Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 19 наурыз — Құрманғазы ауданындағы сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді. Нақты айтқанда, бюллетень алуға құқылы 34790 азаматтың 20 мыңнан астамы учаскелерге келіп, таңдау жасаған. Бұл сағат 15:00 дегі көрсеткіш, деп хабарлайды CaspianLife. Жалпы ауданда 36 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ондағы процесті 124 байқаушы қадағалауда. Еңбекші ауылдық округінде орналасқан №168-ші учаскеге келіп жатқан халықтың қарасы көп. Барлығы да елдің, ұрпақтың қамы үшін дауыс беріп жатқандықтарын айтады. «Дауыс беру бұл әр Қазақстан азаматының борышы деп ойлаймын. Мен ерте келіп осы сайлау учаскесінде өз дауысымды беріп жатырмын. Сайлау бұл дамудың, тұрақтылықтың белгісі. Мен өзімнің оң шешімімді қабылдадым және де басқа да…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Облыс орталығындағы сайлау учаскелерінде жұмыс қызу. Атыраулықтардың мәселесін қала басшыларына жеткізіп, шахардың бюджетін қарастырып, бекіту жұмыстарына араласуға ниетті 71 кандидат тіркелген. Алайда, көптің дауысын жинай алған 25 азамат қана қалалық мәслихаттың депутаты атана алады, деп хабарлайды CaspianLife. Ал оларға дауыс беруге келген тұрғындар қолдарына бюллетень алмас бұрын астан аттамай, наурыз көже мен бауырсақтан ауыз тиді. Сазды әуен де көңілді көтеріп, халық бір-бірімен емен-жарқын әңгіме айтып, көрісіп те жатыр. «Жұмыскер» ықшам ауданындағы № 244 сайлау учаскесінде тіркелген 2600-ге жуық сайлаушының бірі – Тамара Амантурлина. Көп жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген ол осы жолы кандидаттар арасындағы бәсекелестің жоғары…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — «Атырау Ақпарат» мекемесінің ғимаратында орналасқан №40 сайлау учаскесі сайлаушыларды ерекше қарсы алуда. Мұнда көңілді көтерер ән-күй ойнап, тұрғындарға ұлттық тағам ұсынылуда, деп хабарлайды CaspianLife. Учаске ашылғалы бері осында тіркелген 2280 сайлаушының 70-тен астамына бюллетень берілген. 6 адам үйден дауыс беретіндігін айтып өтініш жазыпты. Жағдайды жіті бақылап 7 байқаушы отыр. Әзір ешқандай заң бұзушылық бола қоймапты. «Бүгінгі наурыз мерекесіне орай келген сайлаушыларға бауырсақ таратылып, шұбат беріліп мерекеге орай осылай жасалып жатыр. Көңіл күйлерін көтеру мақсатында таңертең өлең жіберген болатынбыз» — деді №40 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Мұхамбетова.

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Жылыой ауданында әзірге 28465 адам дауыс берді, деп хабарлайды CaspianLife. Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов таңдау жасау үшін мәдениет үйінде орналасқан № 94 сайлау учаскесіне келді. Аудандағы сайлау учаскелерінің алдында қолөнер бұйымдарының және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Кейбір жерлерде балалар үшін батут құрылды. Тұрғызба ауылының тұрғындары сайлау учаскесінің маңында наурыз мейрамын тойлауға кірісті. 3 бірдей киіз үй тігіліп, дастархан үсті ұлттық тағамдармен толтырылған. Сондай-ақ, қазақ күресі, аударыспақ секілді ұлттық ойындар ойналды. Ал кешкілік Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» әртістері «Ел бірлігі — Жаңа Қазақстан» жобасы аясында өнер көрсетпек.

