CaspianLife, 24 сәуір – Маңғыстау облысында мектепалды даярлық сыныптарына бала қабылдамай жатыр деп хабарлайды сaspianlife.kz. Маңғыстау облысында мектептерде орын тапшы. Биыл ата-аналар мектеп алды даярлық сыныптарына балаларын қабылдата алмай жүр. Солардың бірі – Ақерке Оразова. Келіншек бірнеше мектепке барып, педагогтардан «орын жоқ» деген жауап естідім деп мұңаяды.Ақтау мектептерінде орынның жетіспеуі себепті биыл кейбір білім беру ұйымдарының басшылары мектепалды даярлық сыныбына бала қабылдамаймыз деп отыр. Мамандар мұны өңірдегі демографиялық өсіммен байланыстырады. Баланың көптігі соншалық биыл мұндағы әр мектепте 20 бастауыш сынып ашылмақ. Облыстағы үш мектеп құрылысының тұрып қалуы да «жығылған үстіне жұдырық» болып тұр. Олар уақытында пайдалануға берілсе, тағы 3 жарым…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 24 сәуір – Биыл Атырау мен маңғыстаулық түлектерге 3 мың грант бөлінеді деп хабарлайды сaspianlife.kz Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде мектеп бітіруші түлектерге арналған жәрмеңке өтті. Мұнда еліміздің 42 ЖОО өкілдері қатысып, білім алушыларға ақпарат берді. Былтыр Маңғыстау және Атырау өңірінің оқушыларына 10 мың грант бөлінсе, Атырауда оның 800-дейі ғана игеріліпті. Оның себебі, мақсатты грант туралы ақпараттың дұрыс таратылмауы дейді мамандар. Сондықтан, биыл бұл қателікке жол бермес үшін осындай шара ұйымдастырылып отыр.Жәрмеңкеге университет өкілдерінен бөлек, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі мен Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қатысты. Вице-министрдің сөзінше, биыл бөлінетін мақсатты грант саны бірнеше есе азайған. «Биыл батыс…
CaspianLife, 24 сәуір – Мамандар Атырау облысында мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген жерден сынама алуға кірісті деп хабарлайды сaspianlife.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап. Бүгін әлеуметтік желілерде Махамбет ауданында мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген жер табылған. Видео авторының айтуынша, Махамбет ауданындағы Сары, Өскенбай деген жердің маңында мұнай өздігінен шығып жатыр. Бұл төрт түлікке қауіп төндіруі мүмкін. Атырау облысының бас экологына, экология жанашырларына құлаққағыс еткен видео авторы шара қабылдауды сұраған еді. Облыс Әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің ҚазАқпарат тілшісіне берген ақпаратына сүйенсек, төгілген сұйықтық жайында облыстық табиғи ресурстар басқармасы мен экология департаментіне хабар берілген.Бір топ маман шопан көрсеткен жерге аттанған көрінеді. Олар далаға не төгілгенін…
CaspianLife, 24 сәуір – Ақтөбеде екі әйел көпқабатты үйден құлап кетті. Оқиға қаладағы «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінде болған деп хабарлайды сaspianlife.kz. Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Полицияның хабарлауынша, 24 сәуір сағат 01:48 шамасында жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады. Әйелдің бірі 31, екіншісі 56 жаста екені бегілі болды. ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
CaspianLife, 24 сәуір – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы сапар орталығының құрылысымен танысты деп хабарлайды сaspianlife.kz. «Сарайшық» тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағында жақында туристер мен келушілердің жайлы қоныстануына арналған кешен ашылады. Мәдени нысанда экспозициялық көрме залдары, қор қоймасы, конференц-зал, сондай-ақ зертханалық және реставрациялық бөлмелер, электронды деректер базасы бар кітапхана болады. Орталықта дәріс өткізуге арналған алаңдар, ашық аспан астындағы музей және этноауыл да орналасқан деп хабарлады өңірлік коммуникациялық қызметі. — Қазақстанда еліміздің өткенінен сыр шертетін киелі де тарихи орындар көп. Оларға біздің отандастарымыз ғана емес, шетелдік туристер де үлкен қызығушылық танытуда. Алайда, көбінесе бұл тарихи…
