Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 мамыр – Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай велоспорттан Sulotournament атты қалалық біріншілік ұйымдастырылды, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оған балалар және жасөспірімдер спорттық мектептерінің тәрбиеленушілері мен әуесқой 50 велосипедші қатысты. Біріншілікте ерлер мен әйелдер 8, 10 және 15 шақырымдық қашықтықта бәсекеге түсті. Мұндай біріншілік Атырауда екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы қала күніне арналған еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша шеру алдағы уақытта да жалғасын таппақ.  

Read More

CaspianLife, 1 мамыр – Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын жаңғыртудың бірінші кезеңі басталды, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 600 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға электростансадағы ескі құрылғыларды жаңартып, тұшыту қондырғысына жаңа сорғы алу көзделген. Әкімдік энергокомбинатты толықтай модернизациядан өткізу үшін республикалық бюджеттен тағы 4 млрд 900 млн теңге сұрап отыр. Бұл ұсынысты Қаржы министрлігіндегілер қарап жатыр. Қазір өңір әкімдігі осы модернизация жасайтын мердігерді анықтауға кірісіп кетті. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін зауыт тәулігіне 24 мың текше метр су тазартатын болады. Құрылыс жұмыстарын комбинат та қаржыландырады. Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Ақтау қаласын электр энергиясы, жылу, ауыз су және…

Read More

CaspianLife, 28 сәуір – Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған күдіктілерді анықтады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысы ПД-не қарасты Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 22 сәуір күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 ж.т. және 1991 ж.т. аудан тұрғындарының басқаруындағы қайықты тексеру кезінде 1 203 кг құрайтын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтарын тәркіледі. Факт бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Read More

CaspianLife, 28 сәуір — Атырауда садақ атудан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife. «Алтын Орда» деп аталған сайысқа 12 елден келген 150-ден астам садақшы қатысып, 3 тур бойынша мықтылықтарын көрсетті. «Осындай турнирлер арқылы халықтың садақ атуға деген қызығушылығын арттыруға болады» — дейді ұйымдастырушылар. «Қатысушылар ерлер және әйелдер болып екі категорияда атады. Және 3 түрлі нысанада атады. Бірінші нысана түріктің «Пута» нысанасы 70м ерлер үшін, әйелдер үшін 60 м қашықтықта. «Орта Азия» нысанасы 35 м қашықтықта және финалдық кездесулер 40 м қашықтықта өтеді. Және 30 м қашықтықта «Жамбы» нысанасы, яғни жоғарыдан төмен қарай жіпке ілініп тұрады, қоғалмалы нысана болып табылады» -…

Read More

CaspianLife, 28 сәуір – Атырау қалалық мәслихатының депутаттары «Арнаулы автобаза» мекемесіне барып, жағдайын көрді. Олар әуелі техникаларды қарап шығып, кейін жұмысшылармен тілдесті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Халық қалаулыларының бұл келісіне қоқыс тарифін көтеру төңірегіндегі тайталас себеп болған секілді. Өйткені, олар осы мәселеге қатысты әлі бір шешімге келе алар емес. Мекемені мұқият аралап шыққан олардың кейбірі тарифті үш есеге болмаса да, екі есеге өсіру қажет дегенді айтты.   «Қалай болса да тарифті көтеру керек. Бірақ үш есеге емес әрине. 2 есеге көтерсек болады. Әйтпесе, арнаулы автобаза қарыздарын төлей алмай, мүлде тұралап қалмақ. Атырау халқының бәрі бірдей кедей емес қой, байлар да бар емес…

Read More

CaspianLife, 28 сәуір — Маңғыстауда тағы бір ауыл ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды CaspianLife. Маңғыстау облысының халқы су тапшылығының зардабын жылдан жылға қатты сезініп келеді. Қазір Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылының тұрғындары ауыз сусыз отыр. Олар суды арнайы көлікпен алдыртуға мәжбүр. Ал, оның бағасы тарифтен бірнеше есе қымбат. Тұрғындар ауыз су үшін қазір айына 10 мың теңгеге дейін төлеп отыр, Кейбіреулердің шығыны 40 мың теңгеге дейін жеткен. «Амал жоқ частныйға звондайсын. бұрын 5-6 мың болған қазір минимум 10 мың теңге. Олар бізге өтірік айтасыңдар дейді. Тек жалғыз мен айтпаймын, бүкіл халық айтып отыр су жоқ деп» — деді — деді «Маңғыстау»…

Read More

CaspianLife, 28 сәуір – Алматы облыстық ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Серік Күдебаевқа лауазымын асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды. Бірақ, тергеушілер таққан айыппен сотталушы келіспей, «кінәм жоқ» деді. Серік Күдебаевқа лауазымын асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды. Бірақ, тергеушілер таққан айыппен сотталушы келіспей, «кінәм жоқ» деді.Жалпы Серік Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. 2022 жылдың 18 ақпанында ол  өз еркімен жұмыстан кеткен.   Кейін қаңтар оқиғасына қатысты күдікті деп танылған…

Read More

CaspianLife, 28 сәуір –   Атырау облысы әкімінің үшінші орынбасары боп Құрманғазы ауданының әкімі болған Марат Мурзив тағайындалды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен жұмысына кірісті. Марат Мурзиев  Қазақ гуманитарлық-заң университетін («заңгер» мамандығы), Т. Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін («экономист» мамандығы) бітірген.Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.2004 жылы – Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары-заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметін атқарды.2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді.2010-2011 жылдары — Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің…

Read More

CaspianLife, 27 сәуір – Бүгін сағат 16:00 шамасында Атырау мұнай өңдеу зауытындағы каталитикалық крекинг қондырғасында технологиялық режим бұзылған деп хабарлайды сaspianlife.kz. «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зауыттың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, авариялық жағдайларға жол бермеу мақсатында жанармай газы мәжбүрлі түрде  факелге жіберілді.  Сағат  16:33-те  газды факелге жіберу тоқтатылған. Қазіргі уақытта технологиялық режимнің бұзылуына ненің себеп болғанын анықталып жатыр.

Read More

CaspianLife, 27 сәуір –Каспий теңізіне дизель отыны төгілген деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұндай ақпаратты Маңғыстау облыстық экология департаменті жариялады. Түпқараған ауданы Аташ елді мекені аумағында «Батыс Мұнай Транс» ЖШС жанында тұрған «КАНТА» кемесінен теңізге шамамен 300 литрдей ұзын жолақ дизелдік отын төгілгендігі анықталған. Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бөлімінің мамандары судан сынама алынды. Тұрғындардың айтуынша, жағдай «Батыс Мұнай Транс» ЖШС тиесілі кемеден орын алған.Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары, ауыл әкімі, қоғам белсенділері бар бір топ оқиға болған жерге барып кеткен. Аудандық ішкі істер бөліміне хабарланды.Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 144-4 бабына сәйкес тергеп-тексеру жұмыстары басталып кеткен. Депарменттің берген ақпаратқа сүйенсек, «НКОК» компаниясы…

Read More