Автор: Сайт әкімшілігі

ОФ «БолашакК» начал реализацию программы «Раннее вмешательство» по проекту «Внедрение программы» Раннего вмешательства» в Атырауской области» при поддержке ТОО «Тенгизшевройл» по программе социальных инвестиций. Напомним, ранее по данному проекту было проведено обучение специалистов пилотных поликлиник номер 1, 7, и поликлиники Жылыойского района программе «Раннего вмешательства» с целью повышения профессиональной компетенции специалистов амбулаторно-поликлинической службы в вопросах оценки нервно-психического развития детей раннего возраста и своевременного выявления отставаний и нарушений в развитии ребёнка. В обучении приняло участие в общей сложности 118 специалистов, среди которых — врачи-неврологи, участковые врачи-педиатры, врачи общей практики, медицинские сёстры. На данный момент, дети, в возрасте до 3х лет, с…

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Наурыздың 24-і — туберкулезге қарсы дүниежүзілік күрес күні. Осыған орай Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері мен еріктілер бірлесе отырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды CaspianLife. Олар Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда тұрғындарға өкпе дертінің алдын алу, сақтану жолдары жазылған брошюра таратып, сыйлыққа бетперде берді. Осы арқылы еріктілер тубуркулездің алдын алу әркімнің өз қолында екендігін еске салмақ болды. Қазіргі кезде облыста 700 ден аса адам құрт ауруымен есепте тұр. «Дегенмен жыл сайын жаңадан анықталатын науқас саны бірте-бірте азайып келеді. Бірақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы көрсеткіш түспей тұр» , — дейді мамандар. «Өкінішке орай біздің халқымыз түсінбейді,…

Read More

CaspianLife,24 наурыз- Шуақты көктемнің шырайлы мерекесі Әз наурыз табалдырықтан аттап, төрге озды. Ұлтымыздың ұлық мейрамын Мақат жастары да думандатты. Аудандық жастар ресурстық орталығында «Қош келдің әз-Наурыз» атты мерекелік шара өтті деп хабарлайды CaspianLife. Орталықты қазақы нақышта көркемдеген жастар көне бұйымдар мен қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырды. Мерекелік шараға ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары шақырылып, қазақтың ұлттық құндылықтары өз жалғасын тапты. Үлкендер бесікке салу және тұсау кесу секілді салт-дәстүрлерді орындаса, өнер ұжымдарының өнерпаздары өнер көрсетті. Сондай-ақ, көпшілікке наурыз көже, бауырсақ секілді ұлттық тағамдар ұсынылды. «Мынау ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудандық жастар ресурстық орталығында мерекелік шара өз мәресіне жетіп жатыр. Бүгінгі шараның…

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — «Геолог» ықшам ауданындағы ұжымдар ауыл халқына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Демеу» қоғамдық қоры, Геолог мәдениет үйі, №9 қалалық кітапхана сынды бірнеше ұйым бірлесіп, наурыз тойын атап өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Мерекелік жиынның жоғары деңгейде өтуіне ауыл тұрғындары да атсалысқан. Мың бұралған бишілер тойды қыздырып, аналардан құралған хор ескі әндерді шырқады. Спортшылар да өнер көрсетті. «Жалпы бұл мереке Геолог әкмішілігі кезінен бастап, сол егемендік алғаннан бері тойланады. Әрине, арада үзілістер болды. Карантиннің болуына байланысты. Бірақ, соған қарамастан біздің елді мекеннің халқы ұйымшыл. Осындай мәдени шараларда көп болып атсалысады» — деді «Геолог» ықшам ауданының тұрғыны Айгүл…

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Қала іргесіндегі «Жаңаталап» ауылының жастары наурызға орай мерекелік іс-шара өткізді, деп хабарлайды CaspianLife. 4 киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Алтыбақан құрылды. Жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған ұлы күнде ұлттық ойындар насихатталды. Жігіттер көкпар тартты. Нәтижесінде, «Сарайшық» пен «Жаңаталап» командаларының әрқайсысы 100 мың теңгемен марапатталды. Бұдан бөлек, ауыл азаматтары гір тасын көтеріп, бұқа және арқан тартысты. 5 азамат салмағы 40-келіден асатын қойды көтеруден жарысқа түсіп, ақырында жандықты 107 рет көтерген Амантай Казиров жеңіске жетті. «Қарсылыстарым да мықты. Олар да қалысқан жоқ. Бірақ жеңіс маған бұйырды. Көп көп рақмет! Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын! Осылай мейрамды…

