Life, 27 сәуір – «Бомба қойылған». Бүгін полицейлерге Атырау агро-техникалық колледжінен хабарласқандар оқу орнының электронды поштасына осындай мазмұндағы хат келгенін айтып, көмек сұрады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Хабарлама түскеннен кейін студенттер бірден қауіпсіз жерге шығарылған. Алайда, тәртіп сақшылары колледждің қуыс-қалтарысына дейін тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппады. Қаладағы оқу орындарына бомбаның қойылғандығы туралы ақпарат осымен үшінші рет тарап тұр. Бұған дейін Апек петротехникал колледжі мен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде де дәл осындай дүрбелең болған еді. Қазір полицейлер күдіктілерді іздестіріп жатыр. Тапқан жағдайда ол қылмыстық жауапкершілік тартылады. «Егер де жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келетін болса ҚР ҚК 173 бабымен 14 жастан бастап…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 27 сәуір – Мақаттағы өзекті мәселелерді шешу үшін 23 миллиард теңге керек деп хабарлайды сaspianlife.kz. «Аманат» партиясы өңірлік қоғамдық кеңесінің осы жолғы отырысында Мақат ауданы үшін өзекті саналатын екі тақырып талқыға түсті. Бірі – аумағы 164 гектарды алып жатқан тұзды жерді көму мәселесі. Және апатты, ескі үйлерді не істейміз деген сұрақ. Жергілікті әкімдік Мақат пен Доссордағы сорды мүлде жоқ қылу үшін құны 11 миллиард теңге болатын жоба дайындаған көрінеді. Зерттеу де жүргізген. Биыл осы жұмысты бастай берсек деп облыстық әкімдіктен 500 миллион сұратыпты. «11 миллиард теңге бюджетке өте ауыр екені белгілі. Біз алғашында 500 миллион теңге қарастырып, сол ақшаға жұмысты…
CaspianLife, 27 сәуір – Құрманғазы ауданында балық қабылдайтын жаңа цех іске қосылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. «Байда» ауылдық округіндегі «Перевалочный» учаскесінде орналасқан нысан «Каспий-Балық» өндірістік кооперативіне тиесілі. Жобаның жүзеге асуы үшін әзірбайжандық «Нұрсейіт-Сахиб» компаниясы да инвестиция салыпты. Бірлескен жобаның құны — 500 млн.теңге. Ашылғанына айға жуық уақыт өтсе де, мұнда 250 млн теңгенің жұмысы атқарылған. Цехтың ауданы 2500 шаршы метр. Күніне 30 тонна балық қабылдап, жылына 1500 тонна өнім өңдей алады. Цехтағы балық қатыратын 5 камераның әрқайсысының сыйымдылығы 15 тонна. 400 тонна су маржанын сақтайтын арнайы орын және бар. Қазір мұнда ауылдың 30 тұрғыны жұмыс істеп жүр. «Балық өңделген соң ғана экспортқа…
CaspianLife, 26 сәуір – Атырау қаласындағы жаяу жүргіншілер көпірінен 2000 жылы туған азамат секіріп кетті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, көпірден секіруге оқталып тұрған адам туралы хабарлама 26 сәуір сағат 15:50 де түскен. Құтқарушылар көпірге жетем дегенше азамат өзенге секіріп үлгерген. Полиция қызметкерлері суға секірген бойжеткенді құтқарушылар келгенге дейін су бетінде ұстап тұрған. Құтқарушылар жүзу құралы арқылы полиция қызметкерін және құтқарылған бойжеткенді жағаға жеткізді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 қызметкер, 1 техника , «Апаттар медицина орталығы» ММ 3 қызметкер, 1 техника, ПД 5 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.
CaspianLife, 26 сәуір – Биыл ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына кем дегенде 1,5 миллион теңге беріледі деп хабарлайды сaspianlife.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 240 жуық ардагер тұрып жатыр. Оларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілмек. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша ардагерлерге 1,5 миллион теңгеден кем емес қаржы беріледі деп жоспарланып отыр. Фото tengrinews.kz сайтынан
CaspianLife, 26 сәуір — Жылыойда ауданның 95 жылдығына, халықаралық би күніне және ҚР Халық әртісі Талпақова Гүлжан Талпақованың 75 жылдық мерейтойына орай «Би өрнектері» атты облыстық би байқауы өтті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оған 12 би ансамблі қатысты. Би жарысы «дәстүрлі сюжеттік қазақ биі» және «заманауи үлгідегі қазақ биі немесе әлемдік ұлттар биі» атты ІІ кезеңнен тұрды. «Бүгін бәрі де жақсы өнер көрсетті, керемет қойылым болды. Біздеге би өнерінің деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Оған жергілікті және басқа жақтардан арнайы шақырылатын хореографтар да зор ықпал етіп отыр деп айтуға болад»,- деді ҚР халық әртісі Гүлжан Талпақова. Байқау қорытындысы бойынша Жылыой ауданының…
CaspianLife, 26 сәуір — Атырау университеті мен қаладағы колледждердің бірінде күдік тудырған сөмке бар деген хабарлама шындыққа жанаспайды деп хабарлайды сaspianlife.kz Мұндай ақпаратты Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі жариялады. Университет пен колледждегі адамдарды эвакуациялап, тексеру жүргізген полицейлер күдік тудыратын затты таппаған. Қазіргі кезде түскен хабарламаға байланысты тергеу басталып кетті.Айта кетейік, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.
CaspianLife, 26 сәуір — Махамбет ауылындағы «Мерей» ықшам ауданы мен Жалғансай ауылындағы «Жаңа» мөлтек ауданында электр желісі мен көше жарығын жүргізу жұмыстары басталды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиевтің айтуынша, жобаның құны 3,5 млрд тг. Бұл жұмысқа «Гранд Мастер» ЖШС жауап береді. Мекеме бұл жобаны 8 айдың ішінде аяқтауы тиіс. Жоба бойынша жаңа қосалқы станция құрылысы, жоғарғы кернеулі 110 кВт қуат алатын электр желісі және 10 кВт қуат беретін желісі қамтылған. Аталған желінің жалпы ұзындығы 137,5 шақырым болса, оның ішінде Жалғансай бойынша 11,5 шақырым, Мерей мөлтек…
CaspianLife, 26 сәуір — Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 150 орындық оңалту орталығы салынады деп хабарлайды сaspianlife.kz. өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Мұндай жаңалықты Атырауға іс сапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты. Вице-министр облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтермен танысып, арнаулы орталықтарды аралады. «Елімізде мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталықтарын салу қолға алынды. Соның бірі Атырау облысында бой көтермек. Бұдан бөлек, биылдан бастап инватакси қызметі Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін техникалық оңалту құралдарының паркі ашылады. Оңалту техникалық құралдары парктерін құру, оңалту құралдарының заманауи, қымбат түрлеріне…
CaspianLife, 25 сәуір – Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында прокурор сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Ulysmedia.kz. cайтына сілтеме жасап. Прокурор Азамат Сәрсембаев соттан Гүлмира Сатыбалдыны Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі ,28-бабының 3-бөлігі және 125-бабының 2-бөлігінің 1 және 8-тармақтары бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тануын сұрады. «Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі бойынша – мүлкін тәркілеусіз 6 жыл, ҚК 28-бабының 3-бөлігі бойынша – 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жеңілдетілген жазаны неғұрлым ауыр жазамен сіңіре отырып, Сатыбалдыны мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», — деп қорытындылады прокурор. 14 наурызда…
