Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 22 наурыз — Атырауда Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды, деп хабарлайды CaspianLife. Ұлыстың ұлы күніне арналған концерттік бағдарлама Исатай – Махамбет атындағы орталық алаңда өтті. Қарақұрым халық, көтеріңкі көңіл күй. Ауа райы да тамылжып тұрды. Жергілікті өнерпаздар ән айтып, би билеп, көптің көңілін көтерді. Жиналғандарды облыс әкімі Серік Шәпкенов құттықтады «Қадірменді ағайын, құрметті жерлестер! Баршаңызды бүгінгі келіп жеткен Әз Наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Міне, бүгін баршамыздың жақсы істерді істейтін, қайырымдылық істерді істейтін, көңілімізде ескіден қалған кірбің болса кешіретін күніміз. Сонымен қатар табиғат ананың өзі оянып, даламызда бәйшешегіміз гүл ашып жатса,біз өзіміздің ішімізден…

Read More

CaspianLife, 20 наурыз — Сайлау-2023: Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі №1 округ Астана — Дәулет Тұрлыханов; №2 округ Астана — Дәулет Мұқаев; №3 округ Алматы — Ермұрат Бәпи; №4 округ Алматы — Ерлан Стамбеков; №5 округ Алматы — Бақытжан Базарбек; №6 округ Шымкент — Данабек Исабеков; №7 округ Шымкент — Болатбек Нәжметдинұлы; №8 округ Абай облысы — Нұртай Сәбилянов; №9 округ Ақмола облысы — Айна Мысырәлімова; №10 округ Ақтөбе облысы — Қазыбек Әлішев; №11 округ Алматы облысы — Ардақ Назаров; №12 округ Алматы облысы — Данияр Қасқарауов; №13 округ Атырау облысы — Әділ Жұбанов; №14 округ Батыс Қазақстан облысы…

Read More

Атырау облысынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып Аманат партиясының өкілі Әділ Жұбанов сайланды, деп хабарлайды CaspianLife. Алдын ала дерек бойынша, ол сайлаушылардың 204 мың дауысын жинаған. Мұндай мәліметті Орталық сайлау комиссиясы таратты. Әділ Жұбанов №13 сайлау округінен бір мандаттық жүйе бойынша сайлауға түскен еді. Ол облыстағы инженерлік инфрақұрылымын заман талабына сай жасақтап, өңірді «экологиялық апатты аймақ» ретінде тану арқылы облыстағы өзекті мәселелерді шешуге уәде берді. Және Каспий теңізі мен Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстарымен тұрақты айналысатын мемлекеттік мекеме құру керектігін айтады. Әділ Жұбанов Атырау облысынан республикалық бюджетке берілетін қаражат көлемін азайтып, өңір тұрғындарының игілігіне жұмсау керек деп есептейді. Сайлауға түскен…

Read More

CaspianLife, 20 наурыз — Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Бәйдуәлиев өз еркімен жұмысынан кетті, деп хабарлайды CaspianLife. Оның қызметі өзінің орынбасары болған Қайсар Абдалиевке уақытша жүктелді. Еске сала кетейік, Асхан Бәйдуәлиев 2020 жылдың 22 қазанында басқарма басшысы болып тағайындалды. Ол облыстың бас дәрігері болып іске кіріскен кезде коронавирустың екінші толқыны және оған қарсы вакцинация жұмыстары басталған еді. Осы уақыт ішінде жәрдем стансасының автопаркі толығып, өңірге дәрігерлерді тарту бойынша бағдарламалар қолға алынды. Өкінішке қарай, Асхан Бәйдуәлиев өңірдің бас дәрігері болып тұрған уақытта ана мен бала өлімі жиі тіркелді. Және ол басшылық еткен соңғы 2 жылдан астам уақыт ішінде аймақтағы…

