CaspianLife, 9 сәуір —Атырауда журналистердің ұйымдастыруымен алғаш рет бейбіт митинг өтті, — деп хабарлайды caspianlife.kz
«Мұнайшы» стадионының алдына жиналғандар «Атырауға — таза ауа», «Атырау демал», «Табыстан экология маңызды» деп ұрандатты. Қатысушылардың бірі мінберге шығып, өз ойын айтса, өзгелері жанайқайын плакатқа жазыпты. Жергілікті әкімдік митингке тек 300 адамның қатысуына рұқсат бергенмен, жиналғандар саны одан көп болды.Талап бойынша митингті өткізуге екі сағат уақыт берілді. Бұдан соң жиналғандар ҚР президенттің атына жазылған петицияға қол қойды.