CaspianLife, 3 мамыр – «ҚМГ арнайы жұмыс тобы «Өзенмұнайгаздағы» және өзге де мұнай сервис кәсіпорындарының қызметін тексеру жұмысын жалғастырып жатыр», -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Түнгі тексеріс кезінде персоналдың жұмыс орындарында болмауы, түнгі ауысым кезінде еңбек міндеттерін орындамауы, қолдан жасалып, құрастырылған құралдар мен материалдарды, оның ішінде өрт қаупі бар учаскелерде пайдаланған жағдайлар анықталды. Сондай-ақ, табельде жұмыс істеген уақытын асыра көрсеткен фактілер белгілі болған.Талап етілген уақытта жұмыс орнына мүлдем келмеген адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша екі жағдай тіркелді. Бұдан өзгеде бұзушылықтар анықталуда.