Аурухананың бас есепшісі танысымен алдын ала сөз байласқан. Олар бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың есепшоттарына аударып, кейін ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған.
Сотта сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.
Бас есепші бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

