CaspianLife, 12 мамыр — «Бағана басымызға түсеме деп қорқамыз». «Самал» ықшам ауданының тұрғындары әр күнін қорқынышпен өткізуге мәжбүр. Оған көшелердің бойындағы құлайын деп тұрған электр бағаналары себеп. Әр жерінен жарылып, үгітіліп-ақ тұр. Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, ықшам ауданға 2016 жылы «Атырау көлік» мекемесі жүздеген электр бағанасын орнатқан. Алайда, арада 4 жыл өткенде олар жарыла бастапты. Әкімдік мердігер мекемені сотқа беріп, нәтижесінде компания 200 бағананы ауыстырған. 2022 жылы тағы 300-ден астам бағана қауіпті деп саналған. Бұл жолы да мердігер сотқа берілгенмен, соттың шешімі әкімдіктің ойындағыдай болмады. Қалалық құрылыс бөлімі мамандарының айтуынша, бюджеттен қаржы бөлінсе, бағаналар биылдан қалмай ауыстырылады. Қазіргі уақытта қаладағы 1400-ден…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 12 мамыр — Қазіргі кезде елімізде сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2500-ден астам құжат бар. Бірақ көпшілігі көнерген, бүгінгі күннің стандартына сай келмейді. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны бір ізге түсіріп, Үкіметке қала құрылысы кодексін әзірлеуді тапсырған еді. Және әр қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілері көрсетілген интерактивті карта жасауды тапсырған. Жуықта Атырауға арнайы келген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері жергілікті әкімдік, құрылыс компанияларының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Caspian Life. Caspian News арнасының дерегінше, жобада құрылыс кезінде сейсмикалық талаптардың сақталуына баса мән берілген. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің 60 пайызы сейсмикалық қауіпті деп есептеледі. Олардың арасында…
CaspianLife, 11 мамыр — Атырауда 19 жасар жігітті пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Caspian Life «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Оқиға мамырдың 7-нен 8-не қараған түнде Индер ауданы Жарсуат ауылының маңында болған. Аудан жастары табиғат аясына демалуға шыққан кезде, өзара келіспеушілік туындап, арты жанжалға ұласқан. Ақыр соңында Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды. Қазіргі уақытта полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізуде. Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны күдікті ретінде қамауға алынды. Фото: time.kz
CaspianLife, 11 мамыр — Ақтауда көпқабатты үйдің маңдайшасы тұрғындардың үстіне құлады, деп хабарлайды Caspian Life. Ақтауда 9 шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір адам мерт болды. Зардап шеккен тағы екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасын жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында полицейлер жұмыс жасап жатқандығын жеткізді.
CaspianLife, 11 мамыр — Алмагүл ықшам ауданында қоқысты ақшаға айырбастайтын экобекет ашылды, деп хабарлайды Caspian Life. Мақсат — қала тұрғындарын тұрмыстық қалдықты сұрыптауға ынталандыру» дейді ұйымдастырушылар. Атыраулықтар бекетке қағаз, әйнек, металл және пластмасса қалдықтарын тапсыра алады. Бағасы салмағына байланысты. Экобекетке жиналған қоқыс қайта сұрыптау мақсатында тиісті орындарға жіберіледі. «Шаңырақ» еріктілер тобының бастауымен ашылған экобекет еріктілері өздеріне түскен қаржының 10 пайызын қайрымдылыққа жібереді. «Пилоттық жобаны тұрғындар қолдаса, болашақта тағы 15 нүктесін ашамыз» дейді ұйымдастырушылар.
CaspianLife, 11 мамыр — Атыраулықтар қоғамдық көлік жұмысының жақсарғанын қалайды. Тұрғындардың осы мәселеге байланысты шағымдарын тыңдау үшін облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері қоғамдық көліктерді тексеріп, жолаушылармен тілдесті, деп хабарлайды Caspian Life. «Мәселе өзекті. Автобустың балаларды басып кетуі мүмкін! Көзі дұрыс көрмейтін адам да автобустың келіп қалғанын байқамауы ғажап емес! Сондықтан, бір шешім қабылдау керек. Тұрғындар бұл жерден қандай бағыттағы автобустардың жүретінін білуі қажет емес пе?!», — деді Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Балжан Досмұхамбетова. Арнайы жолақтарды салу жұмысына қалалық ТҮКШ бөлімі жауапты. Осы орайда атыраулықтарды автобус жүргізушілері мен жолсеріктердің дөрекелігі, көліктердің тазалығы мен аялдамалардың жағдайы да алаңдатынын айта кетейік. «Смарт Атырау»…
CaspianLife, 11 мамыр — Атырауда журналистің көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды Caspian Life. Полиция департаментінің дерегінше, оқиға бүгін сағат 04:21-де шамасында болған. Сол уақытта автопатрульдік экипаж Наурызалиев көшесінде өртеніп жатқан Lexus RX-300 машинасын байқаған. Журналист Виктор Сутягин көлігін бейнебақылау камерасы арқылы күдікті адамды байқағандығын айтады. «Сағат түнгі 12-лер шамасында шыққанымда ештеңе болған жоқ. Көршінің бейнебақылау камерасынан қарағанымда, сағат 02:24-те бейтаныс біреу көліктің капотына бір нәрсе жасапты. Сол мезетте жарылыс болған. Өзі де зардап шеккен шығар. Басқа ешкімге зиян келмеді. Көршілер көліктерін алып үлгерген», — дейді журналист. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ дейді полицейлер. Қазіргі…
CaspianLife, 10 мамыр — Құлсары қаласындағы Атырау ықшам ауданының барлық көшелеріне жыл соңына дейін асфальт жол салынады, деп хабарлады Caspian Life. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, жол салу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталған. Бірақ, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға түзетулер енгізіліпті. Сол жоба бойынша құрылыс мамырда басталмақ, дейді аудан әкімдігі. Аталған ықшам ауданның 24 көшесіне 22,1 шақырым жол және тротуар салынатын болады. Бұл жұмыстарды «АтырауИнжСтрой-АИС» мекемесі жасауда. Жоба құны 7,2 мрлд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. «Қазіргі таңда 22 көшенің жері толықтай тегістеліп, құм қиыршық тас, қиыршық тас жабындылары және бір көшеге асфальт…
CaspianLife, 10 мамыр — Атырау және Маңғыстау облыстарының колледждері аттестаттаудан жақсы көрсеткіш көрсетті, деп хабарлайды Caspian Life. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің дерегінше, мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезеңінде 219 колледж 624 мамандық бойынша 780 біліктілік лицензияларын қайтарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік колледж жабылды. «Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздегі 519 колледжде мемлекеттік аттестаттау өтті. Аттестаттау нәтижесі бойынша Алматы, Астана қалаласы, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ұлытау, Абай облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жақсы көрсеткіштер байқалады», — делінген министрліктің сайтында. Ал, 300-ден астам колледж тиісті нәтижені көрсете алмады. Олардың басым көпшілігі Шымкент қаласы…
CaspianLife, 10 мамыр — 30 жастағы атыраулық азамат есірткі тасымалдаумен айналысқан, деп хабарлайды Caspian Life ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция департаментінің Есіркткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары қалада есірткі тасымалдап жүрген азаматты ұстаған. Күдіктіден сол кезде полиэтилен пакетке оралған 4 дана синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ пен тапаншаны тәркіледі. Кейін үйін тексеру барысында дәл сондай ұнтақ пен есірткі тектес өсімдікті тапқан. Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберлді. Ал, күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу де басталған.
