Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 30 наурыз  — Атырау облыстық мәслихатының жаңадан сайланған депутаттары жұмысқа кірісе бастады. Олар әуелі мәслихат төрағасының кандидатурасын анықтап алды деп хабарлайды сaspianlife.kz .  Бұл орынға Мұса Хайруллиев отырды. Жаңа төрағаның негізгі қызметі — «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның Атырау облысы бойынша филиалының басшысы. Сессия барысында тұрақты 4 комиссияның құрамы және төрағалары сайланды. Қаржы-қаражат, экономика, өңірлік даму мәселелеріне Абдолла Ідірісов, экология, агро, табиғатты пайдалану жағына Арман Хайруллин басшылық етсе, әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы болып Нұрлыбек Даралиев сайланды. Ал, Ермекқали Юсупов заңдылықты сақтау, депутаттық-этикалық, құқық қорғау мәселелері жөніндегі комиссияны басқарады. Сессияға қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов депутаттарға сәттілік тілеп, үміт артты.…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз – Атырау облыстық экология департаменті «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясын тексеріп, ереже-заңдардың өрескел бұзылғандығын анықтады деп хабарлайды сaspianlife.kz . Мысалы компания «Болашақ» алаңында 1 млн тоннадан астам күкіртті сақтап отыр.Сарқынды су буландыру тоғанына тазартудан өткізілмей жіберіліп, шикі газ ауада рұқсатсыз жағылған.  Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көзделген талаптар да ұмыт қалыпты. Мұнай алпауыты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс шаралар жоспарын да толық орындамайтын болып шықты. Осы және өзге де заң бұзушылықтарды тізген экологтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің алты бірдей бабы бойынша іс қозғады. Қазір бұл іс Атырау қаласының әкімшілік сотында қаралып жатыр.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз – Атырауда наурызда коронавирусты 86 адам жұқтырған. Мұны Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов айтты деп хабарлайды сaspianlife.kz. Ақпан айында тек 36 адам ғана қауіпті инфекцияны жұқтырса, осы айда көрсеткіш 2 есеге артқан. «Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен осы айда өткен айлармен салыстырғанда ауру екі есе өсіп отыр. Наурыз айының басында 11 жағдай тіркеліп, ахуал тұрақтанған еді. Алайда, мереке күндері ауру 4 есе көбейді. Яғни, бір аптаның ішінде 44 жағдай тіркелді. Биыл облыс тұрғындарының арасында вакцина салдырғандар саны айтарлықтай аз.  Облыста вакцина жетерлік, тұрғындарды вакцина және ревакцина алуға шақырамыз»,- деді Мәдениет Танауов.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз –2022 жылы Атырауда фаст-фуд жеген 17 адамның уланып, санитарлық талапты сақтамаған бірнеше кәсіпкерлік нысанының әкімшілік жауапқа тартылған. Мұны Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасындағылар айтты деп хабарлайды сaspianlife.kz . Оларға салынатын айыппұл көлемі де аз емес. Заң бұзған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары – 793 000 теңгеден 1 069 500 теңгеге дейін, ал ірілері 5 520 000 теңге төлейді. «Басқарма қазіргі уақытта кәсіпкерлерді тексере алмайды. Оған шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге салынған мораторий мерзімінің2024 жылға дейін ұзартылуы себеп. Тек тамақтану орындарында немесе басқа да объектілерде санитарлық талаптардың сақталмағанын дәлелдейтін фото-бейнежазбалар болса ғана жоспардан тыс тексеріс аша аламыз», — деді Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз – Қазақстан NCOC компаниясына 5 миллиард доллардан астам айыппұл салды. Бұл туралы еліміздің экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасаған Блумберг ақпараттық агенттігі хабарлады деп жазады сaspianlife.kz . Агенттіктің ақпаратында Қазақстан үкіметінің мұнай алпауытын «нысанда өте көп мөлшерде күкірт сақтады» деп айыптағаны айтылады. Нәтижесінде Қазақстан NCOC-ға 2 триллион 300 млрд теңге немесе 5 миллард 100 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. Компанияға жақын дереккөзге сүйенген Энерджи монитор телеграм каналы болса, мұндай ірі көлемдегі айыппұлдың салынуын – Қазақстанның NCOC-ды дұрыстап бақылауға алудың жолын іздестіріп жатқандығымен түсіндіреді. Caspian News телеарнасы осы жағдайды түсіндіруді сұрап NCOC компаниясына ресми сұраныс жіберді.…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — «МегаМозг» оқу орталығының қызметкерлері қамауға алынды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау қаласының прокуроры Руслан Әйтімов істің сараптамаға жіберілгенін, бас күдіктінің қазіргі уақытта қамауда отырғанын хабарлады. «Жәбірленушілердің барлық шағымдары қабылданып, тергеу аяқталды. Бұл жағдай бойынша 145 адам зардап шекті. Басты күдікті қамауға алынды. Бүгін қолжазба және фоноскопиялық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы алынған соң іс сотқа жіберіліп, 4 күдікті азаматқа қатысты шешім қабылданады», – деді Р.Әйтімов. Осыдан бір жыл бұрын ата-аналар балаларына қосымша білім беру үшін «МегаМозг» оқу орталығы мен келісім-шартқа отырады. Бірақ орталық басшылығы өз міндеттерін орындамайды. Алданып қалған ата-аналар құқық қорғау орындарына, облыс әкіміне шағым жазып, қаражаттың…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз – қарағандылық теміржолшылар 800 тоннаға жуық материал ұрлаумен айналысқан деп хабарлайды сaspianlife.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап. Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақаулардың орнына жол бөлігінің жоғарғы құрылымдарына орнатылғаны туралы жалған ақпарат беру арқылы есептен шығарылған.Материалдарды ұрлады деп күдікке ілінген топтың құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қарағанды ​​филиалының қазіргі және бұрынғы 17 қызметкері бар. Олардың бұл іс-әрекетін жүзеге асыруына полиция қызметкерлері көмек көрсеткен деп жазады orda.kz сайты. Келтірілген залалдың көлемі 130 миллионға жуықтайды. Қазіргі уақытта ұрланған тауарларды сатып алғандар, материалдарды тасыған жүк көліктері анықталған. Сот санкциясымен Жаңаарқа жол стансасы…

