CaspianLife, 29 наурыз — «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтерлі болу үшін 860-қа жуық адам арыз берген деп хабарлайды сaspianlife.kz. Қазір 830-ның өтініші қаралып жатыр. Қалған 30 адам талапқа сәйкес келмепті. Алдағы уақытта азаматтар ұпай санына қарай іріктеліп, тек 55-і баспаналы болмақ. Олардың тізімі Атырау қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады. «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасының операторы — «Отбасы банк» АҚ. Банк 1-20 ақпан аралығында жастардан құжаттар қабылдады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қалалық әкімдік 1 млрд теңге қаражат бөлген. Олар аталған бағдарлама шеңберінде алдағы уақытта тағы да құжаттардың қабылданатынын айтты.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 наурыз — Атырау мұнай өңдеу зауытында TAZALYQ жобасы бойынша механикалық тазарту қондырғысы жұмыс істей бастады. Яғни бұрын булану алаңына мұнай қалдығы аралас су төгілсе, жаңа технологияның арқасында оның құрамындағы қалдық коэффиценті азаймақ, деп хабарлайды CaspianLife. Зауыт өкілдері іске қосылған нысанның жұмыс істеу принципін қоғам белсенділеріне көрсетті. Қондырғының бірінші кезеңінің құрылыс жұмысы былтыр аяқталған еді. Ол бір сағаттың ішінде 1000 текше метр суды тазалай алады. Құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. «Механикалық тазарту қондырғысында бүткіл зауыттың ағынды, сарқынды суларының бәрі төгіледі. Механикалық әдіспен тазартылады. Сол тазартудан кейін мұнай қалдықтарының бәрі қоқыс болып бөлінеді де, оны…
CaspianLife, 29 наурыз – Атырау облыстық мәслихатының су жаңа депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алды деп хабарлайды сaspianlife.kz. 8-ші шақырылым депутаттарының тең жартысы бірмандаттық округ бойынша сайланса, қалғаны партиялық тізім бойынша. Олардың арасында бұрын депутат болғандар да жүр. Жаңа құрамда қоғам белсенділері, журналистер, кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары бар.
CaspianLife, 29 наурыз — АҚШ-тың Майами қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнирде Елана Рыбакина кездесуін сәтті өткізіп, жеке рекордттарын жаңартты деп хабарлайды сaspianlife.kz. Қазақстандық тенисші соңғы сында италиялық Мартина Тревизанмен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:0. Матч 1 сағат 10 минутқа ғана созылды. Жалпы Рыбакина Майами ашық чемпионатының жартылай финалына алғаш рет шығып тұр. Еленаның келесі қарсыласы есімі әзірге белгісіз. Бір анығы ол америкалық Джессика Пегула мен ресейлік Анастасия Потапова кездесуінің жеңімпазымен сынға түсетін болады. Айта кету керек, Майами қаласындағы жарыс 2 сәуірге дейін жалғасады. Турнирдің жүлде қоры 8 миллион 800 мың АҚШ долларын құрайды.
CaspianLife, 28 наурыз — 2022 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген ақшалай аударымдардың жиынтық көлемі күрт өсті деп хабарлайды сaspianlife.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген ақшалай аударымдарың жиынтық көлемі 1,8 трлн теңгені құраған. Яғни, 2021 жылмен салыстырғанда операциялар 32,7%-ға өскен.Операциялардың негізгі үлесі Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі – 94,7%. Өткен жылы шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы іс жүзінде бірдей: тиісінше 415 мың теңге және 413 мың теңге болған. «Бұл ретте Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдары сомасы 2,4%-ға біршама өсе түскен тұста ХААЖ арқылы басқа елдерден алынған ақшалай…
CaspianLife, 28 наурыз — Бас айналу, жүрек айнуы, әлсіздік — атыраулықтарды бүгін түнімен мазалап шықты. Олар мұны қаланы жайлаған сасық иіспен байланыстырады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оның жаны да бар. Өйткені ауа сапасын бақылайтын сайт қаланың кей жерінде күкіртті сутегінің нормадан 20 есе артқанын көрсеткен. Ал шектік норма – 8. Тұрғындар бұған қала ішіндегі Атырау мұнай өңдеу зауытын кіналайды. «Мамандығым — химик, технолог. Құрама штаттардағы әріптестеріммен осы мәселені талқыладық. Менің ойымша, зауыттың жұмыс процесі дұрыс емес. Қала тұрғыны ретінде ауаны үнемі мониторниг жасауды, зауыттағы процесті қалыпқа келтіруді және бәрінің ашық болуын талап етемін. Булану алаңы дегенге сенбеймін, зауыттан шыққан иіс деп…
CaspianLife, 28 наурыз — Атырау облысы әкімдігінің жанынан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссия құрылады деп хабарлайды сaspianlife.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Комиссия мақсаты — өңірдегі табиғат қорғауға қатысты іс-шаралардың орындалуын тыңдау, қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұсыныстар дайындау, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу. Комиссия құрамына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам белсенділері кіреді. Қазіргі уақытта комиссияның құрамы бекітілген жоқ.
CaspianLife, 28 наурыз — 2023 жылы жағдайы қалыпты республикалық маңызы бар жолдардың пайыздық көрсеткішін 93 пайызға, ал қалған жолдардың көрсеткішін 80% -дан 87% дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мұны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты деп хабарлайды сaspianlife.kz. Амангелді Беков жолдардың бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту жұмыстарына да тоқталды. Оның сөзінше, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1 634 нысан бар. Соның 74 пайызы ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. Биыл тағы 78 қызмет көрсету нысанын іске қосу жоспарланған. Оның 53 объектісі жеке инвестицияларды тарту есебінен қойылмақ. «Бұл бағыттағы жұмыстар аясында…
CaspianLife, 28 наурыз — Атырауда көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа жүйесі 1 шілдеде толықтай іске қосылады сaspianlife.kz. Атап айтсақ, енді пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы тоқтап, орнына мүлік иелері бірлестігі құрылуы тиіс. Қазіргі таңда қаладағы көпқабатты үйлердің 1400-ге жуығы басқарудың жаңа түріне ауысып үлгерген. Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес 30 пәтерден асатын көпқабатты тұрғын үйлерге толығымен МИБ құру қажет. Қазіргі таңда облыс әкімдігі тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ауыстыру жұмыстары атқарылуда. 00:40 Оның ішінде бөліп айтсақ 1357-сі жай серіктестіктер, қалғаны 35-і мүлік иелері бірлестігі. Қазіргі таңда қала және аудан әкімшіліктерімен бірлесіп жұмыс істеліп жатыр,-деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Нұрғиса Шахметов. Заң…
CaspianLife, 28 наурыз — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атырау-Астрахань» тас жолын реконструкциялау жұмыстары толықтай 2024 жылы аяқталатынын айтты деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов: «Министрлікпен келіскендей тас жолдың құрылысы бақылауда болады» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің экс-басшысы Қайырбек Өскенбаев: «2022 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар жолды ашамыз деп отырмыз» «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев: «2023 жылдың соңына дейін мердігер мекемелер жұмыстарын аяқтап, бізге тапсырады» Бұл облыс әкімі мен үкімет басындағылардың осыдан бір жыл бұрын айтқан сөздері. Олар жыр болған «Атырау-Астрахань» тас жолына асфальт төсеу жұмыстарын 2022 жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп сеніммен айтқан еді.…
