Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 11 сәуір — «Аманат» партиясының мүшелері Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Kипиай өкілдерін өздеріне шақырып, экологиялық ахуалды талқылады, деп хабарлайды Caspian Life. Екі мекеме сәуірдің 2 күні қамыс өртінің түтіні қалаға жеткен уақытта екі мекеме аумағындағы қондырғылардан будақтап шыққан қою қара түтінге қатысты түсінік берді. Осы және Атырау мұнай өңдеу зауытындағы оқиғадан кейін экологтар қос кәсіпорынды жоспардан тыс тексеруге кіріскен еді. Экология департаменті басшысының сөзінше, оларға жергілікті әкімдіктен арыз түскен. Жиынға қатысқан депутаттар Экология департаментінің балансындағы ауа құрамын тексеретін құрылғылардың жұмысына күмәнмен қарайтындықтарын айтты. Әлібек Бекмұхамбетовтың сөзінше, барлық жабдық жыл сайын тексерістен өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, биыл жаңа техника…

Read More

CaspianLife, 10 сәуір — Атыраулық полицейлер ірі көлемде «синтетика» сақтаған ШҚО тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Caspian Life. Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласы аумағында синтетикалық есірткіні жасырған ШҚО-ның 1990 ж.т. тұрғынын анықтаған. Тергеу жұмыстары нәтижесінде 86,9 гр альфа-PVP және 207,91 гр мефедрон анықталып, медициналық сараптама қорытындысымен ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екендігі белгілі болды. «ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергер тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — дейді ПД баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 10 сәуір — 8 сәуір сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласында 5 “М”бағытындағы автобуста жолаушы керек аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған. Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, шу шығарыпты. Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі “Бұзақылық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. «Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», — делінген

Read More

CaspianLife, 10 сәуір — Жақында еліміздегі ауыл тұрғындарының жағдайы жақсарып, жайлы өмір сүретін болды. Үкімет ауылды дамыту тұжырымдамасын бекітті деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойған. Тұжырымдама елді мекендердің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Онда ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру үшін түрлі іс-шара қарастырылған. Кешенді жаңғырту бағдарламасы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 3,5 мың елді мекенді қамтымақ. Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы ауылды дамыту басты мақсаттың бірі болмақ. Осы орайда ауылдық жерлерде жұмыскерлерге баспана салып берген жұмыс берушілердің шығындары субсидияланады. Сонымен қатар, шекараға жақын орналасқан елді мекендерді…

Read More

CaspianLife, 10 сәуір — Атырау ауасының құрамындағы күкіртті сутегі шекті нормадан бірнеше есе артқан, деп хабарлайды Caspian Life. Мысалы «Шағала» ықшам ауданындағы станса өткен тәулікте бір текше метрдегі күкіртті сутегінің мөлшері 22,6 мкг екендігін анықтапты. Бұл — нормадан 20 есе көп. Мәлімет ЭЙР.кз қосымшасынан алынды. Бірақ жергілікті экологтар ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айтады. Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа сапасын 34 станса бақылайды. Оның ішінде «Қазгидрометтің» балансында – 11, Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі – 4, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының иелігінде 19 станса бар. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Атырауда ауа сапасының күн сайын нашарлайтынын айтады. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдай,…

Read More

CaspianLife, 9 сәуір —Атырауда журналистердің ұйымдастыруымен алғаш рет бейбіт митинг өтті, — деп хабарлайды caspianlife.kz «Мұнайшы» стадионының алдына жиналғандар «Атырауға — таза ауа», «Атырау демал», «Табыстан экология маңызды» деп ұрандатты. Қатысушылардың бірі мінберге шығып, өз ойын айтса, өзгелері жанайқайын плакатқа жазыпты. Жергілікті әкімдік митингке тек 300 адамның қатысуына рұқсат бергенмен, жиналғандар саны одан көп болды.Талап бойынша митингті өткізуге екі сағат уақыт берілді. Бұдан соң жиналғандар ҚР президенттің атына жазылған петицияға қол қойды.

Read More

CaspianLife, 8 сәуір — Әлеуметтік желіде Жеңіс саябағындағы танктің үстіне мінген өрмекші адамның видеосы тарады, — деп хабарлайды caspianlife.kz Өрмекші адамның киімін киген белгісіз жанның әрекетін желі қолданушылары бұзақылыққа балады.

Read More

CaspianLife, 8 сәуір —Батыс Қазақстан облысында әйелін пышақтаған күдікті іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды caspianlife.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында болған. «8 сәуір күні сағат 01.40-та 33 жастағы ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ салады. Кейін ол сол маңнан бой тасалаған. Зардап шеккен әйел Бәйтерек аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіруге оқталу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Read More

CaspianLife, 7 сәуір —Атырауда дәрігерлергер науқастан 15 килограмдық ісік алды, — деп хабарлайды caspianlife.kz Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан Мадешевпен онкодиспансер бірлесіп, күрделі ота жасады. Науқастың диагнозы — ретроперитонеум саркомасы. Ортаңғы лапаротомия деп аталатын ота кезінде үлкен 15 кг-дық ісік алынды. Анастомоздарды қою арқылы сыртқы мықын артериясы мен сол жақта несепағардың төменгі үштен бір бөлігін резекциялау арқылы алып ретроперитонеальды ісіктер алып тасталды.

Read More

CaspianLife, 7 сәуір —Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы аяқталды, — деп хабарлайды caspianlife.kz Компания мәліметінше, жөндеу жұмысы мерзімінен бұрын аяқталған.Жоспарға сай сәуірде зауыт 366 мың тонна мұнай өңдеуі қажет. Бензин өндірісі 110,1 мың тонна, дизель отыны — 114,8 мың тонна, сұйытылған мұнай газы — 15,1 мың тонна, әуе отыны — 19,3 мың тонна, мазут — 77,6 мың тонна көлемінде жоспарланып отыр.

Read More