CaspianLife, 4 мамыр – «Атырауда масаны улау жұмыстары жалғасып жатыр.», — деп хабарлайды сaspianlife.kz Бұл үшін бюджеттен 50 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта бригадалар халық көп жиналатын жер — саябақтар мен Жайық жағалауын улап жүр. Бұл жұмыстар сәуірде басталған еді. Бұған дейін көпқабатты үйлердің подъездері мен жертөлелелерін дезинфекциялау жұмысы жасалған. Мамандар «өткен жылы қолданылған препаратқа жәндіктердің еті үйреніп кеткендіктен, биыл одан тиімдірегін қолданудамыз» дейді. Препараттарға мемлекеттік сараптама жасалған және адамға, жан-жануарға зияны жоқ. Қазіргі уақытта Вокзал маңы, Лесхоз және Аванград-2 ықшам аудандарының тұрғындары масаның көптігін айтып, шағым түсіріпті. Сондай-ақ, биылдан бастап қала маңындағы елді мекендердегі улау жұмыстарына округ…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 мамыр – «Бүгін қазақстандықтар «Еркін ел ұрпағы» атты тақырыпта жалпыұлттық диктант жазды», — деп хабарлайды сaspianlife.kz Қатысушыларға 144 сөзден тұратын ел тәуелсіздігі туралы мәтін оқылды. «Іс-шараның мақсаты -тұрғындарды патриоттыққа тәрбиелеп, сауаттылықты арттыра түсу» дейді ұйымдастырушылар. Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінен бұл іс-шараға 150-ге жуық студент қатысты.
CaspianLife, 4 мамыр – «Тілшілер мен белсенділер Жайық өзенінің оң жағалауында салынып жатқан кәріз суын тазарту кешенінің құрылысы мен «Квадрат» булану алаңын қалыпқа келтіру жұмыстарын көріп қайтты», — деп хабарлайды сaspianlife.kz Пресс-турды қала әкімдігі ұйымдастарды. Кәріз суын тазарту кешенінің құрылысы 2021 жылы басталған. Бірақ құрылыс материалдарының 30-40 пайызға қымбаттауына байланысты жобаға түзету енгізілуде. Соған қарамастан шаһар басшылығы жұмысты тоқтатпауды жөн көріпті. Қазір мұнда жерді тегістеу, бетон төсеу сынды жұмыс жасалып жатыр. Ал «Квадрат» сарқынды судың булану алаңында қазір қалыпқа келтіру, тазарту жұмыстары жасалуда. Бұл жерге лас су 50 жылдан астам уақыт бойы төгілген.Кәріз суын тазарту кешенінің құрылысына шамамен 18 миллирд,…
CaspianLife, 4 мамыр – «Маңғыстаудағы «Каспий» су тұшыту зауытын жаңғырту үшін аймақ басшылығы 6 миллиард теңгеге жуық қаражат сұрап отыр», — деп хабарлайды сaspianlife.kz Теңіз суын тұшыту көлемін тәулігіне 20 мыңнан 40 мың текше метрге дейін жеткізу жұмысы 2017 жылы басталған еді. Аймақта ауыз су мәселесі жыл өткен сайын күрделеніп барады. 200 000 халқы бар Мұнайлы ауданына қазір тәулігіне 10-13 000 текше метр су беріліп отыр. Бұл – өте аз. Ал жазда тіршілік нәріне деген қажеттіліктің және арта түсетіні белгілі. Суды өндіру кешенін кеңейту жобасының уақытында аяқталмауына – ресейлік зауыттың келісім-шартты бұзуы себеп. Өйткені көрші елдегі геосаяси жағдай және санкцияның әсерінен…
CaspianLife, 4 мамыр – «1 шілдеден бастап елде темекі өнімдері қымбаттауы мүмкін», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қаржы министрлігінің бұйрығына енгізілетін өзгертулерден белгілі болды. Яғни оның құнын 650 теңгеден 710 теңгеге дейін өсіру жоспарланып отыр.Ал 2024 жылдан бастап баға тағы 60 теңгеге көтеріліп, 770 теңге болады. Жоба 19 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылған.
CaspianLife, 4 мамыр – Нұрсая ықшам ауданы №106 үйдегі пәтерлердің бірінде қою қара түтін шықты, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Төтеншеліктердің сөзінше, жану аумағы үлкен емес. Түскі сағат 2 шамасында 4х7ш.м болатын қонақ бөлмесінде көрпенің бықсып жануы болған. Зардап шеккендер жоқ.
CaspianLife, 3 мамыр – «Атырауда самбо күресінен ҚР еңбек сіңген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті»,- деп хабарлайды сaspianlife.kz Жарысқа 15-16 жастағы 150 жасөспірім қатысты.Турнир биыл 6-шы рет ұйымдастырылып, спортшылар Армения, Белоруссия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Грузия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолиядан келді. Самбо федерациясы басшыларының сөзінше мұндай жарыс осы уақытқа дейін тек ересектер арасында өткізілген.Турнирде жақсы нәтиже көрсеткен самбошылар Өзбекстан астанасы Ташкентте 2025 жылы өтетін Азия ойындарына қатысады. Жалпы қазіргі кезде Атырау облысында 1500 адам самбо күресімен айналысып жүр.
CaspianLife, 3 мамыр – «Биыл ауыл шаруашылық мақсатындағы 210 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтарылуы мүмкін»,- деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұны ҚР Ауылшарушалығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлзия Құрманова мәлім етті. Бұған дейін жер учаскесін нысаналы мақсатқа сай игермегендерге 21 нұсқама берілген. Бұдан басқа, ҚР Жер кодексінің талаптарын сақтамағаны және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланатын жер учаскелеріне департаментпен 18 нұсқама табысталыпты. Сондай-ақ, оның айтуынша, аталған тапсырма бойынша күні бүгінде барлығы 56 жер учаскесі қайтарылған. Олардың жалпы көлемі – 17296,20 га. Оның ішінде 40 га жер учаскесі егістік үшін, 16864,95 га жайылымдық үшін және 391,25 га…
CaspianLife, 3 мамыр – «ҚМГ арнайы жұмыс тобы «Өзенмұнайгаздағы» және өзге де мұнай сервис кәсіпорындарының қызметін тексеру жұмысын жалғастырып жатыр», -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Түнгі тексеріс кезінде персоналдың жұмыс орындарында болмауы, түнгі ауысым кезінде еңбек міндеттерін орындамауы, қолдан жасалып, құрастырылған құралдар мен материалдарды, оның ішінде өрт қаупі бар учаскелерде пайдаланған жағдайлар анықталды. Сондай-ақ, табельде жұмыс істеген уақытын асыра көрсеткен фактілер белгілі болған.Талап етілген уақытта жұмыс орнына мүлдем келмеген адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша екі жағдай тіркелді. Бұдан өзгеде бұзушылықтар анықталуда.
CaspianLife, 3 мамыр – «Атырауда 15-16 жастағы жасөспірімдер арасында еркін күрестен халықаралық турнир өтті», -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оған Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Дағыстан, Шешенстаннан және еліміздің облыстарынан келген 300 спортшы қатысты. Олардың арасында әлем, Еуропа және Азия чемпиондары бар. Турнирді ұйымдастырған «Модернстрой» құрылыс компаниясы өкілінің сөзінше халықаралық дәрежедегі доданың Атырауда өткізілуі тегін емес. Өйткені спорттың осы түрі біздің өлкеде айтарлықтай дамымаған. Сондықтан алдағы уақытта дәл осындай турнир бізде жиі өткізілмек.
