Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 3 сәуір — Бүгін «KPI» зауытындағы жұмыс жартылай тоқтады,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Өндірісті тоқтатуға электр энергиясының өшуі себеп. Газ-химия кешеніндегілердің сөзінше, KEGOC АҚ-на тиесілі желілерде қысқаша тұйықталу болып, зауытты жарықпен қамтамасыз етіп отырған газтурбиналық электр станциясы апатты жағдайда тоқтапты. Нәтижесінде KPI ЖШС-де технологиялық ақау болып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пропанды дегидрлеу қондырғысындағы шығарынды факелге жіберілген.

Read More

CaspianLife, 3 сәуір — Зауыттағы баяу кокстеу қондырғысындағы П-2 пешінің жану режимі бұзылған, -деп хабарлайды caspianlife.kz. Басшылықтың айтуынша, түтіннің шығуына жанармай газына сұйықтықтың тамуы әсер еткен. Кейін технологиялық қондырғылардағы динамикалық жабдықтардың бір бөлігі тоқтатылып, қайта іске қосылған. Бұған «KEGOK» АҚ тарапынан электр энергиясы кернеуінің төмендетілуі әсер еткен.

Read More

CaspianLife, 3 сәуір — Әлеуметтік желіде «АМӨЗ» ЖШС аумағындағы қондырғылардың бірінің мұржасынан қою қара түтіннің шығып жатқаны түсірілген видео тарады,- деп хабарлайды caspianlife.kz.  «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты қазір анықтау жұмыстарының жүріп жатқанын мәлімдеді.

Read More

CaspianLife, 3 сәуір — «Ақжайық» резерваты аумағындағы өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды caspianlife.kz Өрт сөндірушілер таңғы сағат 8:30 дан бері қамыс өртін сөндіруге жұмыстанып жатыр. Қазір онда 70-ке жуық адам жүр. Олар 13 арнайы техниканы, 2 қайық пен 4 мотопомпаны пайдалануда, — деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 3 сәуір — Бүгін Атырауда оқушылар мен студенттер қашықтан білім алады деп хабарлайды caspianlife.kz. «Ақжайық» резерваты аумағында жанған қамыс түтінінің қала аумағын басуына орай бүгін мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан білім алады. Бұл балалардың денсаулығы және қауіпсізідігі үшін жасалып отыр,-дейді Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі

Read More

CaspianLife, 3 сәуір — «Ақжайық» резерватының аумағында өршіген өрт басылар емес деп хабарлайды caspianlife.kz. Атыраулықтар кешеден бері әлеуметтік желі арқылы қаланы басқан қою түтін иісіне наразылық білдіруде. Кей мектептерде осы жағдайға байланысты балаларды сабақтан босатып жатыр деген ақпар тарады. Бірақ бұл мәліметті облыстық білім беру басқармасындағылар жоққа шығарды. Осы оқиғаға қатысты бүгін жауапты орындар баспасөз конференциясын өткізбек. 2 сәуір күні Атырау облыстық ТЖД Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың жанып, 85 гектар жердің өртеніп кеткенін хабарлаған еді.

Read More

CaspianLife, 2 сәуір — Қаланы басқан қою түтінге » Ақжайық» резерватындағы қамыс өрті себеп деп хабарлайды caspianlife.kz. Атырау облыстық ТЖД хабарлауынша, қамыс өрті сағат таңғы 9 шамасында Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықтағы Каспий теңізінің жағалауында «Ақжайық» резерватының аумағында тіркелген. 19:00 ге дейін 85 гектар жер өртеніп кеткен. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 5 гектардағы қызыл жалынды өшіруге тырысып жатыр. Мамандардың айтуынша, сөндіру жұмыстарына жел екпінінің қатты болуы да кедергі келтіріп тұр. Бірақ маңайдағы елдімекенге қауіп жоқ. Ресми мәліметке сүйенсек, өрт сөндіру жұмыстарына 40 қызметкер, 11 техника, 2 қайық пен 4 мотопомпа жұмылдырылған.

Read More

CaspianLife, 1 сәуір —  Атырау облысының әкімдігі мен Астрахань облысының басшылығы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырауға  жұмыс сапарымен келген  Астрахандық делегация мүшелері мен жергілікті басшылар келіссөздер жүргізді. Қос облыс 3 жылға бекітілген іс-шаралар жоспары  аясында ауыл және балық шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, білім, денсаулық пен мәдениет сынды бірқатар салада көрші өңірлер иық тіресіп жұмыс істемек.Ресми іс-шарада облыстарға ортақ жүк тасымалы, бақылау бекеттерінің жағдайы сияқты бірнеше мәселе көтерілгенін айта кетейік.

Read More

CaspianLife, 1 сәуір — Көрші Астрахань облысында басталған «Каспий –достық теңізі» атты мотошеруге қатысушылар Атырауға жетті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Шеруді Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастады. Ресейліктердің мұндай іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты – Каспий теңізі арқылы байланысатын көрші елдермен қарым-қатынасты нығайту. Қонақтарды Атырау жұрты зор құрметпен күтіп алды. Мотошерушілер Атыраудан кейін Ақтау қаласына жол тартады. Әрі қарай, Түркіменстан, Иран мен Әзірбайжанда болады. Одан кейін Дағыстан Республикасы арқылы Астрахань қаласына қайтып оралады. 1 сәуірде басталған мотошеру 11 сәуірде аяқталады деп жоспарланып отыр. «Мотошеруді ұйымдастыру туралы ой 2 жыл бұрын келген. Сәті енді түсіп жатыр. 11 күннің ішінде шамамен 5 мың шақырым…

Read More