалды бағдарламамда негізінен әлеуметтік салаға басымдық бермекпін. 1. Әлеуметтік көмек халыққа қолжетімді, жедел және сапалы болуы тиіс. Соның бірі – баспана. Қажетті қаражаты жоқ жандардың әлеуметтік пәтерге қол жеткізе алуы үшін халыққа тиімді бағдарламалардың қабылдануына ықпал етпекпін. 2. Көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандырып, қауіпсіз саналатын ойын және спорттық алаңдарды жасақтау. 3. Облыс орталығындағы санаулы саябақты қазіргі заманға сай жабдықтап, тұрғындар рухани демалыс ала алатындай…

Read More

Құрметті жерлестерім! Менің сайлауалды бағдарламамда үш ауысымды мектептер мен студенттерге арналған жатақхана санын көбейту туралы айтылған. Енді соған кеңірек тоқталсақ. Барлығымыз да балаларымыздың жақсы мектепте білім алғанын қалаймыз. Ұстаздардың оқушыларға сапалы білім бергенін құп көреміз. Бірақ, бүгінде Атырауда үш ауысымда білім беретін мектеп саны ресми статистика бойынша 10-нан асып жығылады. Яғни, кішкентайларымыз мектептерге сыймай жатыр. Мұның білім сапасына айтарлықтай әсер ететіні анық. Бірнеше ауысымда оқытатын мектептер жою үшін жаңа мектептер ашылу керек. Облыс басшылары бұл бағытта жұмыстанып жатқанын үнемі айтады. Осы орайда демографиялық өсімді де естен шығармаған дұрыс. Мейлінше халық көп шоғырланған елді мекендерді мектеппен қамтамасыз етуге тезірек кірісу керек.…

Read More

Құрметті жерлестерім! Мен, Кертаев Қазбек Мұханбетұлы — ҚР Президентінің биылғы 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауын тағайындау туралы жарлығы шыққаннан кейін депутат атануға бел будым. Өзіміз өмір сүріп жатқан аймақты қай-қай жағынан болмасын дамытуға келгенде түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының ықпалы бар екендігі сөзсіз. Атырау өлкесінде өзекті деген мәселе жетіп-артылады. Өзіміз көріп те жүрміз – жергілікті халық мазалаған ірілі-ұсақты барлық мәселені ең алдымен өздері сайлаған депутаттардың алдына барып айтып жатады. Себебі депутаттың халық сенімін, аманат жүгін арқалаған азамат екендігін біледі. Қазіргі мың құбылып, сан түрленген кезеңде артылған сенім мен жауапкершіліктің үдесінен шығу – азаматқа сын екендігі анық.…

Read More

Құрметті атыраулықтар! Мен, Сағындықов Ғани Жайшылықұлы Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына №6 сайлау округінен өзін-өзі ұсыну жолымен кандидат ретінде сайлауға түскелі отырмын. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда облыс халқы жиі көтеретін әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға ықпал етуге тырыспақпын. Оның ішінде Атырау қаласы маңындағы елдімекен, ықшамаудандарды жарықтандыру, абаттандыру, аз қамтылған санаттағы отбасылардың қолжетімді пәтер алуына жағдай жасау, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың қажеттіліктеріне қарай берілетін мемлекеттік көмектің теңдей бөлінуіне қол жеткізу, қала халқының тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мақсатында жұмыстану, балаларға арналған ойын, спорт алаңдарын толық жөндеуден өткізу және жаңалау, үш ауысымды мектептерді жою, студенттерге арналған жатақхана санын көбейту секілді мәселелер…

Read More

CaspianLife, 16 наурыз — Ақтауда есірткі сатумен айналысқан азамат 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Caspian Life. Айыпталушы былтыр 2 қарашада қалалық мешітте есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған еді. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 1 ақпанда аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деп айыпталған сотталушыға қатысты үкім шықты. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Тексеру кезінде өзімен бірге алып жүрген қораптың ішінен SESS желдеткіш жылытқышы табылды. Құрылғының ішінде «меткатинон» заты болған. Меткатинон – құрамында эфедрин бар препараттардан жасалған аз ғана уақытқа әсер ететін стимулятор. Күдікті сол уақытта қонақүйлердің бірінде тұрақтаған. Оның бөлмесін тінту кезінде аса көп мөлшерде психотроптық заттар…

Read More

CaspianLife, 16 наурыз — Маңғыстауда 29 жастағы азамат «жұмысқа орналастырамын» деп, ақша жымқырған, деп хабарлайды Caspian Life. Белгісіз ер адам Мұнайлы ауданының тұрғынын жұмысқа орналастырып беруге уәде беріп, 630 мың теңгесін иемденген. Алайдай, тұрғын ер адам телефон қоңырауларына жауап бермеген соң, полицияға шағымданыпты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы күдіктіні ұстады. «Аталған дерек Мұнайлы аудандық басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», — деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ІІМ баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 16 наурыз — Құрманғазы ауданында екі бала жаңадан қазылған арыққа құлап, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Caspian Life. Бірлік елді мекенінде ағалы-інілі байқамай жаңадан қазылған арыққа құлап кетіпті.  Оқиға туралы хабар кезекші полицейлерге 14-і күні түскен. 10 жасар бала жан тапсырды, ал 7 жасар інісін куәгерлер құтқарып үлгерген. Қазір ол аудандық ауруханада ауыр халде жатыр.

Read More

CaspianLife, 16 наурыз — Атырауда миллион теңгеге жуық айыппұлы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Caspian Life. 15 наурыз күні сағат 12:55 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген маркасы Chevrolet автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Тексеріс барысында аталған автокөліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Атыраулық полицейлер тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеді.

Read More