Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 12 сәуір — Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Қашаған және Қарашығанық кен орындарын игеріп отырған операторлардың үстінен ҚР Үкіметінің сотқа арыз түсіргенін растады, деп хабарлайды Caspian Life. «Бұған қатысты нақты түсінік бере алмаймын. Бірақ, Қазақстан халқының мүддесі үшін жасалып отырған әрекет. Іс бойынша қаралатын шығын көлемі 3,5 және 13 миллиард АҚШ доллары», — деді ол журналистерге. Және ол Қазақстанның шетелдік инвестицияға қатты тәуелді екенін де айтып қалды. «Келісім-шарттарды қайта қарауға қатысты айтар болсақ, бұл – халықаралық құқық деңгейіндегі мәселе. Біз елге инвестиция тарту жолдарын ойлауымыз керек. Еліміз инфрақұрылымға инвестиция тарту жағынан өзгелерге тәуелді. Қазіргі кезде әлемде білікті инвесторларды тарту жағынан…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Атырауда көлік қаққан тұрғын ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Caspian Life. Полиция департаментінің дерегінше, оқиға 10 сәуірде кешкі сағат 21:00 шамасында Нұрсая ықшам ауданында болған. 32 жастағы тұрғын белгіленбеген жерден өтіп бара жатқанда Mercedes Benz маркалы көлігін басқарған жүргізуші қағып кетті. 44 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып, бой тасалаған. Тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтады. Жаяу жүргінші сол күні ауруханаға жеткізілді. Алайда, екі күннен соң жан сақтау бөлімшесінде көз жұмды. Қазіргі уақытта оқыс оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. «Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — делінген ПД баспасөз хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Құлсарыда тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады деп хабарлайды Caspian Life. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, №1 ықшам ауданындағы №27 тұрғын үй мемлекет мұқтажы үшін алынып, 60 пәтердің иесіне өтемақы төленген. Қазіргі уақытта нысанды сүру жұмыстары жүріп жатыр. Ескі ғимараттың орнына ауданы 1615,19 шаршы метр дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтермек. Жаңа нысанның жобасы дайын. «Мемлекеттік сатып-алу заңына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС», — деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев. Оның айтуынша, жаңа спорт кешенінде кіші футбол, бокс, күрес, волейбол залы қарастырылған. Жоспар бойынша құрылыс жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — Атыраулық полицейлер 4 жылдан бері із-түссіз жоғалған Өзбекстан азаматын анықтады, деп хабарлайды Caspian Life. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, «Мигрант» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде 4 сәуір күні Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2019 жылдан бері іздеуде жүрген 1975 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. 48 жастағы шетелдік 2017 жылы жұмыс бабымен Қазақстан аумағына келіп, 2019 жылы аталған азаматтың туыстары хабарсыз кетуіне байланысты Нүкіс қаласының ішкі істер бөліміне арыз тастап, осылайша із-түссіз жоғалғандар қатарында болған. Аталған оқиға бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 48 жастағы шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, еліне…

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — Индерде жаңа балабақша бой көтермек, деп хабарлайды Caspian Life. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Аққала ауылында 90 орындық бөбекжайдың құрылысы басталды. Екі қатарлы заманауи балабақшада асхана, жатын бөлме, ойын, медициналық, мұғалімдер бөлмесі, сондай-ақ логопед және психолог бөлмелері қаралған. Көлемі 1991,21 шаршы метр болатын нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «Қазіргі таңда облысымыздың түпкір-түпкірінде заманауи талаптарға сай, кең әрі жарық, бүкіл керек-жарағымен толыққанды жабдықталған балабақшалардың саны артып келеді. Биыл сәуір айынан бастап Аққала ауылында да жеке балабақша құрылысы басталуда. Балабақшаның жоба құны 484 млн теңгені құрайды. Ал, жоба қуаттылығы 90 орындық. Нысанға «Гранд Мастер»…

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — Атырауда Мемлекеттік кірістер органдары акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды Caspian Life. Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, 2023 жылдың 1 тоқсанында іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 1 087 005 теңгеге 2223 бөтелке заңсыз алкоголь өнімдері анықталды. Сондай-ақ, мұнай өнімдерін заңсыз өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар анықталды, жалпы сомасы 4,8 млн теңгеге 28,3 тонна дизель отыны тәркіленді. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімі негізінде 2223 бөтелке және 28,3 тонна ТД тәркіленді. «Материалдар қарау үшін Атырау қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Болашақта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу…

