Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 17 сәуір — Жаңаөзен қаласындағы екінші ықшам ауданда орналасқан тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды CaspianLife. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, таңғы сағат 5 шамасында 2 қабатты тұрғын үйдің бір подъезі опырылып түсті. Болжам бойынша газ баллоны жарылған. Бүлінген аумақ көлемі 150 шаршы метрдей. Өрт болған жоқ. Зардап шеккен жандар дәрігерлердің қарауында. Қазір оқиғаның нақты себеп-салдары анықталуда. Оқиға болған жерде 50 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Және 10 техника жұмылдырылған. Өңірде жедел штаб құрылып, сенім телефоны іске қосылды.

Read More

CaspianLife, 17 сәуір — Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінде Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Тельман Сарбаевтың атындағы кафедра ашылды, деп хабарлайды CaspianLife. Оған университет оқытушылары, профессордың туыстары мен шәкірттері қатысты. «Ол кісінің жасаған істерінің барлығы, эксперименттің барлығы аяқсыз қалмайды, оның қорытындысы болады. Сондай дәрежедегі кісі. Еш нәрсеге, басқа нәрсеге ол кісі көңіл бөлмейді. Сол жаңағы жасап жатқан нәрсенің до конца қалай болып шығады, қандай пайдасы бар, соған дейін дәлелдеп шығу керек. Соны үйреткен де бізге Тельман Габитович. Сол Тельман Габитовичтің арқасында болу керек, ғылымның керім қылып ашпадым дегенменен, өзімнің істеген ісімнің барлығы да пайдаға,…

Read More

CaspianLife, 17 сәуір — Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали халықаралық турнирден қола медальмен оралды, деп хабарлайды CaspianLife. Канаданың Ванкувер қаласында WKF каратэден «Karate Series A» санатындағы халықаралық турнир өтті. Аталған турнирге 60-қа жуық елден 700 спортшы қатысты. Оның ішінде алты қазақстандық бар. Облыс намысын қорғаған Ә.Батырғали 75 келі салмақта үздік үштікті еншіледі. Турнирде жиналған ұпайлар рейтингке жоғары көтеріліп, Премьер-лига жарыстарына қатысуына мүмкіндік береді. Байрақты бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 1 күміс, 2 қола медальге қол жеткізді.

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — Атыраулық спортшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Caspian Life. Елордада өтіп жатқан еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионатында жерлесіміз Болат Сақаев барлық қарсыласын қапы қалдырды. 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты 7:4 есебімен ұтты. Ол финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, ирандық Амир Хосейн Кавусифардан басым түсті. Сақаевтың қарсыласы Токио Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған тəжірибелі палуан болатын. Бұл Астанада өтіп жатқан құрлық бəсекесіндегі Қазақстанның 5-ші алтын жүлдесі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегінше, турнирге елімізбен қатар Қытай, Жапония, Үндістан, Моңғолия, Иран, Оңтүстік Корея және тағы да басқа 22 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысуда.

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — Атырау қаласындағы 10 құрылыс компаниясының ғана тұрғындардан үлескер ретінде қаражат тартуға құқығы бар. Яғни құжаттары түгел. Ал өзгелерінің құрылысты бастауға рұқсаты болғанмен, үлескер тартуға құқығы жоқ болса, кейбірі құрылысты бастайтыны туралы жергілікті әкімдікке хабар бермеген, не эскиздік жобасы келісілмеген, деп хабарлайды Caspian Life. Жалпы облыс орталығында 43 тұрғын үй кешені бой көтеріп келеді. Олар бойынша қажетті ақпаратты сәулет-құрылыс басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасынан білуге болады. «Басқарманың фейсбуктегі парақшасында нысандар туралы ақпараттар шығып тұрады. Сондай-ақ, бұл мәліметтерді сәулет және қала құрылысы бөлімінен алуға болады. Себебі, олар — үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беретін мекеме», — деді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс…