CaspianLife, 24 сәуір – Мұқыр ауылындағы орталық саябақты күрделі жөндеу жұмыстары басталды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұқыр ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсиевтің айтуынша, жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат 101 миллион теңгеге жуықтайды. Бұл жұмысқа «Жайық Сити» ЖШС жауапты. «Саябақ ішінде демалыс орындары, мерекелік шаралар өтуге арналған сахна, Ұлы Отан соғысынынан оралмаған жауынгерлерге арналған обелиск және ҰОС-на қатынасқан ардагерлердің тізім тақтасы, балалар ойын алаңы жасақталып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмысы келесі жылдың соңында аяқталады. Жалпы саябақтың ауыл тұрғындары мен жастардың кешкі уақытта демалуына, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға, шағын мерекелік шаралар өткізуге пайдасы зор»,- деді округ әкімі Азамат Жақсиев. Қазіргі уақытта Қызылқоға ауданының…
CaspianLife, 24 сәуір – ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Атыраудағы әлеуметтік нысандарды аралады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Өңірлік коммуникациялар қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында онкологиялық диспансерде, ауылдық мектептерде болып, кадрларды қайта даярлау барысымен танысып, Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесті. Өңірде денсаулық сақтау мәселесі әлі де өзекті. Кадр тапшылығы, жабдықтардың ескіруі немесе болмауы – медициналық қызметтің сапасына тікелей әсер ететін факторлар. Дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп, медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін кешенді шешімдер қажет.Алтай Көлгінов апатты жағдайда тұрған облыстық онкологиялық диспансерде болды. Медициналық мекеме пациенттерді қабылдауды жалғастыруда, бірақ мүмкіндігі шектеулі.Нақтырақ айтқанда, жабдықтардың бір бөлігі ескірген, ал қалғандары ми ісіктерін, әйелдердің…
CaspianLife, 20 наурыз — Биыл әкімдік Атырау облысындағы 2500-ге жуық кәсіпкердің жобасын қаржыландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл үшін қазынадан қарастырылған қаржының көлемі – 10,5 миллиард теңге. Өткен жылы өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бюджеттен 8 миллиард теңге бөлініпті. Оның 6 миллиарды несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға жұмсалса, несиені кепілдендіруге 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Ал қалған 106 миллион теңге кәсіпкерлерге грант ретінде берілген. Атырау облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтың сөзінше, өңірдегі кіші және орта бизнесті қолдауға арналған жұмыс нәтижелі. Фото: Baq.kz
CaspianLife, 20 наурыз — Жуықта сұйытылған газ бағасының қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды CaspianLife. ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев осылай деді. Өйткені соңғы кездері елімізде газбен жүретін көлік саны көбейіп барады, ал оны өндіру көлемі төмен. «Қазір жүргізушілердің жанар-жағар май, дизельден бас тартып, сұйытылған отынға көшіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл нарықты біз жыл сайын ТШО компаниясының көмегімен және экспортқа жіберілуі тиіс сұйытылған отынды өзімізге алып қалу арқылы жауып отырған едік. Бұрын сұраныс аз болатын, қазір артып бара жатыр» — деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев. Министрдің сөзінше Қазақстанда газдың бір литрінің өзіндік құны 70 теңгеден сәл асады. Яғни компаниялар өздері шығынға…
CaspianLife, 20 сәуір — Атыраудағы №42-ші орта мектепте «Қадыр оқулары» өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Облыстық деңгейдегі дәстүрлі конкурс осымен бесінші рет ұйымдастырылып, оған 35 оқушы қатысты. Байқаудың бірінші кезеңінде балалардың ақынның шығармаларын қаншалықты білетіндіктері сыналды. Одан кейінгі турда қатысушылар Қадыр Мырзаәлінің сөзіне жазылған әндерді орындаса, үшінші кезеңде ақынға арнаған өз өлеңдерін оқыды. Байқауға қатысқандардың бірі – қаладағы №16мектептің 7 сынып оқушысы Әли Темірхан. «Өнерге жақын болуыма әжем ықпал етті. Балабақшада жүргенде-ақ түрлі конкурсқа қатысуыма, дайындалуыма көмектесетін», — дейді өзі. Талантты жас болашақта актер әрі әнші болғысы келеді. «Мен бүгін Нұрғиса Тілендиевтың «Өз елім» атты әнді айттым. Және Әсет Әлиеевтың «Туғанжер»әнін.…