Read More

CaspianLife, 29 наурыз – Құрманғазы ауданында заңсыз ауланған 417 келі болатын бекіре тұқымдас балық тәркіленді деп хабарлайды сaspianlife.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 25 наурыз күні Құрманғазы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Газель автокөлігін жүргізіп бара жатқан 43 жастағы жүргізушіні тоқтатып, көлікті тексерген. Нәтижесінде, машинадан жарты тоннаға жуық бекіре тұқымдас балықты тәркілеген. Қазір полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап кетті.

Read More

CaspianLife, 29 наурыз — Атырау облысындағы ұялы байланыстың нашар, интернет жылдамдығының төмен болуына арнайы станциялардың жетіспеушілігі себеп. Оны  орнатуға тұрғындардың өздері қарсылық білдіреді. Деді облыстық әкімдікте өткен жиын кезінде байланыс операторлары өкілдерінің бірі деп хабарлайды сaspianlife.kz. Сондықтан жергілікті атқарушы орган мұнараларды қою үшін жер бөліп, орнатып берсе дейді. Операторлардың айтуынша, тұрғындардың арасында радиофобиясы барлар азаймай келеді. Соның кесірінен көпшілік үйдің шатырына немесе аулаларына байланыс станцияларын орнатуға қарсылық білдіреді. Бұл да интернет жылдамдығының нашар болуына ықпал ететін фактордың бірі. Жиынға қатысқан қоғам белсенділері «халық байланыс операторларына аз ақша төлеп отырған жоқ. Сондықтан, компаниялар станцияларды өз қаражаттарына орнату керек деген пікірде. «Байланыс…

Read More

CaspianLife, 29 наурыз — Атырау облысында биыл жалпы құны 65,6 млрд теңге болатын 8 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы Атырауға іссапармен келген Сыртқы істер министрлігіне қарасты  инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев мәлімдеді деп хабарлайды сaspianlife.kz. Былтыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен инвестициялық жобалардың Жалпы ұлттық пулы әзірленген болатын. Зебешевтың сөзінше, Атырауда соның ішіндегі 5-еуі пайдалануға беріліпті. Жалпы ұлттық пулдың ішінде 6 трлн теңгені құрайтын 27 жоба бар.Жалпы ұлттық пулдағы жобаларға қаажетті инвестицияны 30 мемлекеттен тарту көзделген. Олардың жалпы сомасы 32,3 трлн теңге, — дейді министрлік өкілі. Былтыр Атырау облысында жүзеге асқан жобаларға 5,7 млрд АҚШ доллары жұмсалған. Зебешевтың сөзінше, бұл көрсеткіш жылдан…

Read More