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Қалалық перзентханада 87 келіншек дауыс беруге құқылы. Әзірге олардың 73-і өз таңдауын жасапты. Мұнда №80 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. «Мен бүгін осы перзентханада сәбиімді дүниеге әкеліп жатырмын. Бүгінгі сайлауда түрлі партиялардан, түрлі кандидатуралар ұсынылып отыр. Соның ішінен өз тандауымды жасап, дауысымды бердім. Бұл еліміздің дамуына жаңаша серпін береді деп сенім білдіреміз. Билік пен халықтың арасын жакындастырып, билік халықты естиді деген үлкен үмітіміз бар. Жаңа қазақстан құруға өз үлесімді қосамын» — деді Атырау қаласының тұрғыны Әсемгүл Жұмағалиева. «Мен Атырау қалалық перзентханада босанушы анамын. Өзімнің де, сәбиімнің де жағдайы жақсы. Енді ары қарай қазақстанымыз дами берсін, өсе…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Орталық сайлау комиссиясы депутаттар сайлауына қатысты жаңа деректерді жариялады. Ол бойынша, алты сағат ішінде атыраулықтардың 36,15% дауыс беріпті, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл еліміздің басқа облыстармен салыстырғанда төменгі көрсеткіш саналады. Белсенді сайлаушылар — Қостанай, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында. Ал, Алматы қаласының тұрғындары дауыс беруге әлі де асығар емес. Жалпы Қазақстан бойынша 5 635 462 адам өз таңдауын жасапты. Бұл сайлау құқығына ие халықтың 46,84%-ы.

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Теңіз кен орнында 15 көшпелі дауыс беру пункт жұмыс істейді, деп хабарлайды CaspianLife. Сайлау комиссиясының штабына Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылардан Мәжіліс пен мәслихаттардың барлық деңгейдегі депутаттарын кезектен тыс сайлауында дауыс беру үшін 18 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Сондай-ақ, жұмысшылардың бір бөлігі тіркеу орны бойынша учаскелік комиссияларға жүгініп, өздерімен бірге Қазақстанның әртүрлі облыстарынан дауыс беруге арналған есептен шығару куәліктерін алып келген. Теңіз кен орнының аумағында дауыс беруге дайындық бірнеше аптаға созылды. Дауыс беру учаскелері Теңізшевройл мен мердігер ұйымдардың вахталық қалашықтарында орналасқан. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін қажетті көлік құралдары қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Жылыой ауданында 24 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау комиссияларының құрамында 208 адам бар. Аудандағы сайлаушылар саны 57 мыңға жуық, деп хабаралайды CaspianLife. «Теңіз» кенішінде 18 мыңнан астам жергілікті және өзге өңірлердің азаматтары дауыс береді деп жоспарланып отыр. Оларға 15 жылжымалы пункт қызмет көрсетеді. «Құлсары қаласының тұрғынымын. Сайлауға келіп тұрғаным. Әділ өтуін қалаймын. Бұндай сайлауда бурінші рет болып тұрмын. Әділ болады деп ойлаймын. 94 сайлау учаскесінде өз дауысымды беріп шығып жатырмын бұйырса» — деді Жылыой ауданының тұрғыны Әскер Саркитов. Сайлауға қатысу үшін аудан бойынша 46 кандидат тіркеліпті. Оның 15-ін саяси партиялар, 31-і өзін-өзі ұсынған. Парламент мәжілісі…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Маңғыстаулықтар әлеуметтік желіге қызықты видеоларды жүктеп жатыр. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сайлау учаскелерінің бірінің алдындағы ансамбль мүшелеріне қосылып, ән айтты, деп хабарлайды CaspianLife. Желі қолданушылары видеоны жарыса таратып жатыр. Аймақ басшысының әндеткені көпшілікке ұнаса керек, видео астына қалдырылған пікірлердің басым бөлігі — позитивті.

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Атыраулықтар сайлауға жанұяларымен қатысып жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. Қала тұрғыны Жазықбай Асанов Тасқала ауылындағы №255 сайлау учаскесіне отбасымен келіп, таңдау жасады. Отағасы кәмелет жасына жеткелі бері болған саяси науқанның бірінен де қалыс қалмапты. «Бүгін бүтін отбасымызбен келдік. Жалпы отбасымызбен де бұрынна сайлауға қатысып жүреміз. Енді еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің бірінен болайық. Сол үшін әр адам өз үлесін қосуға тиіс деп ойлаймын» — деді Атырау қаласының тұрғыны Жазықбай Асанов. №255-ші сайлау учаскесінде 2096 сайлаушы тіркелген. Таңғы жетіден бері 120 адам дауыс беріпті.

Read More