CaspianLife, 18 наурыз — Тасқала халқының мазасын қашырған ауыл іргесіндегі карьердегі жұмыс уақытша тоқтады. Анығырақ айтқанда, карьерді заңды иесінен жалға алған кәсіпкердің қазу жұмыстарын жүргізуге лицензиясы жоқ боп шықты. Яғни, кәсіпкер карьерді заңсыз қазған, деп хабарлайды CaspianLife. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының айтуынша, 17 сәуірден бастап карьердегі жұмыс тоқтаған. Бірақ, карьердің мүлде жабылатыны немесе жұмысын әрі қарай жалғастыратыны белгісіз. Өйткені, оның заңды иесінің құжаты түгел. Ал одан жалға алып отырған кәсіпкер әкімдікке құжатын толық тапсырмаған көрінеді. «Алған кәсіпкер басқа кәсіпкерге жалға берген. Сол құжатты біз тексеріп, алған адам бізге барлық құжаттарын әкеліп тіркелу керек. Ол кісі құжатын…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 18 сәуір — Мемлекеттік орган өкілдері Исатай-Махамбет атындағы алаңды жайлап алған аттракцион иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рейд өткізді, деп хабарлайды CaspianLife. Өйткені қала тұрғындары өздерінің қоғамдық орында емін-еркін жүре алмайтындықтарын айтып, жергілікті әкімдікке арыз жазған көрінеді. Олар ойын машиналары мен велосипедтерді жалға беретін кәсіпкерлердің заңды жұмыс істеп отырғанына күмән келтіреді және оқыс оқиға бола қалса, жауап беретін адамның табыларына да сенбейді. Көптің осы шағымын негізге алған әкімдік қызметкерлері саудагерлермен тілдесті. «Бізді анда қуады, мында қуады, шығуға болмайы дейді, қайда барамыз енді басқа, нан табатын жеріміз осы жер. Бізге заңды ретінде алып беретін болса, соны енді әділдікпен алып берсе…
CaspianLife, 18 сәуір — WorldSkills Atyrau-2023 өңірлік чемпионаты басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Дәстүрлі жарыс биыл 8-інші рет ұйымдастырылуда. Оған қала мен аудан колледждерінен келген 130-дан астам студент қатысып жатыр. Олар 5 күн бойы 40-қа жуық мамандық бойынша өз біліктіліктерін сынайды. «Мен өте сенімдімін. Қазіргі уақытта бірінші курс студентімін. Аз оқысам да, өзімнің жоғары деңгейде өзімді көрсете алатыныма сенімдімін» — деді Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінің студенті Ұлпан Тілеміс. «Өзімнің бағымды сынайын деп WorldSkills-ке қатысып, өзіме тәжірибе алайын деп келдім. Біз ауданнан 9 студент болып келіп тұрмыз. Мен өзімнің мамандығымды алып шыға алатыныма сенімдімін» — деді Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің студенті Шәмші Досым.…
CaspianLife, 19 наурыз — Ғалымдар бекіре тұқымдастардың қозғалысын бақылауда ұстамақ. Бұл үшін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары кәрі құрлықтан акустикалық жабдық алдыртыпты, деп хабарлайды CaspianLife. Арнайы құрылғы негізгі екі бөлшектен тұрады. Бірі балықтың денесіне орнатылатын чип. Екіншісі сингал таратқыш арнайы станция. Ол судың астында ғана жұмыс істейді. Ихтиологтар соның көмегімен балықтың жүру жолы, жылдамдығы туралы және өзге де ақпаратты жинақтайды. Атырауға Германиядан арнайы келген маман осы құрылғыны пайдалану тәртібін жергілікті ғалымдарға үйретті. «Біз қолданғалы отырған акустикалық трекинг бақылауды белсенді түрде жүргізу үшін ыңғайлы. Яғни бірнеше сағат немесе бірнеше күн бойы жасалатын зерттеу жұмысына лайықталған. Балыққа чипті орнатқан соң оның артынан…
CaspianLife, 18 наурыз — «Жайық» өзенінің деңгейі 4 жарым метрге дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды CaspianLife. Қазіргі кезде «Жайық» өзенінің Атырау қаласы аумағындағы бөлігінің деңгейі 2,3 метрге дейін көтерілген. Ал Индер ауданы тұсындағы көрсеткіш 3,6 метр болса, Махамбет ауданы маңында 4 метр. «Жайық-Атырау» гидробекетіндегі су деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 32 сантиметрге артты. Жалпы өзендегі судың деңгейі тәулігіне 1-4 сантиметрге көтеріліп тұр», — дейді «Казгидромет» мекемесінің Атыраудағы мамандары. РФ аумағында орналасқан «Иреклі» су қоймасынан секундына 15 текше метр су жіберілуде. «Ресейлік әріптестеріміздің ақпаратына сүйенсек, биыл Жайық өзенінің деңгейі 4 жарым, ал су ең көп келді деген күнде 5 жарым метрге дейін…