Read More

CaspianLife, 20 наурыз — Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызда өткен ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды CaspianLife. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан 7 партия келесідей дауыс жинады: Amanat партиясы  — 53,90 пайыз, (3 431 510 дауыс); «Ауыл» партиясы — 10,9 пайыз, (693 938 дауыс); «Ақ жол» партиясы — 8,41 пайыз, (535 139 дауыс); Қазақстан халық партиясы — 6,8 пайыз, (432 920 дауыс); Respulica партиясы — 8,59 пайыз, (547 154 дауыс); Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы — 5,2 пайыз, (331 058 дауыс); «Байтақ» жасыл партиясы — 2,3 пайыз, (146 4431 дауыс); «Бәріне қарсымын»…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Сайлау учаскелерінің мүшелері дауыс санауға кірісті, деп хабарлайды CaspianLife. Көп ұзамай сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болады. Бірақ нақты ақпарат бірнеше күннен кейін жарияланады. Атырау облысы бойынша сайлауға 442 кандидат түсті. Мәжіліске біреу, облыстағы 9 мәслихатқа 140 депутат сайлануы тиіс. Олардың алдында бұрынғы әріптестерінің 30 жылда белден де төмен түсіп кеткен абырой-беделін қайтару секілді зор міндет тұр. Жамбасының астында жеп жататын емес, халықты ит басына іркіт төгілетіндей молшылыққа жеткізуге тырысатын кандидаттар депутат болып сайланды деген үмітітіз жоқ емес. «№40 сайлау учаскесінде болған сайлауымыз өте тамаша деңгейде өтті. Қонақтар көп келді. Қонақтарымызға арнайы іс-шара болды. Концерт болды,…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Махамбет ауданында 18 жасқа толған 84 адам сайлауға алғаш рет қатысты, деп хабарлайды CaspianLife. Ауыл тұрғыны Мереке Шахабаев әр сайлауда дауыс беру азаматтық борышым деп санайды. «Сайлауға қатысу — отанымыздың әрбір саналы азаматы үшін маңызды мәселе саналады. Халық өзі таңдаған кандидатқа дауыс беру арқылы еліміздің өсіп-өркендеп дамуына ықпал ете алады, — дейді ол. «Бүгінгі сайлауда өз таңдауымызды білдіруге келіп жатырмыз. Елімізді дамуы үшін, халықтың әл-ауқаты жақсаруы үшін үлес қосып жатырмыз. Өз таңдауымызды жасадық. Сайланған халық қалаулылары еліміз үшін қызмет етсін дейміз» — деді Махамбет ауданының тұрғыны Мереке Шахабаев. Жалпы ауданда 18 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Саяси науқанда азаматтық қоғам өкілдері де таңдау жасауға кірісті. Атыраудағы көлік және коммуникация колледжінің ғимаратында орналасқан №11 учаскеге «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері келіп дауыс берді. «Сайлау деген ел болашағын айқындайтын саяси науқан. Сондықтан бүгін келіп, таңдауын жасау әр азаматтың борышы деп ойлаймын. Өзімнің таңдауымды жасадым. Жаңа Қазақстан құрамыз дейміз ғой президентіміз айтып кеткен + ықпалды парламент, күшті президент, есеп беретін үкімет деген қағидасы бар. Сол қағиданы жүзеге асыруға бәріміз атсалысумыз керек» — деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ләззат Жылқышиева. «Мында тіркелген сайлаушылардың саны 1978. Қазіргі таңда 37 адам дауыс берді. Халықтың дауыс беруге келуі жақсы. Бәрі…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Орталық сайлау комиссиясының соңғы дерегі бойынша, Атыраудағы сайлаушылардың белсенділігі аса өзгере қоймады. Екі сағат бұрынғы ақпаратпен салыстырғанда сайлау учаскелеріне барған тұрғындар саны тек 1%-ға артыпты, деп хабарлайды CaspianLife. Яғни, еліміз бойынша соңғы орында. Сайлаушылардың 65,70 пайызы дауыс берген Қызылорда алдыңғы қатарда болса, одан кейін Қостанай мен Жамбыл облыстары орналасқан. Ал Алматы қаласында таңдау жасағандар көрсеткіші 22,95 пайызға жетіпті. Жалпы еліміз бойынша халықтың белсенділігі бәсеңдеген болса керек, осы уақытқа дейін сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берген. Екі сағат бұрын бұл көрсеткіш 51,98 пайыз болған еді.

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Исатай ауданында 15 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұндағы сайлаушылардың жалпы саны — 15815, деп хабарлайды CaspianLife. ҚР парламенті мәжілісінің және түрлі деңгейдегі мәслихаттың депутаты атанғысы келетін 47 кандидат тіркелген. Қамысқала ауылындағы №128 сайлау учаскесінде 1297 сайлаушы бар. «Оңтүстік шығыс Новобогат» кен алаңында ауысымдық қызметте жүрген 84 адам осы учаскеде дауыс бермек. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, түрлі себеппен өзге облыстардан, Атырау қаласынан және аудандардан келіп, осында жүрген 346 тұрғынның да өз таңдауын жасауына мүмкіндік берілген. Саяси науқанның жүру барысы – байқаушылардың жіті назарында. «Бүгінгі сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары, мен өзім бірнеше жыл қатарынан тәуелсіз байқаушы…

Read More