CaspianLife, 4 сәуір — Құтқарушылар Каспий жағалауындағы қамыс өртін тікұшақпен сөндіруге кірісті, — деп хабарлайды caspianlife.kz «Ақжайық» резерваты аумағындағы өрт 2 сәуірде басталған болатын. Содан бері облыс орталығы бірнеше рет түтінге оранды. Мамандардың сөзінше, шамамен 90 гектарга жуық жер жанып кеткен. Ең қиыны қалың қамыс арасына техника бара алмайды. Қала берді жел де бағытын қайта-қайта өзгертіп жағдайды қиындатып тұр. Сол себепті құтқарушылар осы уақытқа дейін жалынды қолда бар құралдармен өшіруге тырысқан еді.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 сәуір —»Атырау» ФК ойыншылары алаңға күшіктерді алып шықты, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Олар осы әрекеттері арқылы панасыз жануарлар мәселесіне көңіл аудартпақ болыпты.
CaspianLife, 4 сәуір — Қала маңындағы «Құрсай» ауылының тұрғындары қамыс өртінен зардеп шекті, — деп хабарлайды caspianlife.kz Қамыс қуалай шыққан өрт тұрғындардың ауласы мен сарайын, жылыжайын, тіпті сыртта тұрған жеке мүліктеріне дейін жалмаған. Әрі жалын шарпыған аумаққа өрт сөндіру көлігі бірден кіре алмапты. Себебі қалың қамыс бойлатпайтын көрінеді. Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, «Құрсай» елді мекеніндегі өртті сөндіруге 53 құтқарушы мен 12 техника жұмылдырылған. Жалпы аумағы 1,5 гектар жер отқа оранған. Тұрғындардың айтуынша, «Перетаска» каналының бойындағы қамыс жыл сайын жанып, әбігерге салатын көрінеді.
CaspianLife, 4 сәуір — «АМӨЗ» ЖШС-на тиесілі қондырғыдан қара түтіннің шығуына адами фактор әсер еткен, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Мұндай мәлімдемені АМӨЗ ЖШС экоомбудсмені Салтанат Рахимова «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, зауыттағы апаттық жағдайға 15 жылдық тәжірибесі бар оператор себепкер. Ол ысырманы (задвижка) ашып-жабу тәртібін бұзған.
CaspianLife, 4 сәуір —12 сәуірден бастап аи-92 бензині мен дизель бағасы өседі, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Мұны ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді. АИ-92 және АИ-93 маркалы бензині қазіргі бағасы литріне 182 мен 187 тг аралығында болса, енді 205 теңгеге дейін жетеді. Ал, дизельдің бір литрі қазіргі 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін өседі.
CaspianLife, 4 сәуір — Атырауда 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды,-деп хабарлайды caspianlife.kz. Атырау облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа болжаммен 15 мыңға жуық бала барады. Ата-аналар құжаттарын «электрондық үкімет» www.egov.kz, веб-порталы арқылы тапсырады. Ал қажетті құжаттар тізімінде ата-ананың өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығы паспорты (ф-026, ф-063), екі дана 3×4 көлемендігі фото бар. Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.
CaspianLife, 4 сәуір — Атыраулық келіншек сатып жіберген автокөлігінің айыппұлы мен салығын 15 жыл бойы төлеген ,- деп хабарлайды caspianlife.kz. 57 жастағы әйел өзінің ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Бірақ оған көліктің төлемдері осы уақытқа дейін келіп тұрыпты. Кейін келіншек Атырау облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Руслан Мәжитовтың қабылдауында болып, жағдайды түсіндіріп, көмек сұраған. Ақырында машинаның Алматы облысы Қаскелең қаласында екендігі анықталып, қазіргі иесі табылды. Ол автокөлікті тіркеуден шығарып, бұрынғы иесіне 800 мың теңгені қайтарып беруге келісті.
CaspianLife, 3 сәуір —Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев тікелей эфирде қамыс өрті туралы айтып берді, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Оның сөзінше, бүгін Маңғыстау облысынан көмекке тікұшақ келеді.
CaspianLife, 3 сәуір — Атырау халықаралық әуежайына 1 725 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Бұған жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының төмен болуы себеп. Мұны Азаматтық авиация комитеті былтыр жыл соңында жоспардан тыс жүргізілген инспекциялық тексеру барысында анықтапты. Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға көрсетілетін қызметтің заңнамалық талаптарға сай келмейтіні белгілі болған. Сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдарының жоспары орындалмапты.
CaspianLife, 3 сәуір —️Оралда 2 баласын саудалаған әйел ұсталды ,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы хабарлады. 31 жастағы Оралдық келіншек өз баласын 1 миллион теңгеге бағалаған. Ол алғашында 2018 жылы жаңа туылған нәрестесін Атыраулық ерлі-зайыптыға сатқан. Кейін 2022 жылы, 3 жастағы қызын оралдық жанұяға 1 миллион теңгеге беріпті. Анықталғандай Қарақалпақстан Республикасының тумасы болып шыққан.
