Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 6 сәуір —Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайсар Абдалиев тағайындалды, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Қайсар Қайратұлы Абдалиев 2012 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Емдеу ісі» мамандығын, 2017 жылы КазГЮУ университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған. Ол алғашқы еңбек жолын 2013 жылы «Ұлттық кардиохирургия орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму бөлімінде бастаған. Денсаулық сақтау министрлігінде 5 жылдан астам қызмет атқарып, соңғы 3 жылда Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.

Read More

CaspianLife, 6 сәуір —Облыс орталығында «балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы өтіп жатыр, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Биыл үш ай ішінде қалада балалардың қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 кішкентай қайтыс болды. 6 бала дене жарақатын алған. Ал былтыр 12 айда осындай 40 факт тіркеліп, 42 баланың денсаулығына зақым келген. Мұндай мәліметті қалалық полиция басқармасындағылар айтты. Олардың сөзінше, балалар көбіне құлаққаппен жүріп, жан-жағына қарамай, жолға шығып кетеді. Көлік жүргізушілерінің тарапынан да қателік жиі кетеді екен. Балалардың қауіпсіздігін күшейтіп, оларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында қала аумағында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты акция ұйымдастырылды. 27 наурызда басталған іс-шара 13 сәуірге дейін өткізіледі.

Read More

CaspianLife, 6 сәуір — Қазақстандықтар әлеуметтік желіде бір-біріне «салық төлейміз, ал жол қайда?» деген челлендж жолдауда, — деп хабарлайды caspianlife.kz.  «Тик-ток» әлеуметтік желісін қолданушылар челленджде алдымен салық төлеп, кейін тоз-тозы шыққан автокөлік жолдарын көрсетеді. Кейін «Әкімдік сенің кезегің» деген жазба қалдырған.

Read More

CaspianLife, 6 сәуір —Батыс Қазақстан облысында ер адам жүк көлігін жөндеп жатып көз жұмды, — деп хабарлайды, — деп хабарлайды caspianlife.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 47 жастағы азамат жүк көлігін жөндеу кезінде ұлынан өзіне көмектесуді сұраған. Баласын рульге отырғызып, өзі оталып тұрған көліктің астына жатады да, ұлына тежегішті басу керектігін айтады. Бірақ бізге белгісіз себептермен көлік орнынан қозғалып, ер адамды басып кеткен. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полицейлердің сөзінше, оқиға 4 сәуір күні кешкі бестің шамасында Ақсай қаласында болған. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Read More

CaspianLife, 5 сәуір —Атырауда қамыс өртін сөндіру жұмыстары төртінші тәулікке жалғасты, — деп хабарлайды caspianlife.kz.  «АқЖайық» резерваты аумағындағы өрттің жалпы ауданы 130 гектарға жеткен. Қазір оның 127 гектары сөндірілді. Ал 3,3 га аумақта қамыстың бықсуы анықталып отыр. Өрт сөндіру жұмыстарына 70 шақты қызметкер, 19 техника жұмылдырылған. Бұдан басқа, МИ-8 тікұшағы өрт ошақтарына әуеден 70 рет, жалпы көлемі 200-ден астам тонна су төкті.

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Атырауда 35 адамның соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші мақұлданды , — деп хабарлайды caspianlife.kz. Жалпы бүгінгі күнге дейін облыс бойынша тұрғындардан өзін-өзі банкрот деп тану туралы 1199 өтініш түскен. Оның 376-сы мақұлданбаған, қалған 788-і қаралу үстінде. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының сөзінше, арызының қаралмайтындығы туралы хабарлама алған азаматтар соттан тыс банкроттық талаптарына сәйкес өтінішті 3 айдан кейін қайта бере алады.

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Қазақстан «Қашаған» және «Қарашығанақ» кен орнын тендер өткізу тәртібін бұзды деп айыптады , — деп хабарлайды caspianlife.kz Қазақстан билігі «Қашаған» мұнай кен орнын игеріп отырған ірі кәсіпорыннан 2,3 триллион теңге айыппұл төлеуді талап етіп, сотқа арыз түсірді. Bloomberg агенттігі таратқан бұл ақпаратты Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі растады. Ел үкіметі NCOC компаниясының қоршаған ортаны қорғау ережесін бұзғанын және екі компания да қоймада күкіртті рұқсат етілген мөлшерден екі есе көп сақтағанын айтады.

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Мемлекет басшысы елордада Теңізшевройл компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, — деп хабарлайды caspianlife.kz Бұл туралы ақорданың ресми сайтында жарияланды. Президент Қасым жомарт Тоқаев өз сөзінде «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен біріккен кәсіпорын құрған алғашқы шетелдік компания екендігін және «Теңізшевройлдың» 30 жылдығы еліміздегі мұнай-газ саласы үшін ерекше дата екендігін айтты. Қазақстандағы мұнай алпауытының мерейтойына орай мемлекет басшысының жарлығымен компанияның ардагерлері мен қызметкерлері өндірісте үздік жетістікке жеткендіктері үшін марапатталды. Еңбек ардагерлері Жанұзақ Оразов, Көбентай Сүйесінов пен Жеңіс Сейтаевтің өңіріне «Құрмет» ордені тағылса, үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені еңбек ардагерлері Мұхит Әбілғазиев, Мырзақуат Қарабалин, Леонид Торопкин және Айтқали Үйпақовқа…

Read More

CaspianLife, 5 сәуір —Атыраулық кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бірнеше есе аспандатқан, — деп хабарлайды caspianlife.kz Бизнес иелері 1680 теңгелік сары сайды 2690, ал 45 теңге тұратын тұзды 75 теңгеге сатқан. Сүт пен тауық етінің құнын тіптен 60 % көтеріпті. Заңсыздықты әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия анықтады. Бас-аяғы 5 кәсіпкер жәй ғана ескертумен құтылған. Қазір тауар құнын 15 пайызға дейін түсіру бойынша жұмысты қолға алған көрінеді. Саудамен нәпақа тауып отырғандар ырыққа көнбесе 1 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді. Айта кетейік, азық- түлік бағасын бақылайтын бұл комиссия өткен жылы құрылған. Құрамында 14 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері бар.

Read More