CaspianLife, 18 наурыз — Атыраулық бишілер Түркістан қаласында өткен халықаралық Turkestan Fest көпжанрлы өнер байқауында топ жарып, биіктен көрінді, деп хабарлайды CaspianLife. Томарлық ауылдық мәдениет үйінің «Гүлдер» тобы 4 би билеп, қазылар алқасынан жоғары баға алыпты. 13 қыздан құралған ортаңғы топ бишілері мен жетекшіні олардың Атыраудағы жанашырлары, бишілердің ата-аналары күтіп алды. «Бас жүлдені үнді халқының биімен, бірінші орын орыс халқы биімен, үшінші орын гимнастика және қазақ биімен алдық. Енді жас ерекшелігі 9-13 жас аралығы.» — деді «Гүлдер» би тобының жетекшісі Гүлжайна Сағынғалиқызы. «Өзіміз мақсат қойдық алдымызға бас жүлдені алып келеміз деп. Бас жүлдені алып келе жатырмыз. Жарыс жақсы өтті. Өзімнің…
CaspianLife, 17 сәуір — Атырау облыстық тексеру комиссиясы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына, қалалық ТҮКШ және құрылыс бөліміне, сондай-ақ «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не аудит жүргізіп, жалпы сомасы 3,5 миллиард теңге болатын заң бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 2,4 миллиард қаржылық бұзушылық болса, 1 млрд. теңгеден астам ақша тиімсіз жоспарланған, деп хабаралайды CaspianLife. Ал орынсыз пайдаланған ақшаның көлемі 92 миллион теңгеден асады. Аудит нәтижесінде Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ-ның жабдықтардың тозуы себепті былтыр жұмысын 8 рет тоқтағандығы да белгілі болды. Ал автономды жылу қазандығы бар 339 объекті өткен жылы әзірлік паспортын алу үшін тиісті орынға құжат тапсырмапты. Бір ғана…
CaspianLife, 17 сәуір — Атырауда 19-21 сәуір аралығында ыссы су беру тоқтатылады, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл күндері магистральды және жылуды тарату желілеріне гидравликалық сынақ жасалып, олардың беріктігі тексеріледі. Осыған орай «Атырау жылу жүйелері» АҚ басшылығы тұрғындарға жылу құбырларынан 10 метрдей қашық жүру керектігін ескертеді.
CaspianLife, 17 сәуір — 15 cәуір — қазақстандықтарға тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстарға қатысуға пәрмен берілген күн. Осыған орай құрманғазылықтар «Боздақтар» обелискісіне гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды CaspianLife. Одан әрі Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Отан қорғаған оғландар» атты салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев тәжік-ауған әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. «Ана жүрегі » төсбелгісін марқұм Ербол Сахиевтің анасы Зинат Сахиеваның өңіріне қадады. Ал «тәжік-ауған ұрыс қимылдарына қатысқандардың қоғамдық бірлестіктігінің » медалімен Әнуарбек Өтепов, «Ер есімі-ел есінде» төсбелгісімен Руслан Каппазов, «Алаш…
CaspianLife, 17 сәуір — Атырауда ерекше жандардың арасында «Үміт бер» байқауы өтті, деп хабарлайды CaspianLife. 24 адам вокал, көркем сөз бен қолөнер бағыттары бойынша өнер көрсетті. Және түрлі тақырыпта ән шырқады, поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқып, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысты. Мүмкіндігі шектеулі болса да, мұң айтпай, мойымай келе жатқан олардың қолынан шыққан дүниелерден көрме ұйымдастырылды. «Мен бала кезден сурет саламын. Сурет салу менің хоббиым. Ешқайда оқып, білім алмасамда, ютубтан қараймын, мастеркласстар қарап, өз бетіммен үйрендім. Негізі көбіне пейзаждар саламын. Гуашпен,краскамен, карандашпен салып аламын, содан кейін бояймын. Негізі мұндай жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Тағы да болса екен деймін» — деді…