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — «Жайық» өзеніндегі су деңгейі соңғы 4-5 күнде 20 сантиметрге көтерілген. Мұны «Казсушар» мекемесінің өкілдері «Казгидрометтің» ақпараттына сүйеніп айтып отыр. Сондықтан су көліктерінің қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау мәселесі күн тәртібінде тұр. Атырау көлік прокуратурасы жауапты орган өкілдерін жинап алып, осы тақырып аясында жиын өткізді, деп хабарлайды Caspian Life. Мамандардың айтуынша, шағын кемелерде жасы 12-ге толмаған бала саны ересектерден көп болмауы керек. Түнгі уақытта өзенде серуен құрғысы келетін кемелердің міндетті түрде жарық шамдары болуы тиіс. Жалпы қазіргі уақытта түнгі мезгілде үлкен моторлы қайықтар Жайық өзенінде тек балық инспекциясының келісімімен ғана жүре алады. Және келісім кәсіпкерлерге ғана беріледі. Ал…

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — «ҚазМұнайГаз» ҰК жаңаөзендік мұнайшылардың талабын орындай алмайды. Бұл туралы арнайы комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Caspian Life. 11 сәуірде Астанада министрлік пен «ҚазМұнайГаз» және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілдері бар арнайы комиссия құрылды. Бүгінге дейін үш отырыс өткізген арнайы комиссияда «ҚазМұнайГаз» жаңаөзендік жұмысшылардың талабын орындай алмайтындарын жеткізді. «БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшыларының басты талабы — «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмысқа тұру еді. Алайда, компания өкілі бұл басқа жұмысшылардың құқығына қайшы келетіндігін айтты. Себебі, қазіргі уақытта АҚ-ға жұмысқа тұру үшін кезекте 9 мыңнан астам адам бар көрінеді. Дегенмен, «ҚазМұнайГаз» «3+2» схемасы қосымша 2 жылға ұзартумен 3 жылға дейін келісімшарттар жасауға дайын. Сондай-ақ,…

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — Атыраулық теннисшілер біріншілікте үздік шықты, деп хабарлайды Caspian Life. Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегінше, пара үстел теннисінен Гүлнар Иманалиева бастаған облыс спортшылары жалпы командалық есепте 9 алтын, 7 күміс, 4 қола жүлдемен бірінші орынға ие болды. Пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында ҚР чемпионаты Павлодар қаласында 7-12 сәуір аралығынды өтті. Додаға 11 облыстан келген 47 спортшы қатысты. Атыраулық 8 спортшы жекелей, жұптық, аралас жұптық сын бойынша шеберлік байқасты. Жекелей сында Жұлдыз Ерубаева, Али Махулбеков, Маханбет Насихан чемпион атанса, Нұрқожа Қадырбек, Айнамкөз Мақсатқызы, Ақселеу Жұмаш күміс жүлде жеңіп алды. Ал, Тоққожа Қадырбек пен Ақмөлдір Тлеукулова үздік…

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — Атырауда төбелескен студенттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Caspian Life. Оқиға 11 сәуір күні Атырау қаласындағы колледж жатақханаларының бірінің жанында болған. Желіде жасөспірімдердің құрдасын бопсалап, телефонын тартып алмақ болған видеосы тарады. Полиция департаментінің дерегінше, сотқар жасөспірімдер видеоны түсірген 16 жастағы баланы соққыға жыққан. Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабының 2 бөлігі («Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған бұзақылық») бойынша тергеу жүргізілуде. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. 17 және 16 жастағы күдіктілер №2 қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

Read More

CaspianLife, 3 сәуір — Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Қайсар Абдалиев «Атырау» ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Caspian Life. Жиын барысында дәрігер мен науқас арасындағы қарым қатынас, тегін дәрі-дәрмек, білікті мамандардың жетіспеушілігі секілді мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, тұрғындар осындағы медициналық қызметтің сапасына шағым айтты. Дегенмен округ тұрғындары үшін ең үлкен проблема отбасылық-дәрігерлік амбулатория ғимаратының тарлығы. Басқарма басшысы мұны шешудің жолын қарастырып жатқандығын айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы енді өзге ауылдық округ тұрғындарымен де кездесіп, олардың мәселелерін тыңдамақ.

Read More