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Атыраулық оқушылар республикалық «Зерде» конкурсынан жүлделі оралды, деп хабарлайды CaspianLife. Нақтырақ айтқанда, жуықта «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының жарысында Лира Байдилдаева, Зере Саясат пен Балауса Габдилкакимнің дайындаған жұмыстары 1-орынға лайық деп танылса, Мадина Ғалымжанованың жобасы 2- орынды ие болды.Ақдидар Қалау, Мұхамедияр Әбілқайыр, Саян Лұқпан, Әнел Ерболат пен Дінмұхаммед Қонайұлының еңбегі ақталып, үздік үштікті қорытындылады. Арнайы грамотамен Ильяс Ақжолұлы марапатталған.Жақсы нәтиже көрсетуге тырысқан басқа да жас зерттеушілеріміздің әрқайсысына сертификат табыс етіліпті. Жалпы байқауға облыстың атынан 19 оқушы қатысты. «Менің жобамның ерекшелігі 2 шылаушыннан пайда болған жаңа буданды апардым.…

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — «Нұрлы тал» этно-саябағында Наурыз мерекесіне орай атыраулықтарға арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Жәрмеңке ұйымдастырылып, ұлттық ойындар насихатталды. Көпшілік қазақы нақыштағы ұлттық киімдермен келіп, мерекелік көңіл-күйде жүрді. Жәрмеңкеге қатысқан қолөнер шеберлері қызығушылық танытқандарға өз білетіндерін үйретуге тырысты. Саябақ аумағында киіз үйлер тігіліп, үлкендер мен кішкентайлар дәмнен ауыз тиді. Балалар алтыбақан теуіп мәре-сәре болды, Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жергілікті балалардан құралған би топтары мың бұрала билеп, жергілікті өнерпаздар ән шырқады.

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Жылыой ауданында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі – ат жарысы. Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен бәйгеге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарынан 60-тан астам сәйгүлік қатысты, деп хабарлайды CaspianLife. 21 шақырымдық аламан бәйгеде 14 тұлпар жарысып, маңғыстаулық «Нарқасқаның» иесі 1миллион теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал 15 шақырымдық топ бәйгеде атыраулық Мақсот Нұржанұлының «Лашыны» оза шапса, 7 шақырымдық құнан жарысында құрманғазылық «Тентек қара» топ жарды. Олардың иелері сыйлыққа мотоцикл алды. «Аламан бәйгеде соңғы кругқа дейін аттың басын ұстап келіп, финишке жақындағанда аттың басын жіберіп, ұмтылып бірінші келдім Алланың қалауымен. Ұйымдастырушыларға…

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Ұлыстың ұлы күні – өнегесі мен ғибраты мол мереке. Ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алатын Наурыз мейрамын ұлығылау мақсатында Жылыой аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен ұстаздар наурыз тойын тойлады, деп хабарлайды CaspianLife. №8 мектепте өткен іс-шра кезінде ән-күй мен би ғана емес, ұлттық дәстүрді дәріптейтін қойылым көрсетілді. Аудандағы 20 мектептің оқушылары шілдехана, бесік той мен тұсау кесер секілді салттардың мән-мағынасын жеке-жеке көрініс арқылы түсіндірді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен ұстаздар дайындаған концерттік бағдарлама жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Ал ұрпақтарым біздің ұлтымыздың бар құндылығы осы наурыздан басталады. Қазір наурызда қатар отырған кезде біздің ұлттық құндылықтарымыздың бәрі қалыптасқан…

Read More

CaspianLife, 22 наурыз — 5 қаңтар күні Жайық өзеніне батып кеткен азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды CaspianLife. Құтқарушылар 48 жастағы тұрғынның мәйітін бүгін сағат ертеңгілік 9 жарым шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан алып шықты. Марқұмды іздестіру жұмыстары осыдан 5 күн бұрын жанданған еді. Еске салайық, жыл басында Жұмыскер ауылы маңындағы көлік көпірі астынан екі адам балық ауламақ болған кезде мұз ойылып, суға түсіп кетеді. Оқиға орнына жеткен мамандар бір адамды судан аман алып шықты. Ал екінші адамның денесін 10 күн бойы іздеп, таппаған соң іздеу жұмыстары тоқтатылған болатын.

Read More