CaspianLife, 26 сәуір – Атырау қаласындағы жаяу жүргіншілер көпірінен 2000 жылы туған азамат секіріп кетті деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, көпірден секіруге оқталып тұрған адам туралы хабарлама 26 сәуір сағат 15:50 де түскен. Құтқарушылар көпірге жетем дегенше азамат өзенге секіріп үлгерген. Полиция қызметкерлері суға секірген бойжеткенді құтқарушылар келгенге дейін су бетінде ұстап тұрған. Құтқарушылар жүзу құралы арқылы полиция қызметкерін және құтқарылған бойжеткенді жағаға жеткізді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 қызметкер, 1 техника , «Апаттар медицина орталығы» ММ 3 қызметкер, 1 техника, ПД 5 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.