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — «Береке» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары ойын алаңының қасына қойылған қоқыс контейнерлерін алып тастауды талап етуде, деп хабарлайды Caspian Life. Бұл маң қоқыстан көз ашпайды деуге болады, өйткені мына үйлердегі пәтер және жақын жердегі дүкен иелері күнделікті қоқысты, кәдеге аспайтынның бәрін осында тастайды. Айгүл Тоқмамбетованың ықшамауданға көшіп келгеніне 4 жыл болған. Қоқыс контейнерлерінің қойылу тәртібін әбден зерделепті. Сондықтан ол мына жерде ереже-талаптың бұзылғандығына сенімді. Тұрғындардың айтқанымен пәтер иелері кооперативінің өкілдері де келіседі. Бірақ жауапкершілікті өздеріне алғылары келмейді. Және мәселені шешетіндей қолдарында қаражат па, құрал-жабдық та жоқ. Сондықтан бұл жерге қалалық әкімдік кіріспесе болмайтын сықылды. Тұрғындар мәселені…

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — «АМӨЗ» ЖШС-нен білікті мамандар кетіп жатыр. Қазір бұл көрсеткіш 7 пайызға жеткен. Дәл қазіргі мезетте компания үшін бұл – ең өзекті мәселе болып отыр, деп хабарлайды Caspian Life. Журналистермен кездескен зауыт басшысы Мұрат Досмұратов осылай деді. Оның сөзінше, кәсіпорында білікті кадр жетіспейді. Себебі тәжірибелі маманадар жоғары жалақы ұсынатын өзге мұнай компанияларына кетіп жатыр. Ал ЖОО бітіріп келген түлектердің білімі көңіл көншітпейді. Оларды жұмысқа алған соң қайта даярлықтан өткізу керек. Осы мәселені шешу үшін зауыт басшылығы биыл арнайы бағдарлама жасақтап, 100 стажерді оқытуды жоспарлап отыр. «Біздегі білікті кадр тапшылығына жалақы себеп болып отыр. Өйткені өзге мұнай обьектілеріндегідей…

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — Ақтау қаласындағы екі бірдей жаңа ықшам аудандағы мектеп құрылысы бітер емес. Тұрғындар заңды-заңсыз салынып жатқан көп қабатты үйлер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптағанымен, маңызды деген әлеуметтік нысандардың тіпті жобада жоқ екендігіне наразы, деп хабарлайды Caspian Life. 19 «а» ықшам ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысы биыл жыл соңында аяқталуы тиіс. Бірақ, мұндағы жұмыстың мүлде тоқтап қалғанына бір айа жуықтады. Бір жыл ішінде жұмыстың тек 15 пайызы жасалды деп ренжиді тұрғындар. Себебі – ақша жетпей қалған. Құрылыс басқармасындағылар жобаның түзетуге жіберілгенін айтады. Бастапқыда 3 миллиард теңге қарастырылғанмен, құрылыс материалдары қымбаттап, ақыры мектепті салуға кететін шығын 5 миллиард теңгеден бір-ақ…

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — Тасқалалықтар ауыл іргесіндегі карьерді жабуды талап етуде, деп Caspian Life. Өйткені, жел соқса ауылды шаң, топырақ басады. Одан қалса, қазылған шұңқырға мал құлап, арам қатып жатқан көрінеді. Әрі жайылым жерсіз қалдық деп ашынған жұрт мәселені тез арада шешуді талап етеді. Тасқала халқының базынасын округ әкімі және осыдан бірнеше апта бұрын өздері сайлаған депутаттар тыңдады. Әкімнің сөзіне сенсек, карьер 2019 жылы заңды түрде ашылған. Сондықтан, кәсіпкердің құқығын шектеу мүмкін емес. Кеңөзек ауылдық округі әкімінің айтуынша, карьердің жұмысы осыдан 2 жыл бұрын уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта жұмыс жанданып жатыр. Нақтырақ айтқанда, мұндағы топырақ ауыл ішінде салынып жатқан мектеп…

Read More